Мазмұнға өту

Футболдан әлем біріншілігінің кубогы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жюль Риме кубогы1962 жылғы әлем чемпионатында

Әлем біріншілігінің кубогы (ағыл. The World Cup, фр. Coupe du Monde) — әлем чемпионатының бас жүлдесі, жеңімпаздарға келесі әлем чемпионатына дейін иеленіп тұруға беретін алтын кубок. 1930-70 жылдары Жюль Риме кубогы, 1974 жылдан соң ФИФА әлем кубогы сарапқа салынады.

Жюль Риме кубогы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жюль Риме кубогы әуелде "Жеңіс" деп аталды. 1946 жылы әлем чемпионатының инициаторының құрметіне Жюль Риме деп өзгертілді. Ол француз шебері Абель Лефлердің қолынан шыққан. Салмағы 3,8 келі, биіктігі 35 сантиметр. Алтындатылған күмістен жасалған, лазуриттен құйылған. 1970 жылы Бразилия құрамасы үшінші рет чемпион атанды да кубокты өздеріне мәңгі сақтауға алды. Бірақ 1983 жылы қолды болды да, қайтадан табылмады. Бразилия федерациясы Eastman Kodak компаниясына кубоктың көшірмесін жасатып алады да, 1984 жылы қайтадан сақтауға қойылады.

Алтын кубок оған дейін де бір жоғалып табылған. 1966 жылғы чемпионат басталардан 4 ай бұрын Лондонның Вестминстр сарайында тұрған жерінен ұшты-күйлі жоғалып, абырой болғанда артынша бақтың ішінен табылады.

1938-50 жылдары ол кубокты 12 жыл бойы Италия иеленіп тұрды. Себебі, екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан 1942, 1946 жылдарға белгіленген чемпионат өткізілген жоқ. ФИФА-ның Италиялың вице-президенті Отторино Барасси римдік банктердің бірінде сақтаулы тұрған жерінен ешкімге сездірмей алып кетіп, өз үйіндегі кереуеттің астына сақтаған екен. Ондағы ойы — кубок ұлтшыл-диктаторлардың қолына түссе олар мүлдем құртады деп қауіптеніпті.

Жюль Риме кубогы 9 әлем чемпионатында бас жүлде ретінде сарапқа салынса, соның үшеуінде Бразилия жеңіске жеткен. Одан бөлек Италия мен Уругвай екі реттен, Англия мен ГФР бір реттен ұтып алған.

ФИФА әлем кубогы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1974 жылдан бастап жаңа кубок, италиялық скульптор Сильвио Газаниго жасаған кубок сарапқа салына бастады. Биіктігі 36 сантиметрлік кубоктың құрамында 18-караттық алтыннан құйылған, салмағы бес келі шамасында. Төменгі жағына жеңімпаз елдің аты мен ұтып алған жылы жазулы тұрады. Әзірше ол кубоктың қашанға дейін сарапқа салынатыны белгісіз.

Жаңа кубок 11 рет сарапқа салынды. Әзірше оның алғашқы жеңімпазы да, соңғы жеңімпазы да Германия құрамасы. Олар үш рет өздеріне сақтауға алды, және де екі рет Аргентина, екі рет Италия, екі рет Бразилия, бір рет Франция, бір рет Испания ұтып алған.