Мазмұнға өту

Қазақстан — Ливан қатынастары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақстан — Ливан қатынастарыҚазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы қарым-қатынастары

Дипломатия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылы 20 сәуірде өзара дипломатиялық ноталармен алмасу арқылы орнатылған болатын.

ҚР-ның Бейруттағы Дипломатиялық миссиясы 2004 жылғы наурызда ашылды. ҚР-ның Мысырдағы елшілері Болатхан Тайжан (1993-1999 жж.), Бағдат Әміреев (2002-2008 жж.), Иорданиядағы елшілері Болат Сәрсенбаев (2012-2014 жж.), Азамат Бердібай (2015-2019 жж.) Қазақстанның Ливандағы елшісі қызметін қоса атқарды.Сондай-ақ осы жылдары Бейруттың өзінде Қазақстанның Ливандағы Уақытша және сенімді өкілдері Ербол Дербісәлиев, Дәулет Ембердиев, Балтабай Омаров, Ержан Қалекенов болды.

2021 жылғы желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Ливандағы Дипломатиялық миссиясы толыққанды Елшілік деңгейіне көтерілді. 2022 жылғы маусым айынан бастап Қазақстанның Ливан Республикасындағы Елшісі - Расул Жұмалы.

Ливан өз Елшілігін 1994 жылғы 6 қыркүйекте Алматыда ашты. 1997 жылы Ливан тарапы қаржылық қиындықтарға байланысты дипломатиялық өкілдігін уақытша жабу туралы шешім қабылдады. 2007 жылғықарашада Қазақстандағы Ливан Елшілігінің қызметі қалпына келтірілді. 2018 жылғы мамыр айынан бастап Ливанның Астанадағы Елшісі - Жискар Әл-Хури.

2002 жылдан бастап ливандық кәсіпкер Юсеф Канаан Қазақстан Республикасының Ливандағы Құрметті консулы болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2003 жылғы тамызда Ливанның Премьер-министрі Рафик Харири ресми сапармен Қазақстанда болды.Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті және Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Премьер-министр және Сыртқы істер министрімен келіссөздер өткізді. Сапар қорытындысы бойынша екі елдің премьер-министрлері Қазақстан мен Ливан арасындағы Өзара түсіністік туралы декларацияға қол қойды. Бұл құжат тараптардың екіжақты саяси қарым-қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту ниеттерін бекітті.

2004 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы сапармен Бейрутта болды. Сапар барысында Мәжіліс Төрағасы Ливан Президенті Эмиль Лахудпен, Премьер-министрі Рафиқ Хариримен, Парламент төрағасы Набих Берримен және Сыртқы істер министрі Обейдпен кездесті.

2010 жылғысәуірде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Ливанға ресми сапары болды. Оның шеңберінде Президент Мишель Сулейман, Парламент төрағасы Набих Берри, Премьер-министр Саад Харири, Сыртқы істер және эмигранттар министрі Али ХасанАш-Шамименкездесулері өтті. Сапар барысында екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2012 жылғы 27-29 тамызда «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарудан азат әлемге» атты халықаралық конференция аясында Ливан Парламентініңделегациясы Қазақстандасапармен болып қайтты.

2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Ливанның Энергетика және су ресурстары министрі Аби Халил Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі 1-ші саммитінің жұмысына қатысты.

2017 жылғы 5 шілдеде Бейрутта екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың бірінші раунды өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2020 жылы Қазақстан мен Ливанның өзара сауда көлемі шамамен 2 млн долларды (экспорт –1,8 млн., импорт –0,2млн.) құрады. Аталған көрсеткіш соңғы жылдары біршама төмендеді және бұған негізінен әлемдік экономикаға Короновирустың кері әсері, Ливандағы қаржылық-экономикалық дағдарыс және геосаяси тәуекелдер себеп болды. Сондай-ақ Қазақстаннан Ливанға экспортталатын күкірттің (2019 жылғы көрсеткіші - 3,7 млн. доллар) көлемі едуір қысқарғаны түпкілікті нәтижеге әсер етті. Ұзақмерзімді кедергілердің қатарына тікелей көлік-тасымал дәліздерінің және ынталандыру амалдарының тапшылығын жатқызуға болады. Жалпы алғандағы сауда номенклатурасына ауылшаруашылық, жеңіл және химиялық өндіріс өнімдері енеді.

1997 жылы екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды қалыптастыру және инвестициялық мүмкіндіктермен танысу мақсатында Ливан өнеркәсіпшілер қауымдастығының делегациясы мен «әл-Мабани» компаниясының өкілдері Қазақстанда болып,экономика және сауда, ауыл шаруашылығы министрліктерінде, Инвестициялар жөніндегі комитетте, Сауда-өнеркәсіп палатасында, Астана әкімдігінде келіссөздер өткізді.

2012 жылғы 12-17 шілдеде Ливанда іскер топтар Ассамблеясының отырысы өтті. Шара Қазақстан мен Ливанның шағын және орта бизнес өкілдері, университеттер, қоғамдық институттар мен қауымдастықтар арасындағы қарым-қатынастарды айтарлықтай жандандырды.

2014 жылғы 1 қазанда Бейрутта «Қазақстандағы инвестициялық климаттың тартымдылық факторлары» атты бизнес-форум өтті.

2019 жылғы 6 наурыда Триполидегі «Elite» мәдени-ағарту орталығында қала жұртшылығымен кездесу, ал 7 наурызында Ливан университетінің солтүстік филиалында Қазақстан күні ұйымдастырылды. Аталған басқосулар шеңберінде Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері, бизнес үшін жасалған ахуалы бойынша кеңінен ақпарат берілді.

2019 жылғы 18 қыркүйекте Триполи қаласында Сауда-өнеркәсіп және ауылшаруашылық палатасының президенті Тауфик Даббусимен, қала мэрі Рияд Ямакпен, Халықаралық «Рашид Караме» көрме кешенінің төрағасы Акрам Оаидамен, Триполидің арнайы экономикалық аймағының кеңесшісі Хасан Денауимен кездесулер ұйымдастырылып, олардың барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2010 жылғы тамызда Бейрут Американдық университетінің (AUB) Өңірлік сыртқы бағдарламаларды дамыту жөніндегі вице-президенті Х.Диаб бастаған делегация Қазақстандаболды.

2013 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры А.Мұхамедиұлы бастаған өнерпаздардың тобы Бейрутта болды. Сапар барысында арнайы концерт өткізіліп, Ливан университетімен Шығармашылық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2014 жылғы сәуірде Ливанда «Қазақстан-Ливан қарым-қатынасы: сәтті серіктестіктің 20 жылы» кітабының тұсаукесері өтті.

2012 жылы Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы арқылы Ливан Үкіметіне Ливандағы сириялық босқындарды бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамассыз ету үшін 200 мың доллар бөлді.

Шығармашылар арасында да байланыстар өрбуде. Ливан жазушылары Юсеф Мұртада мен Абдулсамад Уаджди 2019 жылғы 4-6 қыркүйекте Астана қаласында өткен Азия жазушыларының І форумына қатысты.

2019 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан өкілдерінің Триполи қаласы Мәдени орталығының директоры Рамез Әл-Фарримен кездесуі өтіп, оның барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығы мен Әбу Наср әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Осы бастаманың аясында 2020 жылғы 26 желтоқсанда Ливанның солтүстігіндегі «Эдем» табиғи қорығындағы «Елшіліктер аллеясында» Әбу Наср Әл-Фарабидің 1150-жылдығына және Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай балқарағай ағаштарын отырғызу салтанатты рәсімі өтті.

Әскери ынтымақтастық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2016 жылғы 2-4 маусымда Ливан Қарулы Күштерінің штаб бастығы генерал У.Салман бастаған делегация Астанадағы «КАДЕКС-2016» мамандандырылған көрмесіне қатысты. Іс-сапар барысында ҚР Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетовпен келіссөздер жүргізіліп, әскери саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жолдары талқыланды.

2018 жылғы 15 маусымда ҚР Парламенті бітімгерлер ретінде Үндістан Республикасының қарулы күштерінің құрамында Ливандағы «БҰҰ уақытша күштері» миссиясына қатысуға 120 адамға дейін қазақстандық әскерилерді жіберуді мақұлдады. Бітімгершілік контингент 2018 жылдың қазан айының соңында жіберілді.2019 жылғы 13-14 мамырда ҚР Қорғаныс министрі Н.Ермекбаевтың Ливанға жұмыс сапары шеңберінде қазақстандық әскерлерінің жоспарлы ротациясы өтті.2020 жылғы 1 және 20 тамызда екі кезеңде UNIFIL миссиясына қатысу шеңберінде қазақстандық әскери контингентінің (124 адам) кезекті ротациясы жүргізілді. Қазірде аталған контингент уақытша бірнеше сарбазға дейін қысқартылып, олар осындағы Италия және Үндістан қарулы күштерінің құрамында қызмет атқаруда.

2022 жылғы 22 тамызда Қазақстан елшісі Расул Жұмалы Ливан қарулы күштерінің қолбасшысы Джозеф Аунмен кездесіп екіжақты ынтамақтастық мәселелерін талқылады. Өз кезегінде генерал Джозеф Аун қызмет мерзімі аяқталуына байланысты Отанға қайтып бара жатқан Елшіліктің әскери атташесі Қанат Әубәкіровке зор алғысын білдіре отырып, оны елінің мәртебелі құрмет белгісі – «Күміс дәрежелі Құрмет медалімен» марапаттады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. ҚР СІМ Қазақстан-Ливан қарым-қатынастары  (қаз.). Тексерілді, 17 қыркүйек 2023.