Мазмұнға өту

Бавария

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бавария федералды жері
Freistaat Bayern
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Әкімшілік орталығы

Мюнхен

Премьер-министр

Маркус Зёдер (ХСС)

Тарихы мен географиясы
Жер аумағы

70 549 км²

Ірі қалалары

Мюнхен

Тұрғындары
Тұрғыны

13.003.252 млн (2018-05-30)(31. Januar 2018)[1][2] адам (2018)

Тығыздығы

178,10 адам/км²

Бавария федералды жері картада

Бавария федералды жері Ортаққорда

Бавария (нем. Bayern, ресми атауы Freistaat Bayern) — Федералды Германия Республикасының оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы федералдық жер, ФРГ-да көлемі жағынан ең үлкен федералды жер болып есептеледі.

Әкімшілік бөлінуі: Жеті әкімшілік округ – Жоғарғы Франкония, Ортаңғы Франкония, Төменгі Франкония, Жоғарғы Пфальц, Төменгі Бавария, Жоғарғы Бавария, Швабия.

Астанасы – Мюнхен.

Негізгі тұрғындар – баварлықтар, франкондықтар және швабтар.

Бавария территориясынан өтетін Дунай өзені

Баварияның негізгі қалалары - Мюнхен, Нюрнберг, Аугсбург, Вюрцбург и Регенсбург. Баварияның шығысында Франкон Орманы, Фихтель таулары, Оберпфальцер және Бёмервальд таулары, оңтүстігінде Альп таулары, батысында швабтық Штуфенланд жері және солтүстігінде Шпессартпен Рен орналасқан.

Баварияда үлкен германдық ландшафтың үш бөлігі орналасқан: солтүстік Калькальпен және Альп таулары өзінің қызықтыратын өзендерімен, Бавариялық қыратпен қоса әдемі дөңді жерлері Дунай өзеніне дейін созылып жатыр.

Баварияда көптеген өзендер бар, оның көбісі Дунаймен байланысып жатыр. Баварияның солтүстік-батысында Майн өзені ағып жатыр, Франкондық орманының және Фихтельгебирге орманының бөктерінен Заале өзені бастау алады. Рейн және Дунай бассейні 1992 жылы Рейн-Майн-Дунай каналымен біріктірілген.

Дунай - Еуропада көлемі бойынша Еділден кейін екінші орын алады. Өзен арнасы кейбір жерлерінде бөгеттермен қоршалған.

Бавария - өзендер отаны. Шамамен 1600 өзен Альп тауларына құйады. Ең ірі - Кимзее, Аммерзее, Штарнберг, Тегернзее, Кенингсзее өзені, ең тереңі - Вальхензее (192 м.).

Франкондық Альб және Бавардық Альптың оңтүстігінде көптеген үңгірлер мен шахталар бар. Баварияның ең үлкен үңгірі - Зальцграбенхёле (Salzgrabenhöhle, 7800 м).

Баден-Вюртемберг 829 км
Гессен 262 км
Тюрингия 381 км
Саксония 41 км
Чехия 357 км
Аустрия 816 км
Бодендік өзен 19 км — Боден өзені бойынша Бавариямен Швейцария шекарасы орналасқан.
Альп тауларының Бавариядағы көрінісі

Бавария Тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1880 жылға дейінгі ерте тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ерте бавар жерлеріңдегі көне адамдардың шығу тегі кельт, оңтүстігінде шығу тегі этрусктермен аралас, дәлірек: виделиктер Инн жазық үстіртеріне дейін, ал шығысында нориктер, Альпте реттер, ал солтүстігінде бойи тайпалары мекен етті, ең басты тұрағы Чехия болып келетін. Сәтті қорғаныс үшін - Галия, варварлардан қорғаныс үшін Август өз қолбасшыларына Друзу мен Тиберияға осы жерлерді басып алуды міндеттеді, және оларды провинцияға айналдырды: Реция және Аугсбург атты басты қаласымен, және де Норик. Бұл қалалардың шекарасы Инн өзеннің ағысы болды. Бірақ, уақыт өте бере, III жүз жылдыққа дейін бұл екі провинцияға германдық тайпалардан қауіп төне бастады. V жүз жылдықта бұл жерлерде герулар, ругтар және скирлар тайпалары мекен етті. Бассыздық орнау алып, оны мемлекеттің алдымен остготтардың, ал одан соң 530-540 жылдары, Австразияның франктық корольдердің қол астында болуына әкеп соқты. Бірақ, ертерек, VI жүз жылдықтың басында жаңа келімсектер пайда болды, оның арасында көзге түсерліктері Богемиядан қоныс ауыстырған маркомандар мен квад тайпалары. VI жүз жылдықтың ортасынан бастап, алда Агилольфинг тегінен шыққан герцогтер болды.

Герцог билеген жері Лех пен Энс өзен арасындағы аймақтар, Фихтель мен Триденттік Альп таулары. Аты тарихта қалған, бірінші герцог - "Гарибальд I", оның Регенсбургте өз резиденциясы болатын. Лангобардтармен бірігіп, франктердің үстемдігіне қарсы тұрды, бірақ жеңіліске ұшырап, бейбітшілік сұрауға мәжбүр болды. Герцогтың туысқаны "Тассилон I" мұра етті, славяндарға және олардың одастақтары аварларға қарсы бірінші болып қарулық күштер қолданды. Оның ұлының заманында, "Гарибальде II", баварлықтар франктық Дагоберт королінен алғаш жазылған заңдар жинағын алды. Корольдің шақыртуымен Баварияға киелі Евстахий мен Агил христиан діңің үгіттеді. Ақырғы христиан діңінің "Теодоне" заманында франктық Руперт, Эмеран және Корбиниан миссионерлерімен енгізілді.

Герцог Одилон (737-748 жылдары), Карл Мартелланың күйеу баласы, формальдық түрде корольдық титулын қабылдады, бірақ оның франктық корольдердің билігіне қарсы тұру талпынысы жеңіліске ұшырады, сөйтіп Карломан мен Пипин оны корольдік тақтан түсірді. Оның заманында Бонифаций архиепископы бавардық шіркеуді 4 епископстваға бөлді: Зальцбург, Пассау, Регенсбург және Фрайзинг, сонымен қатар бірнеше монастырлер пайда болды.

"Тассилон III" (748-788 жылдары) Пипин Короткиге мемлекеттік сеймде дәлділігіне ант беруге мәжбүр болып, оның иеліктерің өзіне мұра етіп алды. Соңында, берген антың бұзып, өз қайын атанасымен, лангобартық король Дезидерия және аквитанттық Герцогпен қосылып, франктарға қарсы шықты. Дезидеридің жеңілісінен кейін Ұлы Карл оның одақтасына қарсы шығып, оны қайта ант бергізіп, тұтқындағыларды босатуын талап етті. Бірақ, Тассилон оған көңбей аварлармен араласа бастады, сол үшін Ингельгеймдегі мемлекеттік сеймге 788 жылы қайта шақыртылып, берген антың ұстамағаны үшін өлім жазасына тартылды. Ал бүкіл отбасысы шіркеуге атандырылып, тұқымы жойылды. Дегенмен, Бавария герцогтың меншілігінде қала берді, сонымен қатар өзінің көне заңдарын сақтап қалды. Бірақ, бірнеше округтерге бөлініп, графтардың қол астында қала берді. Сөйтіп, Бавария Франктық мемелекеттің провинциясына айналды, солармен тең саяси ұйымына ие болды.

X ғасырдағы Бавария

Ұлы Карлдың бұйрығы бойынша, мемлекеттің бөлінуі кезінде, Бавария Италиямен бірге Пипин Корольның ұлына берілді, әкесінің заманында қайтыс болған. Қайырымды Людовик, Ұлы Карлдың мұрагері, басында басқару билігін өзінің үлкен ұлы Лотарге берді, бірақ 817 жылғы тең бөлінуі кезінде Людовик II қол астына өтті. Ол өзін rex Bojoariorum деп атап, Регенсбургты өз резиденциясы реттінде таңдады. Людовик славян халықтарымен үзіліссіз соғысты. Сол уақытта Епсикокоптердің билігі қатая бастады, сонымен қатар пфальцграфтердің де билігі қуаттана бастады. Людовиктің өлімінен кейін (876 жылы), оның ұлы Карломан Баварияның Король атағына ие болды, ол кезде Баварияға Каринтия, Крайна, Истрия, Фриуль, Паннония, Богемия және Моравия тәуелді болатын.

919—1125 жылдардағы Германия

Карломаннге (879 жылы) оның кіші бауыры Людовик III мұра етті, ал оның өлімінен кейін (881 жылы) екінші бауыры Карл Толстый III, ол Франция коронасын алған болатын, сөйтіп, өз қол астында бүкіл Карл Б меншілігің біріктірді. Одан кейін (887 жылы) билік Карломанный ұлы Арнульфуға өтті, одан кейін (899 жылы) оның баласы Людовик Дитятиге өтті, сол басқарған уақытта Бавария венгрлердің шабқыншылығынан көп азап шекті. Людовик Дитятимен (911 жылы) Каролингтердің тұқымы тоқтап, баварлықтар өз Герцогі ретінде макрграфтың ұлы Луитпольды, Арнульфты таңдады, ал ол Конрод императорамен жау болғанымен танымал. Оның өлімінен кейін, оның баласы Ұлы Оттон I Баварияны Арнульфаның ұлы Эбергардан тартып алып, оны өзінің ағасы Бертольке өткізді, ал одан кейін өз бауыры Генрих I табыс етті, одан соң өз ағайындыларың Эбергард пен Арнульфаны Баварияның пфальцграф реттінде тағаяындады. Бұл Бавария ішіндегі жаңжалдарға әкеп соқтты. Арнульф туындаған жағдайларды, герцог пен император Генрих қарсы көтеріліс уақытың қолданып, өз меншігінде болған жерлерді қайта басып алуға тырысты, сол себептен венгерлерді көмекке шақырды, олар баварияға атап кірді, бірақ Лехфельде Оттон әскерінен жеңіліс тапты. Генрих I өз ұлына Генрих II мұра етті, сол уақыттын зиялы княздардың бірі болатын және Оттон II бітіспес жауы болатын, ол одан Баварияны тартып алып, ол жерді Шваб Оттонына берді. Оттон II өлімінен кейін, Генрих Бавария герцогтігін қайта қолына алды, одан кейін (995 жылы) оның ұлы Генрих IV өтті. Ол кейін германдық император болып тағайындалды. Оның өлімінен кейін Баварияда 200 жылдық өте қиын уақыт өтті, XI—XIII ғасырларда Батыс Еуропа рыцарьларының шығысқа жорықтарынан көп зардап шекті, герцогтардың жиі ауысуыда жаман әсер етті. Соңында, Генрих VII қуғынынан кейін Бавария (1180 жылы) Оттон Виттельсбахскийің қолына өтті.

Генриха Левтің меншігі

Оттон І Герцогі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оттон І герцогі (1183 жылы) және оның мирасқоры Людвиг I өздерінің меншіктерің кеңейтті, ал соңғысы Фридрих II императорынан Рейндік Пфальцты мұраға алды. 1231 жылы Людвиг Кельгеймскийден салынған пышақтан қайтыс болды. Бавария оған Ландсхут қаласының қалануына міндетті.

1378 жылдағы Бавария және оның көршілері

Оның ұлы Ғиза��ты Оттон басқаруы (1231-1253 жылдары) епископотердің билігі мен ішкі жаңжалдарға әкеп соқты. Императордың жолың ұстаушылық үшін шіркеуден қуғындалды. Оның балалары Людвиг II мен Генрих XIII екі жыл бірге өткізді, бірақ 1255 жылы мемлекетті өзара бөліп алды, Людвиг Үстіңгі Бавария мен Мюнхен, Рейндік Пфальцты алды, ал Генрих Төменгі Бавария мен Ландгуст қалаларына ие болды. Сонымен қатар, екі ағайындыларға Конрадин Гогенштауфенсктің мұрасы қалды. Людвиг II бірінші баласы Людвиг "Баварлық Людовик IV" императоры болып тағайындалды. 1329 жылы ол өз ағасының балалырмен Пвии келісіміне отырды. Бұл келісімі бойынша соңғыларға Рейндік Пфальц пен Үстіңгі Пфальц тиесіл. Солай, екі басты линия пайда болды: Виттельсбахтың үйі: Пфальдық және Баварлық. Людовик императорының төменгі баварлық линиясының тоқталғанынан кейін, Төменгі Бавария Үстіңгіге қосылды. Ол Бавария үшін көптеген жағымды ішкі басқару жүргізді, Мюнхенге қалалық құқық берді, сонымен қатар, Үстіңгі және Төменгі Бавария үшін жаңа заңдар енгізді. Озінің артында 6 ұл және бай мұра қалдырды, оған тек Бавария емес, тағыда Бранденбург, голландық және зееландық провинциялар, Тироль кіреді. Бірақ, бүкіл сыртқы меншіктер жоғалтылды, соның кесірінен қалған линиялар арасында ұрыс-керіс басталды. Ол соңында Альбрехт IV кезінде 1505 жылы көне баварлық жерлердің бірігуіне алып келді.

XIV ғасырда Баварияда қоғамдық мемлекеттің құрылуы басталды, өз княздерінің қиыншылықтарың қолданып, дворяндылықтар мен қалалар олардан әр түрлі жеңілдіктер мен құқықтар тартып ала бастады. Қауымдағылар өздері қалаған кезде жинала берді, сейм түрінде де болсын немесе әр түрлі ішкі қауым ретінде де. Жалпы мемлекеттік заңдар алдын-ала герцогтің кеңесшілерімен бірге сеймдегі қауымдарда талқыланды. Ал одан кейін толық бекітуге сеймге жіберілді.Бекітілген салық та қауымда орнатылатын, жәнеде олар герцогтық шенеуніктер арқылы емес, өз адамдары арқылы жаратып отырды. Альбрехт IV билік уақытында Баварияның сословиелік конститутциясына ауыр дағдарысты басынан өткізуге мәжбүр болды. Альбрехт бүкіл қиыншылықты басынан өткізіп, 1506 жылы Төменгі және Үстінгі Баврияның қауымдарың бір ортақ қауымға айналдырды. Осыған орай, Альбрехтің үш баласы: Вильгельм IV, Людвиг және Эрнст арасынан тек Вильгельм билік жүргізуі керек болды, бірақ оның өлімінен кейін (1508 жылы) қайтадан ұрыстар басталып, билікті Вильгельм мен Людвиг бірге жүргізді.

1648 жылғы Германдық мемлекет

Олардың екеуіде реформацияға ықпалын тигізді, солай Баварияда көптеген жақтаушыларын тапты. Ең үлкен қарсылықты 1541 жылы иезустерді шақырумен көрсетті. Вильгельм 1550 жылы қайтыс боды. Оның баласы Альбрехт V иезуистердің досы болды, сонымен қатар, ғылым мен өнерге қамқорлық жасады. Үш ұлының ішінде оған 1579 жылы мұра етті. Вильгельм V 1597 жылы сейм арқылы билігің өзінің үлкен ұлы Максимилиан I табыстап, шіркеуге аттануға мәжбүр болды. Максимилиан I Католиктік одақтын алдында болды. Бұл одақ протестантық Унииге қарсы болды. 30 жылдық соғыс кезінде, 1623 жылы Максимилианге Фердинанд II император келді. Үстінгі Пфальцты оған табыстады. Сөйтіп, Вестфальдік Әлем Максимилианға бесінші таңдаушымен Үстінгі Пфальцтың иесі атағың берді. Максимилиан 55 жылдық басқарудан кейін 1651 жылы 27 қыркүйекте қайтыс болды. Оның мирасқоры Фердинанд-Мария уақытында, баварлық сейм соңғы рет жиналды, сол уақыттан бері сеймнің құқықтары қауымдық комиссияға өтті, және олар сословиелік басқару (Landschafts Verordnung) атына ие болды, басында тек 9 жылға белгіленген. 1679 жылы Фердинанд-Мария өз ұлы Максимилиан II Эмануэльге мұра табыстады, Испандық мұра үшін щайқасында Франция жағында болып. Соның салдарынан, Гохштедтегі шайқастан кейін (1701 жылы) император Баварияны жаулап алған жердеп санады, ал Максимилианді опасыздық жасаушы деп күнәләп, бүкіл құқықтарынан айыртылды, ол құқықтары тек Бадендік Әлем арқылы 1714 жылы қайтарылды. Оған 1726 жылы Карл Альбрехт мұра табыстады. Герцог Альбрехт V және оның жұбайы Анна (император Фердинандтың қызы) арасындағы неке шартына сүйеніп. Карл VI өлімінен кейін Австриялық мұра үшін Мария-Терезаға қарсы соғыс бастады. Ол франциялық армия арқылы бүкіл Үстіңгі Австрияны жаулап алып, Праганы да жаулап алған соң, өзін богемдіқ Король деп атады. 1742 жылы Франкфурте неміс императорлар арасына алынып, Карла VII аты берілді. Сөйтіп, Австрия өз әскерлерімен Баварияны басып алды, ал Карл Альбрехт Мюнхенде 1745 жылы 20 қаңтарда қайтыс болды.

Максимилиан Иосиф

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оның баласы және мирасқоры Максимилиан Иосиф 1745 жылдың 22 сәуірінде Фюссен қаласында Прагматикалық санкцияны мойындап, ал оның орнына жауланған баварлық жерлерді өзіне қайтарып алу үшін Австриямен келісімге отырды. Өз елің шын ниетпен бақытты көру үшін, бүкіл назарың кен жұмыстарына, егін шаруашлығына, қаржыларға, полицияға және халық ағартуына аударды. Мюнхендегі Ғылым Академиясың (1759 жылы) ұйымдастырды, сонымен қатар өнерге қамқорлық етті. Өзі баласыз болғаннан кейін бүкіл мұрасын пфальдық курфюрлерге қалдырыды. 1777 жылы 30 желтоқсанда Максимилиан Иосифтің өлімінен кейін Виттельсбахтық үйінің келісім бойынша Баварияның мұрасы пфальдік курфюрлердің меншігіне өтті. Бірақ, кенеттен, Австрия Төменгі Бавария жеріне дәмеленіп, бірнеше округтеріне ие болды. Миксимилиан Иосифтың мирасқоры баласыз Карл Теодор Иосифа II императорының үгіттеуінен,1778 жылы 14 қаңтарда Төменгі Баварияның, Миндельгейм және Үстіңгі Пфальцтегі богемдік лендердің Австрияға тиесіл екені туралы қол қойды. Бірақ, Карл Цвейбрюкенский герцогі, Баварияның мүмкін деген мирасқоры бұл келісімге қарсы екенін жариялады, прустық Фридрихом II корольнің үгіттеуінен. Осы жағдай Баварлық мұра үшін соғыстың себебі болды. Бірақ, бұл соғыс қан төгусіз болып, 1779 жылы Ресейдің қол сұғуы арқылы Тешендік Әлемге алып келді. Пфальц-баварлық куфюрлік арқасында Баварияға билік жүргізетін болды, бірақ Инндік жерлердегі Брунау Австрия қол астында қалды. Сонымен қатар, Вестьфальдық Әлем айтуы бойынша өз өмірің тоқтатты.

Жаңа Тарих

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
1786 жылғы Бавария мен оның көршілері

Карл Теодор 1799 жылы 16 ақпанда қайтыс болды. Сонымен бірге, Нейбург-Зальцбахтық линия сөніп, курфюрлік абырой Цвейбрюкендік линияға өтті. Карл герцогі 1795 жылы қайтыс болып, өз артынан бірде бір бала қалдырмады. Соның салдарынан билік оның ағасы Максимилиан IV Иосифке өтті. Соңғысы мемлекеттің сословиелік құқығын қолдап, бірақ, сонымен бірге сеймнің жиналасынан бас тартты, өзінің министрі Монжел арқылы диспотизм туралы жаңа система енгізді. Көптеген жаңа шаралар енгізіліп, жаңа эра басталды: жеңілдетілген цензура, шіркеулерді жабу, әр түрлі билікке шектеу қойылды. Бірақ, бұл жұмыстар зорлық-зомбылықсыз болмады. Бавария бүкіл Рейндік Пфальц жерін, Цвайбрюккен мен Юлих герцогтер меншілігің жоғалтты, бірақ оның орнына Вюрцбург, Фрайзинг, Аугсбург және Бамбергтің епископтігіне ие болды. Сонымен қатар, Пассаудың 12 аббатстваларымен 17 имперлік қалаларына қол жеткізді, олардың ішінде Ульм, Кемптен, Мемминген, Нёрдлинген және Швайнфурт қалалары. Сөйтіп, Бавария 60 шаршы миль, 110000 тұрғындар мен миллионнан астам табысқа ие болды. Прессбургтық әлем арқылы оның территориясы 500 шаршы мильге дейін кеңейтілді. Жаңа меншіктердің арасында Тироль, Форарльберг, маркграфтік Бургау, княжділік Эйхштет, маркграфтік Ансбах кіреді, сонын орнына Вюрцбург Тоскан герцогінің қолына өтті, ал Берг герцогтігі Францияға өтті. Курфюр державалық билік пен 1806 жылы 1 қаңтарда корольдық титулға, Максимилиана Иосифа I атымен ие болды. Соның артынан ол неміс княздерінің арасына кірді, олар 1806 жылдың 12 маусымда Рейндік одақ туралы актке қол қойды, егер соғыс болған уақытында француз императоры үшін 30000 әскер беруге жауапты. Кейін жаңа королелдікке Нюрнберг қаласы қосылды. Ескі сословиелік ұйымдастыру жойылды, ал үкімет салықты өздері жинай бастады. 1808 жылдың 1 мамырында ескі конституцияны формальды жоюдан кейін, артынан жаңа конститутция келді. Жаңа конституцияда айтылған теңдік пен еріктілк тек қағаз жүзінде ғана қалды.

1825—1848 жылдардағы Людвиг I басқаруы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Максимилиан I өлімінен кейін, 1825 жылы 13 қазанда оның баласы таққа отырып, Людвиг I атына ие болды. Оның аты ғылым мен өнерге қамқор еткені үшін тарихта қалды. 1826 жылы Ландсхуттен Мюнхенге университетті көшірді, қазір бұл Людвига-Максимилиан атындағы Мюнхен Университеті. Сонымен қатар, Көркемөнер Академиясың жаңартты. Максимилиан I арқасында Мюнхен екінші Афинаға айналды. Бірақ, бұл жұмыстар көп қаражат талап етті, ал оған Палатаның депутаттары мәз болмады. Сонымен бірге, Нидерландық корольдігіндегі Бельгиялық революция мен Франциядағы Маусымдық революция либералдық корольдің реакционер болуына алып келді.

1837 жылы ультрамонтантықтар билікке келді, ал бірінше министр Карл фон Абель болды. Иезустер мелекетте бірінші болып скрипкада ойнады, протестантарды қудалау басталды, Конституциядағы либералды заңдар бірінен кейін бірі жойыла бастады. Ал Людвиг гректердің бас көтерілісіне жанашырлықпен қарады және ақырында, өз баласы Оттоның гректік король ретінде таңдалуына келісім берді. Бірақ, баварлық қаржы мекемесіне кедейленген мемлекеттің корольін қамтамасыз ету қиынға түсті.

Бавариядағы клерикальдық режимінің жойылуы халықтық протестерге алып келмей, оның орнына корольдің сүйіспеншілік оқиғаларына алып келді. 1846 жылы ол авантюрист әйел Элиза Гильберттің ықпалына түсті. Ол өзін испандық билеуші Лола Монтеспін деп алдады, ол Лойоланы жеңді, демек Абелдің клерикальдық министрлігің тақтан тайдырды, ал одан соң Маурераның министрлігің де тақтан тайдырды. Людвиг фон Эттинген-Валленштайн бірінші министр болды, оның кабинетің жұрт Лола министрлігі деп келеке қылды. Бірінші жаңа министр либералдардың абыройын көтеруге тырысты, дегенімен, қабілетті басқарушылықты құра алмады.

1848—1864 жылдардағы Максимилиан II басқаруы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Баварияның королінің әкесі Людвиг I безушілігінен кейін 1848 жылы оның ұлы II Максимилиан таққа отырады.

Баварияның Германияға қосылуы кезі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Баварлық корольдік әуелде Германияда Пруссияның күшеуіне қарсы болды. 1866 жылғы австро-пруссиялық шайқаста Бавария Австрия жағында болды. Бавария үшін бұл соғыстың нәтижесі жеңіліс болды, келісім шарты бойынша Бавария көптеген территроясың Пруссиға берді, дәлігірек айтсақ, Орб пен Герсфельд округтері, олар Шпесарте пен Рендік тауларында орналасқан, 32946 тұрғындары бар. Сонымен қатар, әскери контрибуцияның 30 млн флоринің төлеу керек болды. Тағы да, Германдық одақтың жойылып, Солтүстік-германдық одақы құрылды. Оның құрамына оңтүстік-германдық мемлекеттер, оның ішінде Бавария франк-прусстік келісім бойынша кіре алмады, сөйтіп, корольдік саяси оқшаулануда қалды.

Осы уақыттан бері, Бавария мен Пруссияның жақындасуы басталды, бұл жағдай Баварияның франк-прусстық шайқаста Пруссия жағында болып қатысуына алып келді. Бұл шайқас кезінде баварлық әскер өзін керемет көрсетті. Ерекше болған шайқастарының бірі: Вайсенбурге, Орлеан, Париж, Седандағы шайқастар. Ұлттық сананың өркендеуі көптеген тұрғындарының әкімшіліктен Солтүстік-германдық одаққа қосылуын талап етті. Дегенмен, баварлық әкімшілік одақбен келіссөздер жүргізген кезде өздеріне қарай ең көп пұрсатты алуға тырысты. Ақырында, 1870 жылы 23 қарашада Баварияның Одаққа қосылуы туралы келісімге қол қойылды. Осы келісім бойынша Бавария өз еліндегі дипломатияны, өз әскерлерін, пошта мен телеграмманы, салық төлеу жүйесін, темір жолын және де елдендіру сұрақтарында еріктігін сақтап қалды. Сондай келісімсөздерге қалған оңтүстік-германдық мемлекетер де отырды. Солай, Солтүстік-германдық одаққа қалған мемлекеттер кірді, бірақ Австрия, Люксембург және Лихтенштейн құрамына кірмеді.

