Мазмұнға өту

Жанғыш тақтатас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жанғыш тақтатас — органикалық және минералдық заттардан тұратын жұқа қабатты шөгінді тау жынысы.

Суқоймаларының (көл, теңіз, т.��.) түбінде мақтаға ұқсас серне (коллоид) түрінде шөккен органикалық заттар нығыздалып минералдық заттармен араласады. Нәтижесінде, аумағы мыңдаған км²-ге жететін Жанғыш тақтатас түзіледі. Құрамындағы органикалық заттарда көміртек (56 – 82%), сутек (6,8 – 11,5%), азот (5%-ға дейін), күкірт (1,5 – 9%) және оттек болады. Түсі қоңыр, сарғыш қоңыр, сұрғылт. Нақышы жапырақты немесе шомбал. Термиялық өңдеу тәсіліне және органикалық заттардың (керогеннің) құрамына қарай Жанғыш тақтатастан әр түрлі заттар алынады. 200 – 350°С-қа дейін қызған кероген балқыма күйде болады. Оның құрамындағы заттарды еріткіштердің көмегімен ажыратады. Термобитумды 450°С-қа дейін қыздырса, ол ыдырап су, газ және шайыр бөлініп шығады: температурасы көтерілген сайын шайырдан метан мен сутек бөлінеді. Жанғыш тақтатас отын, энергетикалық, химиялық шикізат ретінде пайдаланылады, олардан түрлі битумдар, фармацевтик. шикізат, резина жұмсартқыштарын, зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын улы заттар, т.б. өндіріледі. Жанғыш тақтатасдың күлі аса бағалы тұтқыр зат ретінде құрылыс кірпішін және жылу өткізбейтін материал жасауда пайдаланылады. Қазақстанда Алтайда (Кендірлік), Сарыарқада, Каспий маңында Жанғыш тақтатастың кендері бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы