Мазмұнға өту

Қосаяқтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Қосаяқ бетінен бағытталды)
Қосаяқтар
Қазбалық ауқымы: Oligocene–Recent

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Кеміргіштер
Ұлы тұқымдасы: Қосаяқтар
Тұқымдасы: Dipodidae
Григорий Иванович Фишер фон Вальдгейм, 1817
Subfamilies

Allactaginae
Cardiocraniinae
Dipodinae
Ұзынқұлақ тышқан
Sicistinae
Zapodinae

Қосаяқтар (лат. Dipodidae) – сүтқоректілер класы кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы.

Қазба қалдықтары Қытайда орта миоцен қабатынан табылған. Солтүстік Африка, Арабия, Кіші және Алдыңғы Азияда, Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Қазақстан мен Орта Азияның шөл, шөлейтті және ��алалы аймақтарында кең таралған. Дүние жүзінде 14 туысқа жататын 40-қа жуық түрі белгілі. Көбіне 2–3 жыл (кейбіреулері 4 жылдай) өмір сүреді. Қазақстанда 9 туыстың 16 түрі мекендейді. Оның 4 түрі: бессаусақты ергежейлі қосаяқ, Гептнер ергежейлі қосаяғы, бозтүсті ергежейлі қосаяқ, үшсаусақты ергежейлі қосаяқ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996).[1]

Биологиялық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Дене тұрқы 4,5 – 5,0 сантиметр, салмағы 7 – 10 грамм.
  • Тері жамылғысы тығыз әрі жұмсақ, түсі – сарғыш, құм түстес.
  • Артқы аяқтары ұзын, 3 не 5 саусақты, алдыңғы аяқтары 5 саусақты. Жүргенде тек артқы аяқтарымен секіреді. Алдыңғы аяқтарымен қорегін ұстап, ін қазады.
  • Құйрығы дене тұрқынан ұзын, қысқа түкті.
  • Құлақ қалқандары көпшілігінде үлкен, кей түрінде қатпарланып, қысқарған.
  • Көздері өте үлкен.
  • Күздің аяғынан көктемге дейін қысқы ұйқыға кетеді.

Уақытша және тұрақты індері болады. Індерінің ұзындығы 1 метрден 4 метрге, ал тереңдігі 20 см-ден 2,5 м-ге дейін жетеді.
Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Ұрғашылары жылына 2 – 3 рет (әр жолы 1 – 9-дан) балалайды.
Көптеген түрлері бірқатар індеттерді, әсіресе оба ауруын таратады. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
  2. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Dipodidae