1870 жылы 30 қарашада Баварияның корольі Людвиг II басқа германдық монархтардың келісімімен прусстық корольге "императорлық хат" жіберді, ол хатта прусстік король Вильгельм I неміс императорының титулын алуын сұрады. Бұл ісі үшін Бисмарк Людвигке Вельф қорынан ақша беруге кепілдік берді.

1871 жылы 18 қаңтарада Париждың астындағы Версальдық сарайда Бисмарк неміс княздерінің қатысуында прусстік корольді Герман империясының император титулын берді. Ал сол жылдың 16 сәуірінде жаңа мемлекеттің конституциясы қабылданды, ол жаңа мемлекеттің құрамында Бавария болды.

Бавария Герман империясының құрамында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Баварлық Советтік мемлекет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бавария Веймарсдық республиканың құрамында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1923 жылдың қарашасында Мюнхенде нацистердің билікті жаулап алуына бірінші талпынысы жасалды. Бірақ ол сәттілікке ұшырамады, ал онын алдындағыларды Адольф Гитлерді тұтқынға алды. Гитлер мен оның жақтастары Ландсбергтік түрмеге алынды.

Бавария Үшінші рейхтың құрамында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үшінші Рейхтың уақытында федеративтік ұйымдастыру ликвидацияға ұшырады. Баварияның территориясы Рейхсгауге бірнеше бөліктерге бөлінді. Нюрнбергете императорлық партия жиналыстары өткізілді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Мюнхен, Нюрнберг және тағы басқа қалалар бомбалардың кесірінен қатты зардап шекті.

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Автрияда орналасқан Залфорсте орманы Баварияның меншігінде.

Мемлекеттік құрылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Баварлық ландтаг - федералдық жердің заң шығару органы. 1999 жылдан бастап, ол тек бірпалаталы,1946-1999 жылдарда парламенте үстіңгі палата - сенат пайда болды, ол тұрғындармен 5 жылға сайланады. Атқарушы орган - Баварлық үкімет, ол ландтагтан құрылады және бірнеше бөліктен тұрады:

  • Министр-Президент (нем. Bayerischer Ministerpräsident) - премьер-министр, Бавария үкіметінің басшысы,
  • баварлық мемлекеттік министрлер
  • баварлық министрлік хатшылар.

Көптеген уақыт өте бере Баварияның басында Христиан-социалды одақ болды, ол ландтагтағы сайлауда әрқашанда 50 пайызда жоғары дауыс алатын. Бірақ, 2008 жылдағы 28 қыркүйекте өткен сайлауда партия абсолютті көп дауыс жинай алмады, соның себебінен Азатты демократиялық партиямен келісімсөздер жүргізуге мәжбүр болды. Сол кездегі Баварияның премьер-министрі Гюнтер Бекштайн отставкаға кетуге мәжбүр болды. ХССтің төрағасына өз орнынан кеттуге тура келді. 2008 жылдың 25 қарашасында ХСС жиналысында жаңа басшы Хорст Зеехофер болып таңдалды. Ал 2008 жылы 27 қарашада ландтагтегі сайлауда Хорст Зеехофер Баварияның премьер-министрі болып тағайындалды. Сол күні депутатар Бавария тарихында бірінші рет төраға ретінде әйел адамды - Барбара Штаммды таңдады.

Баварлық ландтагке кейбір өзгерістер енгізілді. 2008 жылдың 28 қыркүйегінде өткен саулаудардан кейін, орындардың жаңа бөлісуі басталды. (Барлығы 187 орын):

  • Христианды социалды одақ 92 орын
  • Германияның социал демократиялық партиясы 39 орын
  • Еркін таңдаушылар 21 орын
  • одақ 90/«Жасылдылар» 19 орын
  • Азаттық Демократиялық Партиясы 16 орын

Результаты выборов 2008 в процентах:

  • Христианды социалды одақ 43,4 %
  • Германияның социал демократиялық партиясы 18,6 %
  • одақ 90/«Жасылдылар» 9,4 %
  • Еркін таңдаушылар 10,2 %
  • Азаттық Демократиялық Партиясы 8,0 %
  • Сол партия 4,3 %
  • ÖDP 2,0 %
  • Республикандықтар 1,4 %
  • Германияның ұлттық демократиялық партиясы 1,2 %
  • Баварлар партиясы 1,1 %
  • Басқалары 0,3 %

Туыстас мекендер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бавария азат мемлекетінің серіктестері.


Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хорст Зеехофер, Баварияның Премьер-министрі: Соңғы жылдарда Бавария замандас және жоғары дамыған мекен болды. Халықаралық масштабтағы кәсіпорындар, мықты орта кәсіпорындар, ғылыми зерттеулер арқасында Бавария техникалық пен экономикалық прогрестің алдында. Сонымен қоса, Бавария өз принциптеріне сенімді болып қалды. Баварияның бас девизі - "Дәстүрлік пен прогресс". Дамып келе жатқан еуропалық қауымның мүшесі болып, Бавария өзіндік ерекшелік пен еркіндігің жоғалтқан жоқ.

