Мазмұнға өту

Қазақстан — Тунис қатынастары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
11:25, 2023 ж. қыркүйектің 22 кезіндегі Нурасылл (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бет)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Қазақстан — Тунис қатынастарыҚазақстан Республикасы мен Тунис Республикасының арасындағы қатынастар.

Дипломатия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

23 қараша 1992 жылы Қазақстан мен Тунис дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі Тунис Республикасы бойынша аккредиттелген.

Визалық саясат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тунис азаматтары Қазақстанға кіру үшін виза қажет.

Қазақстан азаматтарына Туниске кіру үшін виза қажет.

Байланыстар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2019 жылғы 18 желтоқсан - Тунисте ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф Ислам ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі (ISESCO) бас директоры доктор Салим бен Мухаммед аль-Маликпен кездесу өткізді.

2022 жылғы 4 шілде - Карфаген президенттік сарайында Қазақстанның Тунистегі Елшісі (қоса атқарушы) Қайрат Лама Шариф Тунис Республикасының Президенті Каис Саидке сенім грамоталарын табыстады.[1]

Қазақстан мен Тунис арасындағы тауар айналымы 2022 жылы $65,4 млн құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,2 есе жоғары ($30,1 млн.).

2023 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Тунис Республикасының Ауыл, су және балық шаруашылығы министрі Абдельмуним Белаатимен кездесті.

Қазақстан мен Тунис арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 49,6%-ға өсіп, $40 млн. құрады, оның ішінде қазақстандық экспорт 50,1%-ға өсіп,  $34,7 млн. құрады.

Министр Абдельмуним Белаати, өз кезегінде, Тунис Республикасының импорттық және экспорттық әлеуеті туралы, сондай-ақ Африкадағы интеграциялық бірлестіктер, көліктік-транзиттік өзара іс-қимыл мүмкіндіктері туралы хабарлады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]