Мазмұнға өту

Шайдолла Кәрімұлы Кәрімов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шайдолла Кәрімұлы Кәрімов
Туған күні

15 ақпан 1939 (1939-02-15)

Туған жері

Бегайдар ауылы, Новобогат ауданы, Гурьев облысы

Қайтыс болған күні

8 шілде 2020 (2020-07-08) (81 жас)

Қайтыс болған жері

Атырау

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Жұбайы

Нәсіп Сақуалықызы

Балалары

Ғалия, Жұпар, Марат, Айгерим

Марапаттары мен сыйлықтары

Шайдолла Кәрімұлы Кәрімов (15 ақпан 1939 Бегайдар аулы Новобогат ауданы Гурьев облысы - 8 шілде 2020 Атырау[1]) — зоотехник-ғалым, биология ғылымдарының кандидаты. Атырау облысының Құрметті азаматы.

Шайдолла Кәрімұлы Кәрімов 1939 жылдың 15 ақпанда Бегайдар аулында Новобогат ауданы Гурьев облысы дүниеге келген. Руы Есентемір бөлімі Қожамбет, Кіші жүз.

1957-1962 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институттың оқуын бітіріп біліктілігі "Зоотехник" алды.

1962-1964 жылдары Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының "Гурьев" асыл тұқымды қаракөл шаруашылығында зоотехник-селекционер болып жұмыс істей бастады.

1964 жылы Қызылқоға аудандық өндірістік басқармасының бас зоотехнигі болып тағайындалды.

Қазақстан Ғылым Академиясының зоология және эксперименттік биология институтының аспирантурасын бітірген.

9 мамыр 1969 жылы Кеңесінің шешімімен Қазақстан Ғылым Академиясының зоология және эксперименттік биология институтының биология ғылыми кандидаты дәрежесі берілді.

Ембі ауданы тұрғын ауылы "Ембі" совхозының бас зоотехнигі, Махамбет ауданы “Опытное поле” ауылының облыстық мемлекеттік тәжірибе станциясы директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

1976 жылы "Гурьев" асыл тұқымды қаракөл кеңшарының директоры болып тағайындалды.

Гурьев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Гурьев облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Индер аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.

1991 жылы Мақат ауданының әкімі болып тағайындалды.

1992-1994 жылдары Атырау облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары-облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.

1994-1995 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Батыс бөлімі төрағасының бірінші орынбасары.

1995-2003 жылдары Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры.

Қоғамдық қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1990—1993 жылдары XII шақырылымдағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің депутаты.

Әкесі – Кәрім, анасы – Қазыкен.

Зайыбы Нәсіп Сақуалықызы. Отбасында ұш қыз, бір ұл дүниеге келген: Ғалия, Жұпар, Марат, Айгерим.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Енбек Кызыл Ту және Құрмет Белгісі орденінің иегері. Бірнеше құрмет грамоталармен және мемлекеттік медальдармен марапатталды .

2014 жылғы 15 желтоқсанда Атырау облыстық мәслихаттың шешімімен Атырау облысының Құрметті азаматы атағы берілді.

Жарияланымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оның 12 ғылыми еңбегі бар, ол көк түсті қаракөл қойларын өсіруде бірлескен автор, сондай-ақ Жакет тобының Қара қаракөл қойларының Есбол зауытының бірлескен авторы.

Кәрімов Ш. Ғылыми дәрежесін алуға арналған Диссертация кандидаты / Мәскеу, 1969 ҚазКСР ҒА Зоология және эксперименттік биология институты.

Кәрімов Ш. “Бегайдардан басталған жол”.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]