Қоңыр көмір
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Қоңыр көмір - пайдалы қазынды.
Геологиялық жасы, құрамы, жанғыштығы жөнінен шымтезек пен тас көмір аралығынан орын алады. Шымтезектен тығыздығының жоғарылығымен, ал тас көмірден түрлі реңді қоңыр, қоңырқай түстерімен ажыратылады. Ауада ұсақ бөлшектерге үгілетін қоңыр көмір гумин қышқылды, су тартқыш және ылғалы мол келеді. Жанатын массасында көміртек 55 – 78%, сутек 4 – 6,5%, оттек 15 – 30%, т.б. шайыр 5 – 20%, ұшпа заттар болады, 5400 – 7400 ккал/кг жылу бөле жанады. '[1]
Генетикалық белгілеріне қарай қоңыр көмір тығыз және борпылдақ (лигниттер) болып бөлінеді. Өнеркәсіптік жіктемеде табиғи ылғалдылығы бойынша қоңыр көмір 1Б, 2Б, 3Б сатыларына бөлінеді. Сыртқы белгілері бойынша қоңыр көмір жер сияқты қопсымалы және тығыз түрлерге ажыратылады. Сыну коэффициенті 1,60 – 1,72 аралығында, органикалық массасының меншікті салмағы 1,34 – 1,60. Спирт-бензол экстрактының өнімділігі 3 – 20%, бастапқы шайыр шығымы 5 – 20%. Гумин қышқылының мөлшері 60%-ға дейін ауытқиды, кейде одан да асады. Қоңыр көмірдің адсорбция шамасы жоғары және газ сыйымдылығы мол. Қоңыр көмір генетикалық топтарға, кластарға және петрограф типтерге бөлінеді. қазба көмірлердің көмірлену дәрежесі тұрғысынан жүйеленген тізбегінің ең бастапқы, яғни шымтезек пен тас көмір аралығындағы мүшесі; көмірлену дәрежесі нөлге тең, алайда шымтезектерден біршама каттылығымен ерекшеленеді; қоңыр немесе қоңырқай реңді қара түстерге боялған. Көмірлердің халықаралық жүйесіне сәйкес, Қ.к. мен тас көмірдің аралығындағы шекара оның ылғалды күлсіз массасының жану жылуы 5700 ккал/кг шамасында болуына сәйкес келеді деп есептеледі; Қоңыр көмірлердің орташа жану жылуы 6500��7200 ккал/кг қоңыр көмір әр түрлі геологиялық кезеңдерде қалыптасқан. Қазақстан аумағында негізінен юра кезеңінің қоңыр көмір алаптары мен кен орындары (Майкөбен, Торғай, Қарағанды, Леңгір, Боралдай, т.б.) көп.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология. А.Қ.Қүсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы ЖАҚ, 2003. — 248 бет. ISВN 5-7667-8188-1, ISВN 9965-16-512-2
|
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |