Серікқали Аманғалиұлы Брекешев
Серікқали Брекешев | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
10 қыркүйек 2021 — 4 қаңтар 2023 | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Премьер-Министр | Асқар Мамин Әлихан Смайылов | |||
Ізашары | Мағзұм Мырзағалиев | |||
Ізбасары | Зүлфия Сүлейменова | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Аманат | |||
Білімі | Атырау политехникалық институты (1995) | |||
Дүниеге келуі | 14 қазан 1972 (52 жас) Павлодар, Павлодар облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||
өңдеу |
Серікқали Аманғалиұлы Брекешев (14 қазан 1972 жыл, Павлодар) — қазақстандық саясаткер, 2019–2023 жылдары экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарған.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Білімі және мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында туған. Білімін 1995 жылы Атырау политехникалық институтын "Мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша алды.
Мансабын 1995–1997 жылдары «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары ретінде бастады. Бұдан кейін, 1997 жылы Ақтау қаласындағы Салық бөлімінде инспектор болып жұмыс істеді.
1997-1998 жылдары Серікқали Брекешев «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалындағы 8-ші разрядты инженер қызметінде болды.
1998–2006 жылдар аралығында «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері болып жұмыс істеген.
2007-2014 жылдары энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.
2015-2020 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары болды.
2020 жылдың 5 наурызынан бастап 2021 жылға дейін Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
2021 жылғы 10 қыркүйектен бастап 2023 жылдың басына дейін Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|