Мазмұнға өту

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев
Лауазымы
Ту
Ту
Қаржы министрі
Ту
Ту
18 мамыр 2020 — 6 ақпан 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Асқар Мамин
Әлихан Смайылов
Ізашары Әлихан Смайылов
Ізбасары Мәди Такиев
Өмірбаяны
Білімі Нархоз университеті
Дүниеге келуі 25 наурыз 1974 (1974-03-25) (50 жас)
Алматы облысы, Қазақ КСР, КСРО
Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев (25 наурыз 1974, Алматы облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2024 жылғы мамырдан Президент кеңесшісі, бұрынғы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі (2020–2024).

1974 жылғы 25 наурызда Алматы облысында туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша , 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

  • 1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.
  • 1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;
  • 2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Үйлестіру департаментінің директоры.
  • 2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры.
  • 2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
  • 2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі.
  • 2019 жылдың 22 наурызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалған.
  • 2020 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды.
  • 2024 жылғы 6 ақпанда бұл лауазымынан босатылды.
  • Сол жылғы 20 мамырда Президент кеңесшісі болып тағайындалды.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті