Мазмұнға өту

Қандыағаш

Координаттар: 49°27′35″N 57°24′03″E / 49.45972°N 57.40083°E / 49.45972; 57.40083
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Қандыағаш
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Ақтөбе

Ауданы

Мұғалжар

Қалалық әкімдігі

Қандыағаш

Әкімі

Өтемұратов Талғат Орналыұлы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°27′35″N 57°24′03″E / 49.45972°N 57.40083°E / 49.45972; 57.40083

Бұрынғы атаулары

Октябрьск (1997 жылға дейін)

Қала статусы

1967

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

35 384[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71333

Пошта индексі

030700—030701

Автомобиль коды

04

Қандыағаш картадаҚарабоғаз шығанағыАрал теңізіАрал теңізіАрал теңізіТүрікменстанӨзбекстанӘзербайжанГрузияҚырғызстанТәжікстанҚытайРесейБайқоңырАлматыАстанаШымкентБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көліМаңғыстау облысыАтырау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысыҚостанай облысыСолтүстік Қазақстан облысыАқмола облысыПавлодар облысыҰлытау облысыҚарағанды облысыҚызылорда облысыТүркістан облысыЖамбыл облысыШығыс Қазақстан облысыАбай облысыАлматы облысыЖетісу облысыКаспий теңізі
Қандыағаш картада
Қандыағаш
Қандыағаш
Қандыағаш картада
Қандыағаш
Қандыағаш

ҚандыағашАқтөбе облысындағы қала, Мұғалжар ауданының әкімшілік орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 95,2 км Елек өзенінің бастауы Жарық өзеніне жақын жерде орналасқан. Қаланың шығысы және оңтүстігі Мұғалжар тауының аласа төбелері, батысы тік жазықты. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына және бау-бақшаға қолайлы мекен.

1999 жылы тұрғындар саны 25553 адам (12342 ер адам және 13211 әйел адам) болса, 2009 жылы 29169 адамды (14004 ер адам және 15165 әйел адам) құрады[2].

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 34898 адамды (17054 ер адам және 17844 әйел адам) құрады.[3]

Транспорты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

МәскеуТашкент және Атырау — Орск теміржол түйіcінде орналасқан. Үстінен Атырау-Ақтөбе тас жолы өтеді. Яғни, Солтүстігі Ақтөбеге, оңтүстігі Қызылордаға, шығысы Астанаға (Нұрсұлтан), батысы Атырауға бағытталған төрт тарапты теміржол торабы бар.

Қала тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаланың атауы бірінші нұсқада «қандыағаш» атты ағашпен (өсімдік) байланыстырылса, екінші нұсқасы XVII-XVIII ғасырларда болған қазақ-қалмақ соғысында болған оқиғаға байланысты аталады. Қандыағаш төрт жолдың торабы. Республикалық маңызы бар теміржол торабы.

Қаланың пайда болуы ХХ ғасырдың басында салынған Орынбор-Ташкент темір жолына тұспа тұс келеді. ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында солтүстік пен оңтүстіктің жолын жақындатқан теміржол бекетінен бастау алған Қандыағаштың бүгінде облыс аймағында өзіндік алар орны мен өркендеп дамыған инфрақұрылымы қалыптасып үлгерді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары Қандыағаш бекеті әлеуметтік салада тек қана 2 орта мектебі мен 1 ауруханасы, 1 мәдениет үйі бар 5-6 мыңдай ғана тұрғын қоныстанған, теміржол саласына қызмет ететін елді мекен болды.

Қандыағаш қаласының дамуы «Шилісай» фосфор фабрикасы мен «Жаңажол» мұнай кенінің игеруімен басталады.

Қандыағаш қаласы қала мәртебесін алғаннан бергі уақытта бірнеше өрлеу сатысынан өтті. Үлкен өндіріс орындарының қарқынды дамуы барысында қалада көппәтерлі тұрғын үйлер салынып, қала іші жолдары төселді. Қаланың «Финляндия», «Қазақ ауыл», «Финский», «Достық», «Жастық», «Болашақ», «Жаңақоныс» (Нұрлы көш) атты шағын аудандары бар.

Қаладағы 70-80 жылдары Шилісай кен орны құрылысына байланысты салынған көпқабатты үйлердің саны кейіннен мұнай кенін игеру кезеңінде қарыштап өсті.

1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығына байланысты қала атауы Қандыағаштан Октябрьск болып өзгертілді. 1976 жылы Қандыағаш маңынан фосфор кенінің табылуына байланысты Шилісай фосфор фабрикасы ашылды. 1977 жылы Қандыағаш қаласының жанынан қалашық салу үшін Бүкілодақтық комсомол жастарына Үндеу жарияланды. Соның негізінде «Фосфорит-78» жастар құрылыс бригадасы құрылып Одақтың түкпір-түкпірінен жастар келіп, «Жастық», «Достық», «Самал» шағын аудандарын салуға үлес қосты. 2006 жылдан бастап қала маңынан «Болашақ» шағын ауданы және «Самал-1,2,3» т. б. мөлтек аудандары бой көтерді. Сондай-ақ, қалада 2017 жылы «Жаңақоныс» (Нұрлы көш) шағын ауданы мен орталық саябақтар пайда болды. Қазіргі уақытта қала қарқынды дамып, көркейіп келеді. Шағын кәсіпкерлік өсіп, кәсіпкерлік нысандар көбеюде.

Қала көрінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]