Мазмұнға өту

Ысты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ысты - Ұлы жүздің құрамындағы ру. Жалпы Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өмір сүреді.

Шежіре бойынша Ыстыдан екі ата тарайды, бұл Ойық пен Тілікке тарайды.

Ойықтан төрт тармақ: Есім, Малай, Таз, Құлаышы. Есімнен Алакөз атасы шығады. Малайдан Бәйтік, Сүйіндік, Қалжан, Қара мен Жантүгел; Таздан Әлмамбет, Байменбет мен Сарыкемпір; Құланшыдан Амантай мен Жамантай.

Тілік руы бірнеше тармақ: Тазша, Таздар, Асанқараған, Сексен, Байқараған, Қоңыр, Жырымсыз бен Ақмолда. Қоңырдан Ахметей, Құралай мен Қамыс.Тазшадан Алмалы ауылынан Октьябр, Майбұлақ, Босбұтақ, Бөген ауылында Күсей тазшалары тарайды. Ахметейдің үш ұлы бар: Қожамқұл, Сүйші. Қозықырған. Қожамқұлдың жеті ұлы болды: Өтес, Бойша (Тойбай), Шөтен, Сартақ, Айдарбек, Қолсадақ (Алай, Байшехан ), Қожансүгір. Құралайдан екі ұл: Аққойлы, Қарақойлы. Соңғыдан Төбе би, өдан Қарақораз бен Жайлау, соңғыдан Көглей (Рүстем) мен Когдімбет (Әжі, Наурызбай, Томай). Ақмолда атасы беске бөлінеді: Есеншора, Ожырай, Боқмұрын, Итаяқ, Сүлгетай. Соңғыдан Бекбауыл, Төртсары, Итемген, Көзтаңбалы (№7 қосымшаны қараңыз). Үрім-бұтақтың кестесінде көрінгендей, көптеген аталар, тармақтар мен ұрпақтарға келгенде, деректер жетпегендіктен көп жайды таратып бере алмадың. Соган қарамастан, біз ұсынып отырған ата-тек тарату Ысты рулары, оның рулың құрылымы жайыпда недәуір толық түсінік береді. Ыстының рулық жауынгерлік ұраны «Жауатар», ал таңбасы | (көсеу). Бұл ұран мен таңбаны бізге белгілі бүкіл әдеби деректер бір ауыздан мақұлдайды.

Тарих пен этногенез

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ыстылардың ежелгі этникалық тарихы, оның үстіпе этногенезі жайында айтудың жөні келмейді. Өйткені, көне деректерде ол туралы ештеңе жоқ. Тек Фахреддин Мүбәракшахтың «Тарихында» XIII ғасырда қазіргі Қазақстанның жерінде басқа рулармен көшіп-қонып жүргеп Ысты руының Тілік тұқымы туралы сілтеме бар. Сол мәліметке сүйеніп, В. Востров «ЬІсты рулары Шу мен Талас өзендерінің арасын мекендеп, XV ғасырда Қазақ хандығының құрамына еніп, ал сонан соң басқа рулар мен аталарға еріп, шығысқа жылысып, Іленің сол жағасына қоныс тепті» деп атап өтеді. Ысты руы туралы орыс деректерінде алғашқы мәліметтер А. И. Тевкелевтің Ұлы жүз руларын санамалаған еңбектерінде, сонымен қатар Ұлы жүзді Ресей боданына алу туралы Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің қол қойған өтінішінің тізімінде еске алынады, онда Ысты Ойық және Тілік деп екіге бөлінеді. Әйтсе де бұл мәліметтерді В. Востров өз зерттеуінде келтіреді. Ыстының түп-негізі туралы бергі әдеби деректер де бар. Оған ең алдымен қырғыздардағы жер пайдалану туралы Н. Аристов, М. Тынышбаев және В. Востровтың жарияланымдарын жатқызуға болады. Осылардың бәрін есептей келіп, әдеби деректерді біздің зерттеуімізбен салыстыра отырып, Ысты руының толық тегін жасауға мүмкіндік туды (№ 7 қосымшаны қараңыз). Ең білікті мәлімет берушілеріміз: Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны 1909 жылы туған (Ойық) Жаңабай Балтабаев; Жамбыл облысы, Сарысу ауданының тұрғыны 1895 жылы туған (Ысты) Орынбай Тұрысбеков; Алматы облысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты) Қожахмет Кәрібаев; Алматы об лысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Шапырашты) Ыдырыс Сүлейменов; Шымкент облысы, Төрткүл ауылының тұрғыны 1888 жылы туған (Қараңойлы) Қожатай Төлеков және басқалар. Сонымен, қазақ шежіресінде қатталғандай, Ысты Бәйдібекке немере, ал Бәйдібектің өзі Үйсінге шөбере болып келеді. Соған сәйкес Бәйдібек Ұлы жүздегі жеті рудың (Сарыүйсін, Дулат, Албан, Суан, Ысты, Ошақты және Шапырашты) атасы. Аңызға қарағанда ЬІсты Жәлменденің екінші әйелі Сландыдан (бұрынғы күң) туады.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ысты рулары үш уезде: Верный (Жетісу), Әулиеата мен Шымкентте (Сырдария) қоныстанды. Н. Аристовтың көрсетуінше, бұл уақытта Верный мен Әулиеата уездерінде 1500 шаңырақ, ал Шымкентте 3500 шаңырақ, М. Тынышбаевтың мәліметі бойынша 1917 жылы Ыстылар Верный уезінде 10 мың жан, Әулиеатада 20 мың, Шымкентте 20 мың жан болса, бұл өлкеде барлығы 50 мың жан Ысты түтін түтетіп отырды. Бұл мәліметтер, әрине, бұлтартпайтын дәлел болмаса да, үш уездегі ола рдың қоныстапуы туралы біршама түсінік бере алады. Мәселен, Верный мен Әулиеата уездерінде Ойьщ руының көптеген өкілдері қоныс тепсе, ал Шымкент өңірінде Ысты руының Ойық та, Тілік те аталары қана�� тас өмір сүріп жатты. Демек, бұл Ойың руы сан жағынан Тілік руынан басым түсіп жатқанын көрсетеді. Верный уезінде тұратын Ойықтың әр түрлі қауымы негізінеп үш жерге топтасты. Бірінші топ Іленің төменгі ағысында Жалайыр руының Байшегір атасымен араласыпқүраласып, Астау, Қара, Көкібай құмында, Маңдай, Құдық, Қарағайқұдық шатқалында, Топар мен Көкталдың Ілеге құятын тармағында, Көкшекпен, Киікбай, Байтайлақ, Бескемпір мен Шоғырлы қойнауында тұрып жатты.

Ойық руының қауымдастығының екінші тобының Аңырақай тауының етегі, Жыңғылды, Еспе, Ашқұдық пен Қопалы өзені аңғарынд ағы Айтақсай, Райсай, Құрмансай, Қарасай шатқалдарында қыстаулары болды. Ойың руының қауымдастығының үшінші тобы уездің ең қиыр оңтүстігінде Кіші Алматы, Тереңқарасу мен Исатайқарасу өңірінде қыстады. Күзеу мен көктеулері Қарой шатқалының маңайында болды. Бұл топтың көптеген малшылары жайлауда тауға кетіп, баз біреулері қыстаудың қасын төңіректеп қалды. Бұл топтардың қауымдастығы қай жерде болса да, олардың әр қайсысы жалпылай ортақтасып пайдаланатын жайылымы мен шағын жері болды. Мал өсіріп, егін салды. Әулиеата уезіндегі Ойың руы қауымдастығының тобы, негізінен екі жерде тұрақтады. Бір тобы Шу өзенінің төменгі жағында, сол жағалау ды Шымкент уезінің шекарасына дейін жайлап, төлеңгіттер және дулаттармен қанаттас қоныстанды.

Мейлінше шоғырланған екінші тобы Талас өзені ағысының ортасында екі жағалауда: Ащыкөл мен Ақкөл көлдерінің атырабыида, сөнымен қатар Әулиеата айналасында өмір сүрді. Ойық руының бұл қауымдастығының топтары суармалы жерді баптап, оған қоса төрт түлік өсіріп, отырықшы және жартылай отырықшы күн кешті. Дәулетті шаруашылықтар жайлауы алыстағы Қаратау қойнауына немесе Алатау аясына еніп кететін. Дәнді дақылдар егіп, баубақшамен айналысты. Шымкент уезінің жерінде Ысты руының Ойық және Тілік аталары кең тараған. Егер Верный мен Әулиеата уездерінде тек Ойықтар тұрса. Шымкент уезінде Ойықтан басқа Тіліктер де қоныстанды. Айта кету керек, бұндағы Ойықтар саны аз болса, Тіліктер Ысты жұртының шамамен үштен төрт бөлігін құрады. Ойық қауымдастығының шағын тобы Шымкенттің батыс жағында Арыс өзенінің сол жағасында, Сырдарияның оң жағасында қыстайтын Жаныс қыстаула рына дейін барып жүрді. Ысты руы қауымдастығы Тілік атасының үлкен екінші тобы Әулиеата уезінің шығыс шекарасына дейінгі орасан үлкен алқаптағы Боралдай, Бөген, Шаян, Мыңбұлаң, Арыстанды, Шалдыөзек пен Қарабас өзендерінің бойында орналасты. Бұнда Қызылжар, Ақтас, Қайнар, Майбұлақ шатқалдары бар еді. Бұл осы өлкені жайлаған Ысты руы Тілік аталарының ең саны көп, шоғырланып отырған тобы болатын. Ысты руының Тілік атасы қауымдастығының шағын тобы Шу өзенінің сол жағалауында солтүстік шекарага дейін көшіп-қонып жүрді. Тіліктердің қыстаулары Шу өзені мен батыста Мойынқұм құмының шегіне дейін жетіп, шығыста солтүстік-шығыс бұрыштағы Төлеңгіттермен қоңсы қонды.

Ысты руының бұл қауымдастарының тобы өз ағайындары сияқты отырықшы және жартылай отырықшы болып күн кешіп, мал өргізіп, суармалы жерлерді игерді. Егістік қыстау қасындағы өзендер жағасында, күзеулер мен көктеулер де алысқа кетпей, Мойынқұм маңайында болатын. Жазғы жайлау Қаратаудың теріскейі мен күнгейінде Қазығұрт беткейінде орналасты. Сонымен, Іле, Шу, Талас, Арыс және өзге де оңтүстік өзендерінің жағасын жайлаған Ысты руының қазақтары қысқа қарай түндігі ашық бірнеше қанатты шошала тігетін. Оларды қамыстан, тас пен шикі кірпіштен тұрғызатын. Бұл үйлер ортал ықтағы ошақпен немесе бұрыштағы қазандықпен жылытатын. Жылытатын пешті ілуде біреу болмаса, көпшілігі білген жоқ. «Жатақ» аталатын жарлыжақыбайлар, көбінесе, жеркепелерде тұрды. Ысты руының малы көп ірі байлары Қызылқұм мен Мойынқұм құмдарын жиі қоныс аударып мекендеді, жазда да, қыста да ыңғайлы киіз үй тұтынды. [1]

Ысты – ортағасырлық бекініс. Тұрар Рысқұлов ауданы, Сөгеті а-ның аум-нда орналасқан. Алғаш рет 1936 ж. КСРО ҒА Қазақстан филиалы мен материалдық мәдениет тарихы ин-ты жасақтаған Жетісу археол. экспедициясы (жетек. А.Н. Бернштам) тауып, зерттеген. 1977 жылы Жамбыл облысы тарихи-өлкетану музейінің археол. экспедициясы (жетек. А.П. Попов) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жобасы шаршылы келген, жан-жағы 70 м, екі бөліктен (қабаттан) тұратын, биікт. 1 м төбе. Үстінен жинастырылған материалдар: шарықта жасалған, ақ ангобпен көмкерілген қыш ыдыстар сынықтары. Сондай-ақ, көл. 40×40×7 см күйдірілген кірпіш табылған. Алынған материалдарға қарағанда Ысты бекінісін тұрғындары 8 – 12 ғасырларда мекендеген.[2]

  1. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
  2. Бөлтірік Әлменұлы
  3. Елжан Амантайұлы Біртанов Ойық
  4. Досай Бәйгелұлы
  5. Досбай Есалыұлы
  6. Есей Алдамұратұлы Ойық
  7. Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Тілік
  8. Шорабек Айдаров
  9. Елден Аққошқаров
  10. Сағымбек Әділбекұлы Ақшалов
  11. Қартабай Атшабаров
  12. Мырзакәрім Кәрімұлы Алшынбаев
  13. Жаманқара Аманбаев
  14. Кеңес Мұстаханұлы Аухадиев
  15. Қали Сейілбекұлы Әбдиев
  16. Садық Әбдіжаппаров
  17. Кәміл Бахтиярұлы Әжібеков
  18. Әмірсейіт Әлиев
  19. Нысаналы Әлиев
  20. Тәкен Әлімқұлов
  21. Түймебай Әшімбаев
  22. Тұтқабай Әшімбаев
  23. Аида Түймебайқызы Әшімбаева
  24. Данияр Рахманұлы Әшімбаев
  25. Берден Байқошқаров
  26. Дәдебай Байқонысов
  27. Зұлпықар Балғабаев
  28. Болат Бекжанов
  29. Бесбаева Әсен Сүлейменқызы
  30. Әлімжан Беріков
  31. Балтағұл Бигелдиев
  32. Есен Ықласұлы Бидайбеков
  33. Әбзелбек Бижанов
  34. Әдбісаттар Бөлдекбаев
  35. Амантай Біртанов
  36. Жанғара Дәдебаев
  37. Қайрат Әскербекұлы Досаев
  38. Баттал Жаңабайұлы
  39. Зейнолла Жаңабаев
  40. Бигелді Жошыұлы
  41. Оспанәлі Иманәлиев
  42. Сағынбек Игісінов
  43. Шоқан Нәдірбекұлы
  44. Ауданбек Көбесов
  45. Әбдіманап Бапанұлы Көпберген
  46. Қалыбеков Тұрсын
  47. Рахманқұл Алтынбекұлы Қамшыбаев
  48. Шоқай датқа
  49. Гауһар Қаспақова
  50. Орман Қасымбеков
  51. Сәтекбай Қибасаров
  52. Асқар Меңдіахметұлы Қонаев
  53. Шалбай Құлмаханұлы Құлмаханов
  54. Әмір Құлмаханов
  55. Бекмахан Сыбанбайұлы Құралбаев
  56. Тілеп Қыдырбаев
  57. Жұпар Манапова
  58. Болатхан Махатұлы Махатов
  59. Сәдуақас Халықсоветұлы Мәмештегі
  60. Жанғали Меймандосов
  61. Жаңабай Миллионов
  62. Шаяхмет Молдабеков
  63. Әлжаппар Мұсаев
  64. Әлнұр Әлжаппарұлы Мұсаев
  65. Мұсахан Байпақбайұлы Мұратбеков
  66. Байқошқар Мүсірәлиев
  67. Айтбай Назарбеков
  68. Рафаэль Ниязбеков
  69. Сейілжан Нұрқожаев
  70. Алдаберген Нұрманұлы
  71. Аян Нысаналин
  72. Жангелді Жайлауұлы Омаров
  73. Дүкенбай Оразбаев
  74. Мұханмадияр Серікбекұлы Орынбеков
  75. Жарас Молдабекұлы Оспанбеков
  76. Шаймұрат Шәукетұлы Отарбаев
  77. Ерғали Сағат
  78. Майкөт Сандыбайұлы
  79. Көсемәлі Сәттібайұлы
  80. Олжас Көсемәліұлы Сәттібаев
  81. Серік Томанов
  82. Сұлтанбеков Ратай
  83. Шона Смаханұлы
  84. Тұрсынбай Тәттібаев
  85. Мұратбек Тәшкенбаев
  86. Байдабек Ахметұлы Төлепбаев
  87. Жақсыбай Төлеубаев
  88. Нысанбек Төреқұлов
  89. Әмір Туғанбаев
  90. Тұрысбек Рақымжан
  91. Әжібек Тұтқышбаев
  92. Байсейіт Қансейітұлы Түймебаев
  93. Әбиірбек Берденұлы Тінәлиев
  94. Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев
  95. Мұқасан Досмұратұлы Шахзадаев
  96. Сәду Шәкіров
  97. Зернебек Шілдебайұлы
  98. Рауза Меңдіахметқызы Қонаева[3]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
  2. Тараз Энциклопедиясы
  3. Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Ысты — Алматы: Издательство Өнер, 2003, 2005. — ISBN 9965-595-60-7.