Вьетнам
Вьетнам, толық атауы Вьетнам Социалистік Республикасы (вьетн. Cộng Hòa Xã Hội Chủ Nghĩa Việt Nam) — Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан социалистік мемлекет.
Вьетнам Социалистік Республикасы вьетн. Cộng Hòa Xã Hội Chủ Nghĩa Việt Nam | |||||
| |||||
Ұран: «Ðộc lập, tự do, hạnh phúc (Тәуелсіздік, бостандық, бақыт)» | |||||
Әнұран: «Tiến Quân Ca» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 2 қыркүйек 1945 жыл (жариялады) 21 шілде 1954 жыл (мойындалды) (Франциядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Вьетнам тілі | ||||
Елорда | Ханой | ||||
Ірі қалалары | Хошимин, Ханой, Хайфон, Кантхо, Бьенхоа, Дананг | ||||
Үкімет түрі | Бірпартиялық социалистік республика | ||||
Президенттің м.а. Вице-президент Премьер-министрі Ұлттық жиналыс төрағасы |
Во Тхи Ань Суан Во Тхи Ань Суан Фам Минь Тинь Выонг Динь Хюэ | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 65-ші орын 331 212 км² 6,38 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Тығыздығы |
94 569 072 адам (15-ші) 276,03 адам/км² (46-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
769,928 млрд. $ (35-ші) 8,063 $ (128-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
260,301 млрд. $ (47-ші) 2,726 $ (129-шы) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,694 (орташа) (116-шы) | ||||
Валютасы | донг (VND) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .vn | ||||
ISO коды | VN | ||||
ХОК коды | VIE | ||||
Телефон коды | +84 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+7 |
Сонау оңтүстік-шығыстағы Вьетнам жері – Оңтүстік Қытай теңізі атты шалқар айдын жағалауын қуалай 1750 километрге созылған, тауқұзды және қалың ну ормандар өңірі болып келеді. Вьетнамдықтар өз елін Бакбо (солтүстігі), Чунгбо (орта бөлігі) және Намбо (оңтүстігі) деп атайды.
Вьетнамның солтүстік аймағын Хонга (Қызыл), оңтүстігін Меконг өзендері суландырады. Социалистік Вьетнам – көп ұлтты ел: мұнда алпысқа жуық халық қоныстанған. Астанасы – Ханой. Мұнан өзге ірі қалалары – Хошимин және Хайфон. Елдің ежелгі астанасы Хюэде көне ғимараттар сақталған.[1]
Географиясы
өңдеуВьетнам, Вьетнам Демократиялық Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 330 мың км². Халқы 85 миллион адам (2007). Астанасы – Ханой қаласы. Халқының 88%-ы – вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары мыонг, кхмер, таи, тхай, тағыда басқа ұсақ халықтар. Ресми тілі — вьетнам тілі.
Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс. Жерінің бестен төрт бөлігі таулы қыраттар. Климаты тропиктік, муссондық. Қаңтар айының орташа температурасы 15°С, шілдедегі орташа температура 26°С. Жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 – 3000 мм. Тропикалық ормандарда піл, жолбарыс, бөкен, енеке, тағыда басқа жануарлар кездеседі. Вьетнам жерін адам баласы көне тас дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Ең ежелгі мемлекеттік құрылым Ванланг деп аталады. Кейіннен оның орнында пайда болған Аулак пен Намвьет мемлекеттерін біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда Қытай жаулап алды да, 10 ғасырға дейін бодандықта ұстады. 11 ғасырдың ортасында бір орталыққа бағынған мемлекет құрылып, ол Дайковьет (Ежелгі Ұлы Вьет) деп аталды, 1069 жылдан Дайвьет (Ұлы Вьет) деген атауымен белгілі болды. 12 – 13 ғасырларда ел билеушілері көрші мемлекеттермен, соның ішінде Камбоджамен үздіксіз соғыс жүргізді. Вьетнам халқы 1257 – 1288 жылы үш дүркін Шыңғыс хан империясы әскерлеріне тойтарыс берді. 1407 – 1427 жылдар аралығында Қытай армиясына да қарсы күрес жүргізіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 17 ғасырдың бас кезінен бастап ел өзара қырқысқан екі мемлекетке бөлініп кетті. 