Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҚР ҰҚК) | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | Қазақстан |
Құрылған уақыты | 13 шілде 1992 |
Оның алдындағы мекемелер | Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (1954-1991) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (1991-1992) |
Мекемені басқарады | Қазақстан Республикасының Президенті |
Штаб-пәтері | Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 66 |
Қызметкерлер саны | белгісіз (жасырын) |
Жылдық бюджеті | белгісіз (жасырын) |
Төрағасы | генерал-лейтенант Ермек Сағымбаев |
Төрағаның бірінші орынбасары | генерал-майор Әли Алтынбаев |
Ресми сайты | |
gov.kz/memleket/entities/knb |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҚР ҰҚК) — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган. Басты мақсаты — мемлекеттің қауіпсіздігін және біртұтастығын сақтау.
Басты қызметтері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыруға қатысу;
- "Сыртқы барлау туралы" Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделері үшін барлау ақпаратына қол жеткізу;
- Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін, Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдарын саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдауға қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаулармен қамтамасыз ету;
- саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
- Қазақстанның шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жасау бойынша шараларды іске асыру;
- қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;
- мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;
- Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
- Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;
- Қазақстан заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
- Қазақстан Президентін, мемлекеттік органдарын, Қазақстанның Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды бейбіт және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету;
- Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;
- Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;
- Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің қорғалған байланысын ұйымдастыру және Қазақстанның шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету;
- үкіметтік байланыс желілерінің, республикалық қорғалған байланыс желілерінің және ұлттық қауіпсіздік органдарының қорғалған байланыс желілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;
- ұлттық қауіпсіздік органдарында бірыңғай тәсілдерді басқару, қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ олардың қызметін ұйымдастыру;
- Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдай жасау;
- мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
- мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1992 жылы шілденің 13-і күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін 12 жыл - даму мен қалыптасудың, тұрақты жетілудің жылдары болды. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысты болды, Елбасының тапсырмаларымен және уақыт талабымен анықталып отыр. Барлық реформалардың басты мақсаты - Комитетке жүктелген міндеттерді тиімді шешу, егемен Қазақстанның мүддесін қорғау болды.
Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті - кез келген қатер мен сынаққа шұғыл да барабар жауап бере алатын икемді, әрі жоғары білікті арнайы қызмет. Өзінің қарсы барлау тұжырымдамасын жасау нәтижесінде шетелдік арнайы қызмет өкілдерінің әрекеттерін әшкерелеу, олардың белсенділігін бәсеңдету, Ұлттық қауіпсіздік комитетін бақылауға алу мүмкін болып отыр.
Төрағалар тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Болат Баекенов, қазан 1991 – желтоқсан 1993
- Сәт Тоқпақбаев, желтоқсан 1993 - қараша 1995
- Жеңісбек Жұмабеков, қараша 1995 – мамыр 1997
- Әлнұр Мұсаев, мамыр 1997 – Қыркүйек 1998
- Нұртай Әбіқаев, қыркүйек 1998 – тамыз 1999
- Әлнұр Мұсаев, тамыз 1999 - Мамыр 2001
- Марат Тәжин, мамыр 2001 – желтоқсан 2001
- Нартай Дүтбаев — 11 желтоқсан 2001 – 22 ақпан 2006
- Амангелді Шабдарбаев, 2 наурыз 2006 – 7 желтоқсан 2009
- Әділ Шаяхметов, 9 желтоқсан 2009 – тамыз 2010
- Нұртай Әбіқаев, 23 тамыз 2010 – 25 желтоқсан 2015
- Владимир Жұмақанов, 25 желтоқсан 2015 — 8 қыркүйек 2016
- Кәрім Мәсімов, 8 қыркүйек 2016 — 5 қаңтар 2022
- Ермек Сағымбаев, 6 қаңтар 2022 — қазіргі уақыт
Басшылық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сағымбаев Ермек Алдабергенұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (2022 жылғы 6 қаңтардан бастап)
- Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары (2024 жылғы 16 қыркүйектен бастап)
- Төлеуов Асхат Қалмағамбетұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары - Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы (2023 жылғы 13 сәуірден бастап)
- Наймантаев Алмас Тілепбергенұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары (2024 жылғы 23 қыркүйектен бастап)
- Сарқұлов Руслан Серікұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары (2024 жылғы 25 қыркүйектен бастап)
- Рахымбердиев Бақытбек Төлешұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызмет бастығы (2024 жылғы 18 қыркүйектен бастап)
- Құнанбаев Берік Садықұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің Директоры (2022 жылғы 6 қаңтардан бастап)
- Алдажұманов Ерлан Ерғалиұлы — генерал-майор, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директоры (2022 жылғы 23 мамырдан бастап)
- Жұмабаев Марат Қабиденұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің Директоры (2024 жылғы 23 қыркүйектен бастап)[1]
Құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5 ведомствосы бар:
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "А" арнаулы мақсаттағы қызметі;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі.[2]
- Қарамағындағы ұйымдар
- "Қазимпэкс" республикалық орталығы" ЖШС
- ҚР ҰҚК "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ
- ҚР ҰҚК "Алмас" ШЖҚ РМК
Аумақтық органдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ұлттық қауіпсіздік комитеті
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті.
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекар�� қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Астана" шекаралық бақылау басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы
Қарамағындағы мемлекеттік мекемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ұлттық қауіпсіздік комитеті
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің емханасы бар орталық әскери госпиталі.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласындағы емханасы бар өңірлік әскери госпиталі.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы емханасы бар өңірлік әскери госпиталі.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша тергеу изоляторы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша тергеу изоляторы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша тергеу изоляторы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Арнаулы мақсаттағы басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызметтік кинология басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Техника мен қару-жарақты жөндеу басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Ақтау" жабдықтау басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" жабдықтау басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасы.