Мазмұнға өту

Шымыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шымыр
-
Ұраны Қойгелді
Лақап атауы {{{лақап_атауы}}}
Шығу тегі Дулат
Жүзі Ұлы жүз
Тайпасы  {{{тайпасы}}}
Бөлімдері   -
Тараулары    -
Ақсақалы -
Қыстаулары Қызылқұм, Мойынқұм
Жайлаулары Қаратау, Боралдай
Веб-торабы -

ШымырДулат тайпасының құрамындағы төрт рудың бірі. Ру атауының шығуы нақты тарихи тұлғаның есімімен байланысты. Шымыр-Ата туралы ауызша аңыздар халық арасында сақталған, оның мазары да белгілі. Шымыр-Ата Ташкент аймағында өмір сүріп, сонда жерленген. Шымыр-Ата мазары – Ташкент қаласы, Сабыр Рақымов ауданы, Фараби көшесі, мазардың жалпы ауданы 4 га., ішінде Шымыр-Ата кесенесі және мешіті бар, ХІІ-ғасырдан бері белгілі тарихи орын.

Шымырлардың рулық ұраны – «Қойгелді», Қойгелдіге дейін шымырлардың ұраны «Шымыр» болған, жалпы үйсіндік «Бақтияр» ұранын да қолданған. Қойгелді батыр (шамамен 1702-1795 ж. деп қабылданған) шымырлардың рубасы, қолбасы батыры. Қойгелді батыр қазақтардың жоңғар қалмақтарымен, ташкенттік Жүнісқожа қолымен, қырғыздармен соғыстарында дулаттарды ұйымдастырып, қол бастаған. 18-ғ. қазақ-жоңғар соғыстарында жоңғарларға қарсы күресті бастаған. Кейін оның есімі ру ұранына айналған.

Шымырлардың таңбасы Н.И.Гродеков бойынша «ятамга» – деп көрсетеді. Қазіргі бұл таңбаның аталуы «Айшық таңба».

Шымырдың руының шежіресі:

Шымыр руы — Шынқожа, Бекболат, Темірболат ру бөлімдерінен тұрады. Үшеуінің атауын Шынболат, Бекболат, Темірболат деп бірыңғай айту да кездеседі.

Шынқожа ру бөлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шежірелік деректер бойынша Шымыр руының ішінде жолы үлкені Шынқожа. Ауызша тарихи аңыздар оның алғашқы есімі Шынболат еді, кейінірек оның нағашысы және түп нағашысы (әкесінің нағашысы) да қожа әулетінің қыздары болғандықтан халықтың дуалы аузымен Шынқожа деп аталып кетіпті дейді. Шынқожаның таңбасы Н.И.Гродековтың деректерінде көрсетілген. Н. Аристовтың Ұлы Жүз рулары туралы құнды мәліметтер беретін еңбегінде: «по г-ну Южакову у Чемыра показаны сыновья Чинходжа, у него Темиръ и Чокай» деп жазады. Бұл деректі 1867 ж. Шымкент өңірінің қазақтарын аралап, шежіресін жинаған Ю.Д. Южаковтың жасап кеткен шежіре кестесінен алғанын айтады . Тағы сол Н.Аристовтың дерегінде 1865 жылғы «Алатау тізімі» деп аталған құжатта «Шымыр болысында басқа көптеген тармақтарын қосқанда үш бөлім тұрады - Күнту, Сәмбет және Көкірек» деп жазады. Әрине бұл деректердің ғылыми маңыздылығы бар, бірақ Шымыр руының көптеген тармақтары ішіндегі кейбірінің ғана аты аталған. Шынқожа бөлімінің тарқатылуы туралы назар аударарлық нұсқа Кененбай Бірімқұлов шежіресінде беріледі ол бойынша: Бәйбішеден – Қобыланды мен Марсым, тоқалынан Бозқозы мен Бозан тарайды. Қобыландыдан Алдияр, одан Сүгірәлі атты жалғыз ұл туылады. Ел аузында ол Мерген Сүгір немесе Шоқай аталып кеткен. Шоқай – Шынңқожа бөліміндегі жолы үлкен ру болғандықтан, Шынқожадан тараған басқа ру тармақтарына аға рудың атын тіркеп айту қалыптасқан. Мысалы, «Күнту-Шоқай», «Қарағай-Шоқай», «Құттық-Шоқай», «Шымыр-шоқай», «Көкірек-Шоқай» тағы басқалары. Шынқожаның Марсымынан – Қырғызалы, Қонақбай, Садыбай батыр атты үш кісінің ұрпағы тарайды. Бозқозыдан - Күнту ру тармағы шағады. Күнтулардың ұраны "Қанкөшек". Бұл осы рудан шыққан әйгілі батыр, бай-бағлан кісі болған. 1910-1911 жылдар шамасында орыс статисттері Алматы қаласы маңында өмір сүрген Күнтудың Қанкөшек аталығының шежіресін жазып алған. Бұл тарихи дерек ҚР. Ғылым Академиясының кітапханасында сақталынған. Сондағы Күнтудың Қанкөшек атасының шежіресі былай таратылады:

