Грузия — Қазақстан қатынастары
Грузия |
Қазақстан |
Грузия-Қазақстан қатынастары — Грузия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар[1].
Тарих
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1992 жылы 23 шілдеде елдер арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Қатынастардың базалық құжаты 1993 жылғы 1 шілдеде қол қойылған Қазақстан мен Грузия арасындағы қатынастардың негіздері туралы шарт болып табылады.
Экономикалық ынтымақтастық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстан статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес, 2012 жылы елдер арасындағы тауар айналымы 150 млн долларды құрады. Бұл ынтымақтастық негізінен өнеркәсіп және туризм саласында өтеді[2].
Мәселелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2014 жылғы 12 мамырда ҚР СІМ - де Грузия елшісі Зураб Патарадземен жақында Қазақстан азаматтарының Грузия аумағына кіруден бас тартуы жиілеп кеткені туралы кездесу өткізіліп, Грузияның Қазақстандағы елшісіне ресми нота табыс етілді. "Сәуір айында өткен осы кездесу барысында грузин тарапына Грузия СІМ-не ресми нота беріліп, Грузияға кіруден бас тарту себептерін анықтауға жәрдемдесу сұралды, сондай-ақ осы мәселе бойынша ҚР кейбір азаматтарының өтініштерінің көшірмелері берілді" -деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов.
Елшілік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1992 жылы Грузия Алматыда өз елшілігін ашты, ол 2003 жылы Астанаға көшірілді.
1996 жылғы қыркүйек-Қазақстанның Әзірбайжандағы және Грузиядағы Елшілігі.
2003 жылы Қазақстанның Тбилисидегі Дипломатиялық миссиясы ашылып, 2008 жылдың қаңтарында елшілік болып қайта құрылды.
Қазақстанның Грузиядағы елшілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Наурыз Губайдулаұлы Айдаров (2003-2005)
- Нұрлан Адельевич Жалғасбаев (2005-2006)
- Игорь Идеалович Мусалимов (2006-2011)
- Тұрсынов Әділ Қапанұлы (2012-2013)
- Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев (2013-2018)
- Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов (мамыр 2018 жыл - 8 желтоқсан 2022)
- Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы (9 желтоқсан 2022 - қазіргі уақыт)
Грузияның Қазақстандағы елшілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Теймураз Гоголадзе (7 тамыз 1993 жыл - 16 маусым 2003 жыл)
- Нугзар Рухадзе (1 шілде 2003 жыл - 20 шілде 2004 жыл)
- Зураб Шургая (15 қазан 2004 жыл - 1 ақпан 2009 жыл)
- Зураб Космава (1 ақпан 2009 жыл - 1 қазан 2009 жыл)
- Паата Каландадзе (1 қазан 2009 жыл - 1 сәуір 2012 жыл)
- Малхаз Малашхия (1 сәуір 2012 жыл - 2013 жыл)
- Патаридзе, Зураб (2013 жыл - 2016 жыл)
- Зураб Абашидзе (1 ақпан 2017 - қазіргі уақыт)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Сотрудничество Республики Казахстан с Грузией Мұрағатталған 22 ақпанның 2017 жылы.
- ↑ Казахстан заинтересован в увеличении инвестирования в Грузию.(қолжетпейтін сілтеме)