Қуаңдария
Қуаңдария | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 383 км |
Су ағысы | |
Бастауы | Тасбөгет кенті маңы |
Сағасы | Бозкөл (Ақсай) ойпаты |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қызылорда облысы Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандары |
Қуаңдария – Сырдария өзенінің сол жағалаулық аңғарымен өтетін арна.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қызылорда облысы Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 383 км.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бастауын Қызылорда қалалық әкімдігі аумағындағы Тасбөгет кенті маңынан алады.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арнасының бірінші бөлігі сағасынан бастап 59,5 км-ге дейін Тамырбөгет деп аталады. Оның 9,5 км-ге дейінге ені 60-100 м, тереңдігі 9 м, 9,5 км-ден 59,5 км-ге дейінге тереңдігі 1-2 м, ені 30-70 м. Өзеннің 59,5 км-інен бастап, 100 км-ге дейінгі ені 40-125 м, тереңдігі 2,5 м болатын Арал теңізіне жалғасатын бөлігі Бозкөл (Ақсай) ойпатына құяды. Арнасымен көктемде 3-4 күн су ағады. Қуаңдария үрме құмдар әсерінен өзгеріп отырады. 20 ғасырдың 50-жылдары мұнда бірімен-бірі өзектер арқылы жалғасып жатқан Ақсай-Қуаңдария көл жүйесі болған. Өімен аттас ауылға дейін (Қармақшы ауданында) жүйе арқылы су жүреді. Қуаңдария және оңтүстігіндегі Жаңадария өзендері алабында көптеген каналдар тартылған. Қуаңдарияның бойында көне заманнан қалған ирригация жүйесінің құрылыстары жиі кездеседі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5