Жалау
Жалау, йалау – түркі халықтарының өз әскерін жау әскерінен ажырату үшін жауынгерлердің найзасына, дулығасына матадан қиып таққан арнайы белгісі.Найзаға, дулығаға жалау таққан жауынгерлер шығыс миниатюраларында жиі кездеседі. Бұл дәстүр кейіннен түркілерден орыстарға, онан әрі Еуропаға ауысып, «ялов», «яловец», «еловец» деп аталған. Еуропалықтар жалауды жетілдіріп, әскер түрін ажырататын түсті жиекке (погондағы, жеңдегі түсті жапсырма) айналдырып, осы күнге жеткізді. Қазақ тілінде «жалаулы найза» сөзі жорықтың, соғыстың рэмізі болған: «Жалаулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Жау қашырар ма екенбіз» (Ақтамберді) деген өлең жолдары осының айғағы. Алыстан жақсы көріну үшін жалау түстері ашық қызыл, көк, сары, жасыл, ақ болып келеді. Кейде қазақтар мұндай түстегі шүберектерді жеңге де таққан. Мысалы, Кенесары әскерінде мұндай айырым белгілерін (қызыл матадан тігіліп, үш қатар бау түрінде болған) жауынгерлер кеудесіне, иығына таққан. Бір елдің әскерін басқалардан ажырату үшін қолданылган жалау кейіннен мемлекеттен мемлекетті айыратын б��лгіге айналып, мемлекеттік Ту пайда болды. Айырым белгі болғандықтан, жалау үлкен де, кішкентай да болып жасалып, көбейтіле береді, түрлі заттарға басылады. Ал Мемлекеттік Ту тек бір ғана дана болып, өзгертуге, көбейтуге жатпайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |