Қала
Қала, шаһар — тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар ауданы, Өнеркәсіп ауданы, Сауда ауданы, кейбірінде әкімшілік басқару ауданы секілді негізгі аудандарға бөлінеді. Онда негізінен ғимарат, көше, бақша секілді негігі құрылыс нысандары болады. Қалада біршама дамыған қызмет көрсету, сауда жасау, тазалық, тұрғын үймен қамдау, қатынас-тасымал, ойын-сауық кешендері, спорт кешендері қатарлылар болады. Қалалар қала ауданы және қала маңы ауданы деп бөлінеді.
Қаланың халық саны
өңдеуҚалаларды алып қалалар, орташа қалалар, ұсақ қалалар деп бөлуге болады,бірақ әлемдегі елдердің халық саны ұқсас болмаған соң қала деп есептелуіне қажетті ең аз халық саны да ұқсамайды. Мысалы Данияда 250 адам, Канадада 1000 адам, Германияда 2000 адам, АҚШ-тың біршама штаттарында 12 000 адам, Үндістанда 5000 адам, Малайзияда 10 000 адам болғанда барып қала деп есептеуге мүмкін болады. 1800 жылы әлемде тек 3% адам ғана қалада өмір сүрсе, ХХ ғасырдың соңында бұл көрсеткіш 47% жетті. Қазір әлемде 3 млрд адам қалада тұрмыс кешіріп жатыр. Әсіресе Латын Америкасы, Қытай, Үндістан, Африканың бірқанша елдерінде қалаласу өте тез жүруде және қаладағы халық саны тез артуда.
Мегақала. Әлемдегі ең үлкен мегақала Жапонияның Токио қалсы есептеледі. Әлем бойынша, бүгінде халық саны 10 млн тұрғыннан асқан 29 ең ірі қала бар. Оларға: Токио, Нью-Йорк, Шаңхай, Мехико, Мәскеу және тағы басқалары жатады. Алатын ауданының кіші болуы, ал халық саны өте тығыз болуы осындай қалаларда көптеген мәселелер туғызады: тұрғын үй қымбатшылығы қатарлылар. Дегенмен, мұндай алып қалалардың тиімді және артықшылық тұсы қалған қалаларға қарағанда жоғары болып келеді.
Қаланың ерекшелігі
өңдеуҚалалардың орталық коныстандырылған пункт және кішкене қала мен ауылдардан айырмашылығы онда діни, әскери-саяси, экономикалық және мәдени қызметтің жүзеге асырылу деңгейі жоғары және үлкен көлемде болады. Оның тоғыспалы күрделі мүмкіндігі қаланы қоршаған шағын ауылдарға бөліп басқаруға қолайлы болады.[1]
Қалада қайткен күнде де біршама дамыған әкімшілік және мәдени орталық болады. Елді мекенді қала дәрежесіне көтеретін басты межелер — ондағы халықтың саны және олардың атқаратын қызметі (өнеркәсіп, мәдени, саяси-әкімшілік орталықтары).
Қаланың пайда болуы
өңдеуҚалалар Жер бетінде 6000 жыл бұрын құрыла бастаған еді. Ең алғашқы қала Орта шығыста пайда болған. Ол алғашында сауда жолы тоғысқан тораптарда, қолөнер орталықтарында, мемлекеттік билік орталықтарында пайда болды. Себебі, қала мағынасы - осы өңірде мекен еткен халықтың маңызды оқиғаларын суреттейді. Қала дегеніміз мәдениет, ғылым, білім және өндіріс орталығы болып, сауда-саттық дамыған жерлерде, керемет ғимараттар салынған жерде және ел басқару болған жерлерде қалаласу тез жүрді.
Астана қала
өңдеуӘлем мемлекеттердің билігі үшін өте маңызды қала есептеледі. Онда әлеуметтік, экономикалық әрі мәдени орталықтар болып қоймай, ең маңыздысы онда міндетті түрде мемлекеттік биліктің ең үлкен органдары мен басқару апараттары орналасады. Мемлекеттің ең үлкен қаласы астана ретіндегі қалаға жатпауы мүмкін. Мысалы, Канаданың ең ірі өндірістік, әрі транспорттық орталығы ретінде Монреаль қаласы саналады. Ал, негізгі астанасы ретінде Оттава саналады. Оттава – парламент, үкімет, сыртқы істер және екі университет орналасқан, кітапхана, мұражай, білім ізденуші орталық бар. Сол секілді Қытайдың Шаңхай қаласы Бейжіңнен әлдеқайда үлкен және дамыған. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы да сол елдегі ең үлкен, ең дамыған қала есептеледі. Сондай-ақ Қазақстандағы Алматы қаласы да Астана қаласына қарағанда халқы көп, аумағы үлкен, даму деңгейі жоғары.
Қала әлеуметтануы
өңдеуҚала әлеуметтануы (Urban sociology) - қаланы негіз етіп, қаладағы әлеуметтік құрылым, ұйымдасу, қаладағы психология, қаладағы әлеуметтік мәселелер, қаланың дамуы, қаладағы заңға бойсұну және заң бұзушылықтар қатарлы мәселелерді нақты зерттейді. Ол қалаға кеңістіктік және уақыттылық тұрғысынана талдау жасап, физикалық кеңістіктерден (құрылыс, көше, бақша, завод, әкімшілік, саяси ғимараттар, мәдени орындар) бастап әлеуметтік жүйелер (отбасы, көрші, топ, ұжым, кәсіптестер, балар, жастар, кәрілер, әйелдер...) дамуының түрлі мәселелеріне ғылыми практикалық зерттеулер жасап, қалалардың нақты жағдайын түсіндіріп, сақталған мәселелерді көрсетіп береді және шешу жолдарын ұсынады.[1]
Қала әлеуметтануында әсіресе алғаш рет Чикаго университетінде 1920 жылдан бастап қаланы, аудандарды немесе өлкелерді зерттеу тақырыбы әлеуметтану тұрғысынан қолға алынды. Онда Чикаго әлеуметтану мектебі деген атаумен әлемге әйгілі болған қала әлеуметтануын зерттеуші ғалымдар қаланың экологиясын, жастарын, қылмыс өткізуін нақты зерттеудің алғашқы үлгісін жасады.
Мысалы Чикаго әлеуметтану мектебі өкілдері Парк, Берджесс және Макензи 1925 жылы жариялаған Қала экологиясына қатысты кітабында Чикаго қаласын бақылап-зерттеу арқылы қала дамуында қалыптасқан бес түрлі концентрлік аймақ моделін (Concentric zone model) ұсынды. Олардың арасында дағадрысқа және қақтығысқа бірден алып баратын, жастардың қылмыс өткізуі өте жиі болған ауысым аймағы (Zone of transition) да бар.[2]
Бұл бес аймақ:
- Орталық сауда аймағы (CBD)
- Ауысым аймағы (Zone of transition):ол тұрғындар аймағы мен сауда аймағы арасында орналасқан.
- Жұмысшы тұрғындар аймағы (Working-class residential zone)
- Орта тап аймағы (Middle-class residential zone)
- Қала маңы аймағы(Commuter zone)қатарлылар.
Қала экологиясы
өңдеуҚала экологиясы - қаланың тазалығы, қаладағы көгалдандыру, қаланың ауасы, суы, жемек-ішпегі, қаладағы хайуанаттардың жағдайы, қаланың жанға жайлы әсемдігі қатарлы мәселелерді қамтиды.
Бұрынна бері тұрғындар саны көп өңірлерде экологиялық мәселелер де туындаған, бірақ қазіргі кезде өнеркәсіп қалаларында сондай мәселелер көбірек. Осынжай мәселелерді шешу үшін түрлі биоотын, қоқыс тазарту қондырғылары, көгалдандыру мақсатындағы табиғи өңірлер мен саябақтар салу қолға алынуда.[3][4][5][1][6]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ a b c Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
- ↑ Park, Robert Ezra; Burgess, Ernest W.; McKenzie, Roderick D. The City — Chicago: University of Chicago Press, 1925.
- ↑ http://www.gumer.info/bibliotek_Buks/Sociolog/Vagin/01.php
- ↑ http://www.impresaitalia.info/sitemap.asp
- ↑ http://godwomen.org/index.php?option=com_content&view=article&id=4895:2010-06-19-19-46-58&catid=171:2009-06-22-06-04-58&Itemid=673
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5