1884 жылдан бастап Вьетнам толықтай Францияның отарына айналды. Франция Вьетнамға Лаос пен Камбоджаны қосып, ол жерлерді Француз Үндіқытайы деп атады. 20 ғасырдың бас кезінде елде ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. 1930 жылдың бас кезінде Қытайда Үндіқытай коммунистік партиясы (ҮҚКП) құрылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалысына осы партия басшылық жүргізді. Ол 1954 жылы француз армиясының жеңілуімен аяқталды. Женева келісіміне сәйкес, Вьетнам 17-ендіктің бойымен екі мемлекетке бөлініп, солтүстігінде 1959 жылы отыз бірінші желтоқсанда Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды, ал оңтүстігінде 1955 жылы жиырма алтыншы қазанда Вьетнам Республикасы жарияланған болатын. Елдің екіге бөлінуі, бірінің КСРО мен Қытай, екіншісінің АҚШ және оның серіктестерінің ықпалында болуы кейіннен соғысқа алып келді. 1975 жылдың басында Вьетнам Республикасындағы Сайгон режимі құлап, 1976 жылы екі Вьетнамның бірігуі аяқталды. 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап Вьетнамда саяси және экономикалық реформалар жүзеге аса бастады. Экономикасының негізгі салалары: мұнай, көмір, электр энергиясын өндіру және ауыл шаруашылығы (күріш, тропиктік жеміс-жидектер өсіру). Ұлттық табыс жан басына шаққанда 200 АҚШ доллары көлемінде. Алайда соңғы жылдары шетелдік инвесторлар көптеп тартылып, ел экономикасы жедел дамып келеді. Елге ең көп инвестиция бөлушілер әрі негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Тайвань, Жапония, Оңтүстік Корея. Вьетнам — БҰҰ-ның мүшесі, оның жүз алпыс елмен дипломатиялық қарым-қатынасы бар.
Табиғаты
өңдеуЖердің көп бөлігі таулы болып келеді.
- Солтүстік Вьетнамның ең биік нүктесі Хоан-Геленшон жотасындағы Фанши шыңы.(3143м.)
- Оңтүстік Вьетнамда Гоклинь тауы. (3280м.)
Теңіз жағалауына таяу ойпатты жазық Хонгха, Меконг өзендерінің атырауы. Солтүстік Вьетнамның солтүстік шығыс бөлігі - Оңтүстік Қытай платформасының жалғасы, ал оңтүстік батысы мезозойлық қатпарлы жүйеден тұрады. Платформаның докембрийлік төменгі қабаты кварцит, мәрмәр және гранитоидтан түзілген, оларды палеозойлық құм тас пен тақта тас және мезозойлық жыныс қабаттары жауып жатыр. Мезозойлық қатпарлық - кейінгі докембрий, палеозой және триас жыныстары қабаттарының жиынтығы. Оңтүстік Вьетнамның солтүстік бөлігі Үндісинай массивіне жатады. Оның үстіңгі кайнозойлық базальттардан құралған. Пайдалы қазбалары:
- тас көмір;
- темір рудасы;
- қорғасын;
- мырыш;
- боксид;
- қалайы;
- вольфрам.
Климаты муссондық, субэкваторлық, ең салқын айының орташа температурасы 15 °C. Оңтүстігінде, 25,8 °C. Жылы айларының орташа температурасы 18, 29 °C болып келеді. Жауын шашынның мөлшері, 1500-3000мм.
Вьетнам тарихы
өңдеуБұрын талай ежелгі мемлекеттер Валанг, Аулак, Дайвиет, болған Вьетнам жерін 1884 жылы француз отаршылдары жаулап алды. Вьетнамдықтар күші басым жауға қарсы бостандақ күресін бастады. Олардың ондаған жыл бойы толассыз күресі 1954 жылы елге алғашқы жеңіс әкелді. Вьетнам халқы өз жерінен отаршылдарды қуып шықты. Бірақ осы кезде АҚШ оңтүстік Вьетнамды оккупацияға алып, Оңтүстік Вьетнам Республикасын құрылды. Вьетнам соғысы басталды. Вьетнам халқы өз күресін одан әрі жалғастыруға тура келді.
1975 жылдың көктемінде халықтын тоқсан жылға созылған күресі елге толық жеңіс әперді, Оңтүстік Вьетнам азат етілді. 1976 жылы Вьетнам біртұтас социалистік мемлекет болып жарияланды. Сөйтіп, Вьетнамдықтар өз елінің ұлттық бостандығы, арнамысы үшін күресудің асқақ үлгісін көрсетті.[2]
Әкімшілік құрылысы
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ Балалар энциклопедиясы, III-том
- ↑ Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Việt Nam |