Қазақстан — Тунис қатынастары
Қазақстан — Тунис қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Тунис Республикасының арасындағы қатынастар.
Дипломатия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]23 қараша 1992 жылы Қазақстан мен Тунис дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі Тунис Республикасы бойынша аккредиттелген.
Визалық саясат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тунис азаматтары Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
Қазақстан азаматтарына Туниске кіру үшін виза қажет.
Байланыстар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2019 жылғы 18 желтоқсан - Тунисте ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф Ислам ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі (ISESCO) бас директоры доктор Салим бен Мухаммед аль-Маликпен кездесу өткізді.
2022 жылғы 4 шілде - Карфаген президенттік сарайында Қазақстанның Тунистегі Елшісі (қоса атқарушы) Қайрат Лама Шариф Тунис Республикасының Президенті Каис Саидке сенім грамоталарын табыстады.[1]
Сауда
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстан мен Тунис арасындағы тауар айналымы 2022 жылы $65,4 млн құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,2 есе жоғары ($30,1 млн.).
2023 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Тунис Республикасының Ауыл, су және балық шаруашылығы министрі Абдельмуним Белаатимен кездесті.
Қазақстан мен Тунис арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 49,6%-ға өсіп, $40 млн. құрады, оның ішінде қазақстандық экспорт 50,1%-ға өсіп, $34,7 млн. құрады.
Министр Абдельмуним Белаати, өз кезегінде, Тунис Республикасының импорттық және экспорттық әлеуеті туралы, сондай-ақ Африкадағы интеграциялық бірлестіктер, көліктік-транзиттік өзара іс-қимыл мүмкіндіктері туралы хабарлады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (қаз.). Тексерілді, 22 қыркүйек 2023.
- ↑ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі. Тексерілді, 22 қыркүйек 2023.