Чимырь — Чингожа — Кунту — Маргозы — Айтимбет — Тенегь — Куттыгадам — Канкучукъ.

Бекболат ру бөлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бекболат Шымырдың ортаншы баласы, одан бес ұл туған — 1. Жиеш, 2. Жиенбет (Боққайнат), 3. Қарымбет, 4. Шілменбет, 5. Мырзамбет (Бестерек). Олардың әрқайсысын біз жеке ру бөлімшелері ретінде тарқатамыз. Алғаш рет орыс зерттеушісі Н. Аристов өз зерттеуінде «Бекбулат с сыновьями Клы, Чильмамбет, Бок-кайнатом» - деп Бекболаттың Құли, Шілмембет, Боққайнат деген үш бөлімінің барлығын естігенін жазады. Бекболаттардың таңбасын зерттеуші Н.Гродековтың деректері бойынша анықтап көруге болады. Жиештен — Жаңабай руы шығады.

Темір ру бөлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Темір ру бөлімі туралы айтылатын ауызшы аңыз әңгімелер көп. Соның бірі — «шын аты Темірболат екен, кейін болаты қалып Темір атала бастаған» — дейді. Темірші ата, Темір әулие туралы бірқатар аңыздар да осы рудың шығуына байланыстырады. Рудың аты темір ұсталығына байланысты шығуы да мүмкін. Бұл туралы зерттеулер жоқтың қасы. Темір руының шежіресі туралы Ш.Құдайбердіұлының еңбегінде, М. Тынышбаeвтың еңбегінде, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востровтардың еңбегінде де ештеңе айтылмайды. Бұл авторлар Шымырдың Темір деген бір бөлімі бар екенін естігенімен таратылуын білмеген соң, одан ары қарай жаза алмаған. Темір руының аталары туралы бізге мәлімет берген дерек, Н. Аристовтың «Опыт выянения этнического состава киргиз-казаков Большой Орды и Каракиргизов» атты еңбегінде: «по г-ну Южакову у Чемыра показаны сыновья Чинходжа, у него Темиръ и Чокай» — деп жазады. В. В. Радловтың «Из Сибири» еңбегінде «Западное крыло Большой орды: сихым около Чимкента, джамыс, темиръ, шымыръ, ботпай у Аулиеаты» делінеді. 1915 жылы шыққан статистикалық зерттеулер жинағында Темір руының аталарының аты жеке-жеке аталады. XX ғ. басындағы «Материалы по киргизскому землепользованию» статистикалық жинақ бойынша Темірдің мына аталарының аты аталынған: «Ердес-темир», «Худайсугур-темир», «Уркунчи-темир», «Акберди-темир», «Кран-темир», «Кедей-темир». Соған қарағанда Темірден таралатын ең негізгі аталар да осылар. Темірлердің негізгі бөлігі Шымкент уезінің Сарыбұлақ болысында жинақталып отырған. Ташкент уезінде біраз Темірлер мекендеді, олар өзін кейде «Темірші» деп те атаған. Темірлердің жауынгерлік ұраны мен таңбасы, малына салған ені туралы бір мәлімет Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Түркістан бөлімі экспедициясының мәліметінде кездеседі. Сол бойынша Ташкент уезінде Атшыбұлақ, Кемербастау деген жерлерде отырған дулаттың Темір руының ұраны «Дулат» болған. Сонымен қатар басқа да өзіндік ішкі рулық аталық ұрандары болғаны айтылады .

  1. Тұрар Рысқұлов
  2. Балуан Шолақ
  3. Бауыржан Момышұлы
  4. Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза
  5. Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров
  6. Биназар Ақеділұлы
  7. Ақмолда Байзақұлы
  8. Байзақ Мәмбетұлы
  9. Мұхамеджан Оразбайұлы Тазабеков
  10. Қойгелді Сартұлы
  11. Ақша Сартұлы
  12. Керімбай Бұралқыұлы
  13. Бармақ ақын
  14. Нұралы Нысанбайұлы
  15. Өзбек Ақжолұлы
  16. Мәмбет Күнбасұлы
  17. Біртаев Құдайберген
  18. Жантоқова Дариға
  19. Марат Даңғылұлы Ілиясов
  20. Өмірбек Бәйгелді
  21. Әбжапар Жылқышиев
  22. Болат Әбжапарұлы Жылқышиев
  23. Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев
  24. Өмірзақ Естайұлы Шөкеев
  25. Төребай Ақбозов
  26. Нұрлан Жапарұлы Түйебеков
  27. Арғынбай Бекбосын
  28. Бөрібай Биқожаұлы Жексембин
  29. Әмзебек Рысбекұлы Жолшыбеков
  30. Оңласын Қарабайұлы Есіркепов
  31. Еркінбек Солтыбаев
  32. Амангелді Кәрентаев
  33. Ілияс Әлімұлы Тортаев
  34. Мақұлбек Байгелдиев
  35. Есен Демесінов
  36. Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Кәрбозов
  37. Жұмабек Сапаралиев
  38. Түзелбай Кірбаев
  39. Сәттібек Оңғарбаев
  40. Сухамбаев Ағәділ
  41. Аяз Бетбаев
  42. Сейітжан Мелдебекұлы Қойбақов
  43. Бауыржан Мелдебекұлы Қойбақов
  44. Құралбек Досжанұлы Ордабаев
  45. Әскер Есенқұлов
  46. Киікбаев Нығметулла
  47. Спартак Смайлұлы
  48. Әліхан Торғауытұлы Мелдебеков
  49. Қозыке Бишімбайұлы Бишімбаев
  50. Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев
  51. Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев
  52. Арқабек Төлебаев
  53. Әзімхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин
  54. Бақтияр Әбілхайырұлы Алдашов
  55. Елен Әбдуатұлы Әлімжан
  56. Кәрім Баялиев
  57. Нарғозы Тұрсынбайұлы Данаев
  58. Әзімбек Көпенұлы Жанқұлиев
  59. Болат Нұретдинұлы Жұмаділов
  60. Орақбай Зубаиров
  61. Бағлан Жиенәліұлы Қарашолақов
  62. Мекемтас Мырзахметұлы
  63. Мәдімар Райымбекұлы
  64. Жақсылық Сәтібеков
  65. Пірімқұлов Түйте
  66. Нұрғали Сарыбеков
  67. Мейірхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин
  68. Мәнтай Жарымбетов
  69. Әбдіқадыр Жүргенов
  70. Сабден Оразалы Сабденұлы
  71. Асқар Исабекұлы Мырзахметов
  72. Қуанышбек Көлбайұлы Бөлтаев
  73. Қасымхан Төлендиев
  74. Әлдеш Жүнісбеков
  75. Пернебек Бейсенов
  76. Әлдихан Қалдыбаев
  77. Құраласов Андасбек
  78. Пернебек Момынұлы Момынов
  79. Достай Жақыпбай Достайұлы
  80. Айнабек Мыңжасарұлы Оспанов
  81. Қалдыкөзов Еркімбек
  82. Қасымбек Шайжанұлы Бейсенов
  83. Қалдыбай Жайлауұлы Пірәлиев
  84. Серік Жайлауұлы Пірәлиев
  85. Әбдеш Құрамаұлы Беделбаев
  86. Жақан Жамбылұлы Молдабеков
  87. Жақсыбай Жантөбетұлы
  88. Қайрат Пернешұлы Қожамжаров
  89. Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев
  90. Дария Пернешқызы Қожамжарова
  91. Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев
  92. Қайрақбаев Мәтқалық
  93. Ардақ Жамансарыұлы Әмірқұлов
  94. Сайлаубек Естайұлы Жұмабек
  95. Төлеген Әлтайұлы Жұмабеков
  96. Сағындық Ордабеков
  97. Сауытбек Ұсаұлы
  98. Қалимолла Бейсеуов
  99. Мейірхан Қуанышбаев
  100. Рахманбердиев Мұсабек
  101. Кәдірбек Уәлиев
  102. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков Бестерек[1]

Түсініктемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Құрастырушы авторы Асангелді Отаров Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Шымыр. — Алматы: Издательство Өнер, 2007. — 816 б. — ISBN 978-601-209-017-8.