ФРГн��ң 16 федералды жерлерінің арасында Бавария орасан зор экономикалық және ғылымдық потенциалы бар жер, ал экономикалық өсу бойынша бірінші қатарда.(1985 - 2005 жылдары Баварияның Ішкі жалпы Өнімі 28,2% өсті, ал орташасы мемлекет бойынша - 14,6%)

2005 жылы Баварияның ІЖӨ 403 млрд еуро (18% жалпы германдық), оның 69% сауда Сауда қатынасында, ал 30% - өнеркәсіп, және тек 1% - аграрлық кәсіп.

2006 жылы Бавария соңғы 30 жылда Германиядағы федералды жерлерінің қатарындағы дефицитсіз бюджетті қабылдаған жер.

Аграрлық мемлекеттердің арасында Бавария технологикалық мемлекеттердің қатарына үміткер болып тұр, сонымен қатар, Германиядағы жетік меклекеттердің қатарына кіреді. Баварияның экономикасының маңызды рөлің машина жасау болып табылады, соның арасында авто көлік жасау. Сонымен қатар, электротехника мен дәл техника, оптика, химиялық өнеркәсіп.

Баварияның жақсы дамыған мекендері Мюнхен болып табылады. Ол жерде автоиндустрия (BMW, Audi, MAN, Knorr-Bremse), ақпараттық сектор (Siemens, Infineon Technologies, Microsoft), бұқаралық ақпарат құралдары (ProSiebenSat1, Sky Deutschland, Kabel Deutschland, баспа Burda), әскерлік өнеркәсіп (EADS, Krauss-Maffei Wegmann); Мемлекетте туризм жақсы дамыған (мұражайлар, қаланың назар аударарлық орындары, сыралық бақша, жәрмеңкелер).

Баварияның басты табысы туризм болып табылады. Бавария демалатын жер болып табылады. Ланшафтардың әдемілігімен жақсы дамыған инфрастуктурасымен, сонымен қатар альпалық таулармен жәнеде өзінің Баварлық Альп тауларымен қызықтырады. Жылдың кез келген уақытында туристердің сүйікті мекені болып табылады.

Бавария - Германиядағы көлемі бойынша ең үлкен жер. Кейбір баварлық қалалар римдіктермен құралған болатын.

Астанасы - Мюнхен (1158 жыл), ол жерде 1,35 млн.(2009 ақпан) тұрғындары бар. Қаланың орталығы, туристредің сүйікті алаңы - Мариенплац, өзінің жаңа қалалық басқарушы орынымен. Шығыс жағында Мариенплатцтің ескі қалалық басқарушы орыны орналасқан, ол жерде қазір ойыншықтар мұражайы орналасқан. Ал, Мариенплацтың оңтүстігіне қарай 11 ғасырда салынған Киелі Петрдің шіркеуі орналасқан. Ал оңтүстік-батысында Киелі Якобтың алаңында Мюнхендық қалалық мұражай орналасқан. Ол мұражайдың экспонаты бүкіл Мюнхеннің тарихың орайды. Сонымен қатар, бұл жерде фото және кино мұражайлары, қуырщақтар мұражайы, т.б. мұражайлар көп. Ұлттық мемлекеттік галереялар: Ескі пинакотека, Жаңа пинакотека, Замандас пинакотека, Баварлық ұлттық мұражай скульптуралар коллекциясымен, декоративтік өнерімен, ұлттық өнер, шынайы тарихтың экспонаттарының мемлекеттік коллекциясы, Мюнхеннің неміс музейі.

Бавария көптеген фестивальдар өтетін жер болып табылады, соның ішінде Октоберфест пен Ландсхутстік үйлену тойы.

Бавария Халқы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Баварлықтар үш германдық ертедегі тайпалардың: баварлықтар, франктер мен швабтар ұрпағы. Олар өзара сөйлеу манерасымен, дүниесезінуімен ажыратылады. Кейінірек, 1945 жылы оларға 2 миллион қашқыншылар қосылды. Немістердің Екінші соғыстан кейінгі Депортациясының әсерінен олар Бавар жеріне өздерінің культурасымен дәстүрлерің алып келді.

  • Баварлықтар - бавар тұқымының ұрпағы, Үстіңгі Баварияның, Төменгі Баварияның және Үстіңгі Пфальцтың әкімшілік округіне кіреді.
  • Франкондықтар - франктердің ұрпағы болып келеді. Олардың мекендеген жері Үстіңгі, Ортаңғы және Төменгі Франкония, XIX ғасырдан бастап бұл жерлер Баварияның құрамына кіреді, қазіргі уақытта 4,1 млн фракондықтар өмір сүреді.
  • Швабтар - 1,8 млн тұрғындарымен Швабия округі иеленген.
  • Төртінші тайпа - 1945 жылы баварлық тайпаларға қосылған.

