Мазмұнға өту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты
Жалпы мағлұмат
Жоғарыда тұрған мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметі
Штаб-пәтері 010000, Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 6 (Үкімет үйі)
Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев
Ресми сайты
primeminister.kz

Қазақстан Үкіметінің аппараты (орыс. Аппарат Правительства Казахстана, 2023 жылдың 2 қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің Кеңсесі) — орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруші мемлекеттік орган.

  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық талдамалық,ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
  • мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, техникалық және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуын және сақталуын бақылау;
  • мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде ақпараттық дерекқор құру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; Үкімет пен Премьер-Министрдің кесімдерін дайындау және атқару процесінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; Мемлекет басшысының кесімдері мен Үкіметке берілген тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзімін бақылау;
  • Премьер-Министр,оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшін олар тиісті құжаттарға қол қою не оларды келісу туралы шешім қабылдауы кезінде оның нәтижелері бойынша қорытындының ақпараттық-ұстанымдық сипаты болатын Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдері жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілеріне сараптама жасау.

Қарамағындағы ұйымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 4-наурыздағы Жарлығымен[1] Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі құрылды.[2]

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 17 қаңтардағы қаулысымен[3] Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымы бекітілді: басшылық; Премьер-Министрдің хатшылығы; үкіметтік ақпарат бөлімі; құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету бөлімі; Үкіметтің Парламент|Парламенттегі өкілдігі]]; заң бөлімі; аймақтық дамыту бөлімі; экономикалық бөлім; өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі; қосымша талдау бөлімі; әлеуметтік-мәдени дамыту бөлімі; сыртқы байланыстар бөлімі; қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлім; кадрлық жұмыс бөлімі; бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі; қаржы-шаруашылық бөлімі; Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес хатшылығы; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы— Министр хатшылығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 31-қаңтардағы қаулысымен[4] Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымындағы "Үкіметтік ақпарат бөлімі" жолы мынадай редакцияда мазмұндалды: "ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі".

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 28-тамыздағы Жарлығымен[5] Қазақстан Республикасы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесін�� қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11-қыркүйектегі қаулысымен[6] Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ереже бекітілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді, бақылау функцияларын және заңнамада әрі осы Ережеде көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 1 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін реформалау жөніндегі кезекті шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 4 наурыздағы № 3377 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1997, №10, 69-бап).
  2. 2 1997-2000 жж. Кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары 2(1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. Қазақстан Республикасы ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 110-115 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).
  3. 3 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 мамырдағы № 592 және 1999 ж. 3 қарашадағы № 1645 қаулыларына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 17 қаңтардағы № 58 қаулысы (Ағымдағы мүрағат).
  4. 4 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 3 қарашадағы № 1645 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 31 қаңтардағы № 145 қаулысы (Ағымдағы мүрағат).
  5. 5 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ГТҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).
  6. 6 "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 29, 327-бап).