Арал қарақұмы
Арал қарақұмы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 35 км² |
Климаты | |
Қаңтардағы орт. температура | –12 – 14 °C |
Шілдедегі орт. температура | 25 – 26 °C |
Орналасуы | |
46°41′18″ с. е. 63°01′09″ ш. б. / 46.68833° с. е. 63.01917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°41′18″ с. е. 63°01′09″ ш. б. / 46.68833° с. е. 63.01917° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақтар | Ақтөбе облысы, Қызылорда облысы, Ұлытау облысы |
Орналасуы | Арал теңізінің солтүстік-шығысы |
Арал қарақұмы – Арал теңізінің солтүстік-шығысында жатқан құмды шөл.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арал теңізі мен Торғай үстіртінің аралығын, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстары аумағының бір бөлігін алып жатыр. Аумағы 35 мың км² шамасында.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құм алқабы бор және палеоген жыныстарының үгілуінің нәтижесінде түзілген. Қазіргі кезде оған жел айдап әкелген Арал теңізінің құм шөгінділері қосылуда. Алқап беті солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарып, Арал теңізі маңында жағалық құм белдеуіне ұласады. Біртұтас құм алқабы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ойысты жеке бөліктерге бөлшектенген. Одан жоғары Көлқұдыққұм, Жіңішкеқұм, Алаайғырқұм, Үлкенқұм орналасқан. Арал қарақұмы жер асты суына бай. Тұщы суы жер бетінен 2 – 3 м тереңдікте, артезиан суы бор және палеоген жыныстарының қабаттарында, яғни 100 – 200 м тереңдікте жатыр. Олардың минералдану дәрежесі әр түрлі (тұщы, кермек, ащы).
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арал қарақұмының климаты тым континенттік, құрғақ. Қаңтардың орташа темпертурасы –12 – 14°С, шілдеде 25 – 26°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100– 150. Булануы 1400 – 1600 мм. Қыста қар жұқа түседі (қалыңдығы 5 – 6 см-ден аспайды). Сусыма құмды алқаптар мен ойпаңдарда қоңырқай топырақ арасынан сорлар ұшырасады.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Белесті құмды жазықтарда еркек шөп, жусан, жүзгін, құм сұлысы, қияқ, ойпаңдарда ши, айрауық, қамыс, сор жерлерде сарсазан, көкпек, бұйырғын өседі. Ұсақ кемірушілерден сарышұнақ, қосаяқ; бауырымен жорғалаушылардан кесіртке, жылан, тасбақа: жыртқыштардан қасқыр, қарсақ, сондай-ақ қыста ақ бөкен мекендейді. Арал қарақұмында жыл бойы мал жайылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы I том