Ориноко

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Оңтүстік Америка

Ориноко(Orіnoco) – Оңтүстік Америкадағы Венесуэла мен Колумбия жеріндегі өзен. Ұзындығы 2730 км. Алабының аумағы 1086 мың км2. Шығыс Кордильераның Сьерра-де-Периха жотасының батыс беткейінен басталып, Льянос жазығы арқылы Атлант мұхитына атырау жасап құяды. Негізгі салалары: Вентуари, Каура, Карони (оң), Гуавьяре, Вичада, Мета, Араука, Апуре (сол). Ориноко өзенінің жоғарғы телімінен бөлініп шығатын Касикьяре өзені Амазона өзені алабына құятын жылдық ағынның 1/3-ін құрайды. Мета өзенінің сағасына дейін Ориноко таулы-төбелі жермен ағып, шоңғалдар мен су құламалар (биіктігі 17 м) түзеді. Орта және төменгі ағысындағы аңғары кең (3 – 10 км), жекелеген жерлерде арнасы тарылады. Барранкас қаласынан төмен атырау (ауданы 20 мың км2) жасап, өзен 36 тармаққа бөлінеді; Макарео тармағы бойынша 400 км-дей жерге кеме қатынасы жүзеге асырылған. Жылдық орташа су ағымы 915 км3, сәуірден қазанға дейін созылатын жаңбырлы маусымда тасқын болып тұрады. Ориноко алабындағы кеме жолының жалпы ұзындығы 12 мың км-дей. Теңіз кемелері – Сьюдад-Боливар қаласына, өзен кемелері – Пуэрто-Аякуча қаласына, жаңбырлы маусымда Гуавьяре өзеніне дейін көтеріледі. Ориноко алабында көптеген СЭС салынған. Жағалауларындағы ірі қалалар: Санта-Барбара, Пуэрто-Аякучо, Сьюдад-Боливар, Пуэрто-Ордас (Венесуэла), Пуэрто-Карреньо (Колумбия).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том