Мазмұнға өту

Саксония еркін мемлекеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Саксония федералды жері
Freistaat Sachsen
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Германия

Премьер-министр

Майкл Кречмер[1]

Тарихы мен географиясы
Жер аумағы

18 415,51 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

4 205 131 адам

Тығыздығы

229 адам/км²

www.sachsen.de

Саксония федералды жері картада

Саксония еркін мемлекеті (нем. Freistaat Sachsen) — Германия Федеративтік Республикасының федералды жері. Астанасы— Дрезден.

Қазіргі Саксония федералды жерінің территориясын X ғасырда герман тайпалары қоныстаған. Бұл территорияда Мейсен маркграфтылығы құрылды(алғаш рет 968 жылы атап өтті). 1123 жылы Мейсенде Веттин династиясы билік жүргізе бастады. 1270 жылы Мейсен маркграфтықтың астанасы Дрезден болды.

1409 жылы Прага толқуларының нәтижесінде мыңдаған студенттер мен мұғалімдер, сол кездегі Мейсен маркграфтықтың сауда отралығы Лейпцигке көшіп, сол жерде Вагнер, Гёте, Лейбниц, Мюнцер, Фридрих Ницше, Радищев, Шуманн Роберт және т.б. ғылым және өнер қайраткерлері оқыған атақты Лейпциг университетін негізін қалады.

1423 жылы мейсен маркграфына Фридриху IV мұрагерлерсіз қалған Саксен-Виттенберг герцогтігі (қазіргі Саксония-Анхальт жерлері) және Саксонияның курфюрст лауазымы берілді.

1806 жылы Фридрих Август I Саксония патшалығы лауазымына ие болды.Еуропада Наполеонның талқандауынан шекараны жабу нәтижесінде Фридрих Август I иелігінің үштен екі бөлігінен айырылды. Саксен-Виттенберг территориясы Пруссияға өтіп, прусстік Саксония провинциясының бөлігіне айналды.Фридрих Августқа тек бұрынғы Мейсен маркграфтылығының (Саксония корольдігі атындағы) жерлерін қалдырды.

Саксония Патшалығы Герман империясының құрамына 1870 жылы кіріп, 1918 жылға дейін монархия болып қала берді. 1918 жылы 8 қарашада жұмыскелер мен солдаттардың Кеңесі Саксонияның билігіне келді. Германияның социал-демократиялық партиясының политигі Флайсснер 1918 жылы республиканы (еркін мемлекет) жариялады, ал 2 күн өткен соң саксон королі Фридрих Август III тақтан бас тартты.

1934 жылы Еркін мемлекет таратылды. 1945 жылдың 25 сәуірінде Саксония жерінде, Эльба жағалауында, Торгау қаласының жанында советтік және америкалық әскерлер кездесті - яғни Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Соғыстан кейін 1945 жылы Германияның советтік зонасында бұрынғы Саксонияның еркін мемлекетінен және батыс Пруссияның провинциясы Силезиядан Саксония жері құралды.

1952 жылы 23 шілдеде "ГДР жерлерін басқару және тарату реформасы" заңы бойынша Саксония Дрезден, Лейпциг, Карл-Маркс-Штадт болып бөлініп, шың негізінде жойылды.

Саксония еркін мемлекеті 1990 жылдың күзінде қайтадан құрылып, Германияның жері болды.

Мемлекеттік құрылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Заң шығару органы - Саксон Ландтагі (Саксон Земдік Сейм). Атқарушы орган - Саксон премьер-министрінен және мемлекеттік министрлерден (штатсминистрлер) құралған Мемлекттік Саксон Үкіметі. 1934 жылға дейін Саксонияның атқарушы органы Ортақ Министрлігі (Gesamtministerium) болды, ол Ортақ Министрлігінің Төрағасынан (Vorsitzende des Gesamtministeriums) (1919 жылдан бастап Министр-Президент) және Ортақ Министрлігінің мүшелерінен (Mitglieder des Gesamtministeriums) құралған.

Жаңа федералдық жерлердің орналасуыТөменгіСаксония (солтүстік-батыста), Саксония-Анхальт (орталықта) и СвСаксония еркін мемлекеті (оңтүстік-шығыста).

Саксония батыста Тюрингиямен және Саксония-Анхальтпен, солтүстікте Бранденбургпен, шығыста Польшамен, оңтүстікте Чех Республикасымен және оңтүстік-батыста Бавариямен шекаралас. Шекараның ұзындығы 1190 км шамасында.

Шекаралық пункттер:

Саксония - Германияның ең шығыс жері. Ол ежелгі индустриалдық дәстүрлерді қамтиды. Ең үлкен қалалар - Лейпциг (510 мың тұрғындар), Дрезден (480 мың тұрғындар) және Хемниц (250 мың тұрғындар).

Ең маңызды таулар - Рудный таулары, Лужицкий таулары және Саксон Швейцариясы. Фихтельберг тауы Саксония Рудный тауларының ең жоғарғы нүктесі (1215 м) болып табылады. Ең маңызды (және ең үлкен) өзені - Эльба, ол Саксонияны оңтүстік-шығыстан солтүстік-бастысқа дейін кесіп өтеді. Маңызды өзендер - солтүстікке ағатын және Эльба өзеннің жүйесіне қатысты Мульде, Вейсериц, Чопау, Вейсе-Эльстер және Шпрее өзендері болып табылады. Шығыстан Саксония Одра өзеніне құйылатын Нейсе өзенімен шектеледі.

  • Қарыздар: Жан басына шаққанда 3 783 € (2002)
  • Жалпы қарызы: 16,5 миллиард € (2002)

Лейпциг, Фрайберг, Дрезден және Хемниц қалаларында университеттер орналасқан.

Саксония көптеген зәулім сарайлар мен көркем өрнектелген парктерге бай. Дрездендік Цвингермен қоса туристерді Морицбург сарайы, Раменау сарайы, Клаффенабах қорғаны, айналасы сумен толған орлармен қоршалған Пильниц паркі және сарайы, сонымен қатар Хайденау-Гросзедлиц бақшалы-парк ансамблдеріне шақырады.

  1. Гёрлиц
  2. Баутцен
  3. Саксон Швейцариясы — Шығыс Рудный Таулары
  4. Майсен
  5. Ортаңғы Саксония
  6. Рудный Таулары
  7. Лейпциг (аудан)
  8. Солтүстік Саксония
  9. Цвиккау (аудан)
  10. Фогтланд

Еркін қалалар (Kreisfreie Städte)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Дрезден
  2. Лейпциг
  3. Хемниц
20 мың тұрғындарынан асатын қалалар
31 мамыр 2011 жыл бойынша
Лейпциг 524,7 Циттау 28,1
Дрезден 524,4 Гримма 27,7
Хемниц 242,8 Майсен 27,5
Цвиккау 93,4 Делич 26,2
Плауэн 65,9 Лимбах-Оберфрона 25,3
Гёрлиц 55,5 Глаухау 24,4
Фрайберг 41,3 Марклеберг 24,3
Баутцен 40,6 Вердау 22,5
Фрайталь 39,3 Аннаберг-Буххольц 21,8
Пирна 38,6 Косвиг 21,2
Хойерсверда 37,1 Криммичау 20,7
Риза 33,8 Борна 20,6
Радебойль 33,7 Дёбельн 20,2

Коммуналдық реформа

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2008 жылдың 1 тамызынан Саксония аудандарының саны 22-ден 10-ға дейін, ал аудан саны 7-ден 3-ке дейін азайды.[2]

Саксонияның аймақтары — Sächsisches Elbland, Leipziger Tieflandsbucht, Рудный таулары, Саксон Швейцариясы, Фогтланд және Жоғарғы Лужица.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Sachsen

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Merkel Ally Resigns as Saxony’s Leader After Losses to AfD (18 қазан 2017).
  2. Sächsisches Kreisgebietsneugliederungsgesetz Мұрағатталған 3 қарашаның 2012 жылы. (PDF, 1,1 MB)