Мазмұнға өту

Қазалы ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Қазалы ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Қызылорда облысы

Аудан орталығы

Әйтеке би кенті

Ауылдық округтер саны

19

Кенттік әкімдіктер саны

1

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

41

Қала саны

1

Әкімі

Мейрамбек Шермағанбет

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Әйтеке би кенті, Нұрмұхамедұлы көшесі, №130

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°51′00″ с. е. 61°59′24″ ш. б. / 44.85000° с. е. 61.99000° ш. б. / 44.85000; 61.99000 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°51′00″ с. е. 61°59′24″ ш. б. / 44.85000° с. е. 61.99000° ш. б. / 44.85000; 61.99000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

37,4 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

78 614[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (99,63%), орыстар (0,24%), басқа ұлт өкілдері (0,13%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

N22K2M9 (120400)

Автомобиль коды

11

Қазалы ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Қазалы ауданы

Қазалы ауданыҚызылорда облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 37,4 мың км2. Орталығы – Әйтеке би кенті.

Географиялық орны, жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан батысында Арал, шығысында Қармақшы аудандарымен, солтүстігінде Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі.

Ауданның жері Тұран ойпатында орналасқан. Солтүстігінде Арал қарақұмы, оңтүстігінде Қызылқұм жатыр. Ауданның ең биік жері Арал қарақұмында (Жуантөбе тауы, 136 м).

Қазалы ауданы 1928 жылы құрылып, Қазалы қаласы 1958 жылға дейін аудан орталығы болды. 1958 жылы аудан орталығы Жаңақазалы кентіне (қазіргі Әйтеке би кенті) көшірілді.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Ауаның орташа температурасы қаңтар айында – 9 – 13 0С, шілдеде 30–32 0С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100–150 мм. Сырдария өзені аудан жерінің орта тұсынан өтеді. Қазалы қаласының маңынан Қазалы каналдары (оң жақ, сол жақ каналдары) және Жаңаарық каналы бастау алады. Сырдария өзенінің Қуаңдария, Ескідариялық және Жаңадария атты ескі арналары бар. Топырағы негізінен, құмды сортаңды болып келеді. Кейбір жерлері (ауданның шығысы) тақыр. Аудан жерінде шөлге төзімді бозжусан, жүзгін, жиде, сексеуіл, қарасексеуіл, теріскен, Арал Қарақұмы маңында астық тұқымдас шөптесін аралас бозжусан, өзен, көл маңында қамыс, құрақ өседі. Пайдалы жабайы өсімдіктерден қызылмия, тәттітамыр, жұмыршақ, тұмаршөп, итсигек, ақши, Рихтер сораңы, кәдімгі адыраспан, т.б. дәрілік шөптер өседі. Аудан жерінде шөлді ландшафтың жануарлары – кіші саршұнақ, атжалман, шағыл мысығы, құмқояны, құлақты кірпі, құмтышқан, қарсақ, сасықкүзен, қасқыр, түлкі, күзен, ақбөкен, доңыз, ондатра, қырғауыл, т.б. мекендейді.

1939 1959 1970 1979 1989[3] 1999 2009[4] 2021
 62496 48006 72250 80946 71652 68777 72315 77757

Халық аудан аумағында біркелкі қоныстанбаған. Тұрғындардың 90%-дан астамы Сырдария өзенінің аңғарында және оның тармақтары бойында қоныс тепкен. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 2 адамнан келеді. Тұрғындар саны – 77 185 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,55%, орыстар – 0,29%, басқа ұлт өкілдері – 0,17%.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

42 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдік пен 19 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Ақжона ауылдық округі Майдакөл ауылы 1 1042
Алға ауылдық округі Түктібаев ауылы 1 1758
Аранды ауылдық округі Қожабақы ауылы 2 2020
Арықбалық ауылдық округі Жанқожа батыр ауылы 1 1531
Әйтеке би кенттік әкімдігі Әйтеке би кенті 1 44502
Басықара ауылдық округі Басықара ауылы 1 1112
Бозкөл ауылдық округі Бозкөл ауылы 1 911
Бірлік ауылдық округі Бірлік ауылы 1 748
Көларық ауылдық округі Ақтан батыр ауылы 1 1468
Қазалы қалалық әкімдігі Қазалы қаласы 1 7324
Қарашеңгел ауылдық округі Жалаңтөс батыр ауылы 6 1562
Құмжиек ауылдық округі Пірімов ауылы 4 1600
Қызылқұм ауылдық округі Кәукей ауылы 2 1208
Майдакөл ауылдық округі Бекарыстан би ауылы 1 2617
Майлыбас ауылдық округі Ақсуат ауылы 7 1721
Мұратбаев ауылдық округі Мұратбаев ауылы 1 1487
Өркендеу ауылдық округі Жанкент ауылы 1 1282
Сарыбұлақ ауылдық округі Сарыбұлақ ауылы 1 476
Сарыкөл ауылдық округі Абай ауылы 2 1176
Тасарық ауылдық округі Тасарық ауылы 3 882
Шәкен ауылдық округі Шәкен ауылы 3 680

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1,67 мың га, оның 10,2 мың га-ры жыртылған, 9,8 мың га жеріне астық дақылдары, 4,9 мың га-ға мал азықтық шөп егілген. Шабындығы 27,9 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Аудандағы ірі қара мал саны 39,2 мың бас, қой мен ешкі 97,85 мың, жылқы 8,1 мың, түйе 3,46 мың бас болды (1.1.2005). Ауыл шаруашылық саласында 245 агроқұрылым жұмыс істейді, оның екеуі мемлекеттік шаруашылық, 21 серіктестік, 10 акцион. қоғам, 1 ӨК, 224 шаруа қожалығы және 6 басқадай құрылымдар бар. Ауданда шаруашылық субъектілер саны 293 (2005), оның ішінде мемлекеттік қазыналық кәсіпорын саны 33. Бұлардан басқа 7 АҚ, 110 ЖШС, 2 ӨК және 139 басқадай ұйымдар бар. Шағын бизнес нысандарының саны 1953, оның ішінде жеке кәсіпкерліктер 1655. Өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 22 кәсіпорын (оның 20-сы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейді), ауыл шаруашылық кәсіпорындар саны 132, құрылыста 5, көлік және байланыста 140, сауда саласында 1218, т.б. іскерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың саны 92. Жалпы су құбырларының ұзындығы 265,9 км.

Әлеуметтік құрылымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жалпы білім беретін 41 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 11 балабақша, 1 мұражай, 24 кітапхана, 8 мәдениет үйі, 14 клуб, 2 стадион, 17 спорт залы бар. Денсаулық сақтау саласында 10 аурухана, 1 емхана, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 ауылдық дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді. Қазалы ауылы арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 427 км, оның 170 км-і республикалық маңызы бар жолдар.

Тарихи құндылықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан аумағында 10 – 11 ғасырлардағы Оғыз қағандығының орталығы Жанкент қалашығыының орны бар. Мұнда Орақ батырға, Жанқожа батырға кесенелер, т.б. тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатылған. Аудан жерінде Жалаңтөс пен Әйтеке, Жанқожа мен Ақтан, Ашабай мен Сырлыбай, Жылқыайдар мен Жетес, Үмбет пен Ерімбет, т.б. әйгілі батырлар мен би-шешендер өмір сүрген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]