Қазақстан сыртқы барлау қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Сыртқы барлау қызметі - арнаулы мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының барлау қауымдастығына кіреді (ҚР Қорғаныс министрлігінің Сыртқы барлау органымен қатар). Сыртқы барлау қызметіне басшылықты ҰҚК Төрағасының Орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің Директоры жүзеге асырады
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1993 жылдың 15 қазанында - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қорғаныс министрлігінде барлау бөлімшелерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
- 1997 жылдың 5 қарашасында – ҚР Президенті жанындағы сыртқы барлау бойынша жеке ведомство ретінде «Барлау» қызметі құрылды. Содан кейін, кезекті реформа нәтижесінде ҚР ҰҚК құрамына қосылды.
- 2009 жылғы 17 ақпанға дейін – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі.
- 2009 жылғы 17 ақпанда – ҚР Президенттің Жарлығымен ҚР Президентіне тікелей бағынатын «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі (қаз. Сыртты барлау) қайта құрылды.
- 2019 жылғы 17 маусым – «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі ҚР ҰҚК қосылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі болып атауы өзгертілді.
Негізгі міндеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы барлау қызметі туралы ереже келесі міндеттерді тұжырымдайды:
1) Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасын, Президентін, Парламентін және Үкіметін, мемлекеттік органдары мен мемелекеттік ұйымдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
4) барлау ақпараттарына қол жеткізу және шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдары, террористік және экстремистік ұйымдар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар), сондай-ақ жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне нақты және ықтимал нұқсан келтіруді болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру;
5) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ҰҚК ресми өкілдерімен өзара әрекеттесу арқылы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жасау бойынша шараларды іске асыру
7) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де барлау міндеттерін шешу.
Басшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жанқұлиев Аманжол Қазыбекұлы (2009 жыл 17 ақпан – 2015 жыл 24 ақпан)
- Байжанов Ғабит Жақыпбайұлы (2015—2018) — «Сырбар» ҚР Сыртқы барлау қызметінің басшысы ретінде[1]
- Байжанов Ғабит Жақыпбайұлы (2019жыл 8 қазан — 2023 жыл 3 сәуір) ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры ретінде
- Әмірханов Асқар Баймерденұлы (2023 жылдың сәуір айынан — қ.у.)[2][3]
Ведомстволық марапаттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына сәйкес «Сырбар» ҚР Сыртқы барлау қызметінің ведомстволық наградалары қарастырылады:
- Медальдар:
- «Сырбар» қызметінің ардагері" (Ветеран службы «Сырбар»)
- «Miнciз қызметі үшін» (За безупречную службу) І, II, ІІІ дәрежелері
- «Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін» (За внесенный вклад внешней разведке)
- Төс белгілер:
- «Сырбар» қызметінің үздігі" (Отличник Службы «Сырбар»)
-
1 дәрежелі «Miнciз қызметі үшін» медалі
-
2 дәрежелі «Miнciз қызметі үшін» медалі
-
3 дәрежелі «Miнciз қызметі үшін» медалі
-
«Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін» медалі
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілттемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- http://svr.kz/index.php/en/ Мұрағатталған 7 наурыздың 2016 жылы. ресми вебсайты
- ↑ Ғ.Ж. Байжановты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты.
- ↑ Құқықтық актiлер. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
- ↑ Асқар Әмірханов ҰҚК төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болды. kaz.zakon.kz