Мазмұнға өту

Есентемір

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Есентемір
Бақан
Ұраны Алдоңғар
Лақап атауы
Шығу тегі ?
Жүзі Кіші жүз
Тайпасы  Байұлы
Бөлімдері   Көн, Тағашы
Тараулары    ?
Ақсақалы ?
Қыстаулары Маңғыстау
Жайлаулары ?
Веб-торабы esentemir.org

Есентемір — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасынан таратылады.[1]

Есентемір руының шығу тегі туралы әр түрлі аңыз әңгімелер айтылады. Үлеңмен жазылған көне шежіренің бірінде Алшынның немерелері Әлімқожа мен Қыдырқожа Сыр бойынан көшкенде Байқожа көшпей қалып қойған. Кейін Байқожаның ауылын қалмақтар шауып, өзі және баласы Ата әйелімен қалмақтың қолынан қа��а табады. Кешікпей Атаның екі інісі Қалпақ пен Естай да өледі. Атадан Темір деген бала қалады. Елтай немере інісі Темірді, Қалпақтың әйелі Күмісті, Естайдың әйелі Күймежанды ертіп Сыр бойына қарай жол тартады. Бірақ аяғы ауыр жеңгелері және кішкене інісі жол жүруге жарамаған соң оларды қайтып келіп алып кетем деп уәде беріп, Елтай әрі қарай жалғыз аттанады. Кейін үшеуін де Сыр бойына өзінің қасына алады. Сыр бойында Қаратаудың тасына шамамен бұдан 271 жыл бұрын қашалып жазылған мына өлең ескі кездегі әңгімені растай түседі:[2]

“Есентемір деген ел едік,
Есебі жоқ көп едік.
Есебін тауып жегенде
Таусылмайтын көп едік...”

Темірдің «Есентемір» атануы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақтың қария сөзінде: Алшынның Сыр бойын қоныстап қалған Байқожа деген немересі ауыл-аймағымен жаугершілікке ұшырайды. Сол жаугершілікте Байқожа өз кіндігінен туған Ата, Қалпақ, Естай деген балаларымен бірге жау қолынан қаза табады. Осылардың ішінде Атаның Темір деген баласы ғана тірі қалады. Темір бүкіл әулеттегі жетім-жесір қалғандарды ертіп, атасы Қыдырқожаның (Байұлы) қолына көшіп келеді. Малы көп болған соң «Бай» атанған Қыдырқожа Темірге жылқысын бақтырады. Бір жылы қыс қатты болып, Темір қалың жылқымен бірге ығып кетеді. Боран басылған соң, Қыдырқожаның жігіттері мал амандауға шығады. Алайда, Темірді де, ол бағып жүрген қалың жылқыны да таба алмайды. Аяқ жетер сұрау салады, бірақ еш дерек болмайды. Ел-жұрт Темірден де, жылқыдан да күдер үзе бастайды. Содан қар кетіп, жер көгеріп, ауыл-ел желпініп жайлауға шыққан күндердің бірінде көкжиектен мұнартып шаң көтеріледі. «Жау ма, дос па?» деп үрпиіскен ауыл-үйдің адамдарынан оқшаулау шығып, Қыдырқожа да көз тігеді. Әлден уақытта белгілі болады, жер қайысқан қалың жылқы ауылға беттеп келеді. Қалың жылқыны бастап алпамсадай Темір ат үстінде келе жатса керек. Сонда көңілі өскен Қыдырқожа «Темірім есен екен ғой!» - деп дауыстап жіберіпті. Темірдің «Есентемір» атануы осыдан еді дейді.[3]

Есентемір Бөкен би

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Атырау алқабында ХVIII­–ХІХ ғасырларда от ауызды, орақ тілді әділ билер көп болған. Солардың бірі – Есентемір Бөкен би. Бөкен мал­мүлікпен шаруасы болмай, жарлы болған. Ел арасындағы аңыздарға қарағанда Бөкен би ат мінсем көңілім өсіп кетеді деп, өгіз мініп жүрген. Бөкен ел ішінің бүтіндігі ағайынның татулығы үшін жанын аямай, күштілердің әлсіздерге істейтін озбырлығына жол бермеген әділ би болған.[4]

Есентемірден: Бақтыгерей, Ботпан.[5]

Бақтыгерейден: Тағысұпы, Тағыберді.
Ботпаннан: (ақпарат жоқ)
Тағысұпыдан: Тағашы.
Тағашыдан: Қожамбет, Әжімбет, Бірдімбет-: Сұлукөз, Оразымбет.
Тағыбердіден: Көн.
Көннен: Қырғыз, Қаратамыр, Қаржау, Жаңай, Бозақар, Қожамқұл, Бессары.
Қожамбеттен: Байқасқа, Қожас, Шағыр, Малай, Қосқұлақ, Құлжұмыр.
Әжімбеттен: Есембет, Төлеке, Байғарай, Майғарай, Үштаз.
Бердімбеттен: Тінібек, Жәнібек, Есім, Көшім, Тышқанбай.
Оразымбеттен: Тілеуімет, Абыз.
Қырғыздан: Сулық, Майлық, Қулық, Баулық, Қожбан.
Қаратамырдан: Алатау, Итақ, Алдоңғар, Ақтау.
Қаржаудан: Алтынбасар-Саңырық, Дүйсенбай, Маңғыбай, Есенбай, Байтүмен, Бесбай, Толыбай.
Жаңайдан: Есіркеп, Жайлы, Тіней, Жиентай, Құттыбай.
Бозақардан: Қарабала-Меңдібай, Орынбай, Көшкейбай.
Қожамқұлдан: Кенжебай.
Бессарыдан: Оспан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шежіре - Есентемір  (қаз.).
  2. Қазақ энциклопедиясы — III том, 12 тарау.
  3. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. — Астана: «Фолиант», 2012 жыл. 83-том: Шежірелік аңыздар. — 448 бет. ISBN 978-601-292-489-3 (83-том)
  4. Есентемір руы туралы  (қаз.).
  5. Есентемір руы туралы  (қаз.).