Оңтүстік Осетия
Оңтүстік Осетия (осет. Хуссар Ирыстон; толық ресми атауы Оңтүстік Осетия Республикасы осет. Республикæ Хуссар Ирыстон) — Оңтүстік Кавказ жерінде орналасқан Грузия аймағы.
Оңтүстік Осетия Республикасы Республикæ Хуссар Ирыстон | |||||
| |||||
Әнұран: «Уарзон Ирыстон!» | |||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ресми тілдері | осетин тілі орыс тілі грузин тілі | ||||
Елорда | Цхинвал | ||||
Ірі қалалары | Цхинвал, Квайса | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Парламент төрағасы Үкімет басшысы |
Анатолий Бибилов Пётр Гассиев Эрик Пухаев | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 167-шы орын 3900 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2022) • Тығыздығы |
53 532 адам 13,73 адам/км² | ||||
Экономикасы | |||||
Этнохороним | осетин, осетиндар, оңтүстік осетин, оңтүстік осетиндер | ||||
Валютасы | Рубль (RUB) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .su | ||||
Телефон коды | +7 9971, +7 9976, +7 99744, +7 995344 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+3 |
Халықаралық құқықтық жағдайы
өңдеуОңтүстік Оссетияны Біріккен Ұлттар Ұйымының бес мүшесі мойындаған (Ресей, Никарагуа, Венесуэла, Науру және Тувалу). Бірақ Ұйымның қалған мүшелері Оңтүстік Оссетияны Грузияның бір бөлігі деп санайды. Грузияның әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша Оңтүстік Оссетияның территориясында Шида-Картли, Мцхета-Мтианети, Имерети и Рача-Лечхуми және Квемо-Сванети деген өлкелер орналасқан. Грузия Конституциясына сүйенсек, Оңтүстік Оссетия бұрынғы Оңтүстік Осетин автономиялы облысы болып саналады, кейбір құжаттарда Цхинвал аймағы деп аталады.
Оңтүстік Оссетия 1922 жылдан бастап, 1990 жылға дейін Грузин ССР құрамында автономиялық облыс болып саналды. Оңтүстік Осетин автономиялы облысы жойылғанда Грузияның Жоғарғы Кеңесі оны бірнеше әкімшілік аудандарға: Ахалтаулы, Джавты, Карельді, Онды, Сачхерді және Таулы деп бөлді.
Географиясы
өңдеуОңтүстік Оссетияның жер аумағы 3900 км². Солтүстіктен оңтүстікке қарай 79 км-ге, ал батыстан шығысқа қарай 88 км-ге созылады.
Географиялық шеткі нүктелер:
- 42°44′46″ с. е. 43°47′37″ ш. б. / 42.7461972° с. е. 43.7936833° ш. б. (G) (O) (Я) – солтүстік
- 42°01′18″ с. е. 44°19′20″ ш. б. / 42.0218556° с. е. 44.3224917° ш. б. (G) (O) (Я) – оңтүстік
- 42°21′16″ с. е. 43°35′40″ ш. б. / 42.3546222° с. е. 43.5945722° ш. б. (G) (O) (Я) – батыс
- 42°12′02″ с. е. 44°37′33″ ш. б. / 42.2007278° с. е. 44.6259556° ш. б. (G) (O) (Я) – шығыс
ООР аумағының 89,3%-ы 1000 және 1000-нан астам биіктікте орналасқан.
Таулы рельеф. Елдің ең биік нүктесі – Халаца тауы, 3938 метр.
Бас Кавказ жотасы елдің аумағын солтүстік суық желдерден қорғайды. Сондықтан Оңтүстік Оссетияның орташа температурасы Кавказға қарағанда жоғарырақ: қаңтардың орташа температурасы +4,5 °C, ал маусымның орташа температурасы +20,3 °C.
Жылдың орташа жауын-шашын мөлшері 598 мм.
Елдің ең үлкен көлдері – Келистба, Эрцо, Цетелихат және Кведи.
Елдің ең ұлкен өзендері – Үлкен Лиахва, Ксани, Кіші Лиахва.
Оңтүстік Оссетияның жалпы шекара ұзындығы 474 км. Соның 400 км-і Грузия шекарасы. Оссетия-Грузия шекарасында 20 шекара бекеті құрылған. Осы шекараны 890 шекара күзеттері күзетіп отыр
Оңтүстік Оссетиямен Ресейдің шекарасы 74 км-ге созылады. Осы шекара Бас Кавказ жотасымен өтеді. 2010 жылдың 1 ақпанында Оңтүстік Оссетия мен Ресей арасында шекараны визасыз өту туралы келісім шарт қабылданған.
Мемлекеттік мерекелер мен еске алу күндері
өңдеуМерекелік жұмыссыз күндер:
23 ақпан – Отан қорғаушы күні
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
1 мамыр – Көктем мен еңбек күні
9 мамыр – Жеңіс күні
29 мамыр – Оңтүстік Оссетия Республикасының тәуелсіздігін жариялау Актың қабылдау күні
12 маусым – Ресей күні
27 маусым – Оңтүстік Оссетияның жастар күні
26 тамыз – Ресей Оңтүстік Оссетия Республикасының тәуелсіздігін мойындау күні
20 қыркүйек – Оңтүстік Оссетияның тәуелсіздік күні
21 қыркүйек – Мадымайрам – Аса қасиетті Құдай ананың Рождествосы
Соған қоса тағы бірнеше жұмыссыз күндер: 1 қаңтар, 5 қаңтар, 7 қаңтар, 4 наурыз, 4 қараша және 23 қараша.
Мерекелік жұмыс күндер:
17 наурыз – Пасха
8 сәуір – Конституция күні
21 сәуір – Ғылым күні
15 мамыр – Осетин тілі мен әдебиет күні
28 мамыр – Дипломатиялық жұмыскер күні
14 шілде – Оңтүстік Оссетияның бейбітшілік күні
23 шілде – Оңтүстік Оссетияның Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлер күні
9 қыркүйек – Ресей Федерациясымен дипломатиялық келісім жасалған күн
20 қыркүйек – Республиканы жариялау күні
27 қыркүйек – Оңтүстік Оссетияның туризм күні
15 қазан – Осетин ақыны мен филантропы Костя Леванович Хетагуровтың туған күні – 1859 жыл
23 қараша – Джеоргуба – Әулие Георгий мерекесі, қарашаның үшінші жексенбісінде тойланады
Еске алу күндері:
18 наурыз – Оңтүстік Оссетиядағы Еред апатындағы құрбандарды еске алу күні
20 мамыр – Оңтүстік Оссетияның ұлттық қаралы күні
23 қараша – Оңтүстік Оссетия мен Грузияның бір-біріне қарсы тұрудың басы күні