Әкімшілік округтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бавария Республикасы бірнеше әкімшілік округтардан тұрады. Округтардың тізімі:

Әкімшілік округтар Астана АО Қысқарылу Аудан Житель
(Сен 2005)
Тұрғындар тығыздығы
Жоғарғы Бавария Мюнхен 091 OB 17529,63 км² 4 232 962 241
Төменгі Бавария Ландсхут 092 NB 10329,91 км² 1 197 631 116
Жоғарғы Пфалз Регенсбург 093 OP. 9691,03 км² 1 090 318 113
Жоғарғы Франкония Байройт 094 Ofr. 7231,00 км² 1 103 239 153
Ортаңғы Франкония Ансбах 095 Mfr. 7244,85 км² 1 708 841 236
Төменгі Франкония Вюрцбург 096 Ufr. 8530,99 км² 1 342 308 157
Швабия Аугсбург 097 Schw. 9992,03 км² 1 789 698 179
Бавария Мюнхен 70 549,11 км² 12 464 997 177

50 мыңнан астам тұрғындар қаласы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
қала Перепись
31 желтоқсан 2000
Перепись
31 желтоқсан 2005
Перепись
31 желтоқсан 2009
Мюнхен 1 210 223 1 259 677 1 330 440
Нюрнберг 488 400 499 237 503 673
Аугсбург 254 982 262 676 263 646
Вюрцбург 127 966 133 906 133 195
Регенсбург 125 676 129 859 134 218
Ингольштадт 115 722 121 314 124 387
Фюрт 110 477 113 422 114 044
Эрланген 100 778 103 197 105 554
Байройт 74 153 73 997 72 576
Бамберг 69 036 70 081 69 827
Ашаффенбург 67 592 68 642 68 722
Ландсхут 58 746 61 368 62 735
Кемптен 61 389 61 360 62 007
Розенхайм 58 908 60 226 60 877
Швайнфурт 54 325 54 273 53 533
Ной-Ульм 50 188 51 410 53 034
Пассау 50 536 50 651 50 627
Баварияның дін тұтуы: 1840[3] * 1900[3] * 1933[3] * 1950[3] 1970[4] в 2006
Ридік католиктік 71,1 % 70,5 % 70,0 % 71,9 % 70,4 % 57,2 %[5]
Інжiлдiк 27,4 % 28,3 % 28,7 % 26,5 % 25,2 % 21,3 %[6]
Ислам - - - - 0,9 % 2,2 %
Иудаизм 1,4 % 0,9 % 0,5 % 0,1 % 0,1 % 0,1 %
Басқа дін тұтыну 0,1 % 0,3 % 0,8 % 1,5 % 3,4 % 19,2 %

* Пфальцты қосқанда

Баварияның Қайраткерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дін мен саясат:Бенедикт XVI — Рим Папасы

Франц Йозеф Штраус — бұрынғы премьер-министр
Эдмунд Штойбер — бұрынғы премьер-министр
Хорст Зеехофер — премьер-министр

Әкімшілік құрылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бавария құрамына 71 аудан және 25 қала кіреді.

Аудандық орталықтар
  1. Айхах — Фридберг (AIC)
  2. Альтёттинг (AÖ)
  3. Амберг — Зульцбах (AS)
  4. Ансбах (AN)
  5. Ашаффенбург (AB)
  6. Аугсбург (A)
  7. Бад-Киссинген (KG)
  8. Бад-Тёльц — Вольфратсхаузен (TÖL)
  9. Бамберг (BA)
  10. Байройт (BT)
  11. Берхтесгаден (BGL)
  12. Кам (CHA)
  13. Кобург (CO)
  14. Дахау (DAH)
  15. Деггендорф (DEG)
  16. Диллинген-на-Дунае (DLG)
  17. Дингольфинг — Ландау (DGF)
  18. Донау-Рис (DON)
  19. Эберсберг (EBE)
  20. Айхштет (EI)
  21. Эрдинг (ED)
  22. Эрланген — Хёхштадт (ERH)
  23. Форхгайм (FO)
  24. Фрайзинг (FS)
  1. Фрайунг — Графенау (FRG)
  2. Фюрстенфельдбрук (FFB)
  3. Фюрт (FÜ)
  4. Гармиш-Партенкирхен (GAP)
  5. Гюнцбург (GZ)
  6. Хасберге (HAS)
  7. Хоф (HO)
  8. Кельхайм (KEH)
  9. Китцинген (KT)
  10. Кронах (KC)
  11. Кульмбах (KU)
  12. Ландсберг-на-Лехе (LL)
  13. Ландсхут (LA)
  14. Лихтенфельс (LIF)
  15. Линдау (Бодензее) (LI)
  16. Майн — Шпессарт (MSP)
  17. Мисбах (MB)
  18. Мильтенберг (MIL)
  19. Мюльдорф-на-Инне (MÜ)
  20. Мюнхен (M)
  21. Нойбург — Шробенхаузен (ND)
  22. Ноймаркт — Верхний-Пфальц (NM)
  23. Нойштадт-на-Айше — Бад-Виндсхайм (NEA)
  1. Нойштадт-на-Вальднабе (NEW)
  2. Ной-Ульм (NU)
  3. Нюрнберг (LAU)
  4. Верхний Альгой (OA)
  5. Восточный Альгой (OAL)
  6. Пассау (PA)
  7. Пфаффенхофен-на-Ильме (PAF)
  8. Реген (REG)
  9. Регенсбург (R)
  10. Рён — Грабфельд (NES)
  11. Розенхайм (RO)
  12. Рот (RH)
  13. Ротталь-Инн (PAN)
  14. Швандорф (SAD)
  15. Швайнфурт (SW)
  16. Штарнберг (STA)
  17. Штраубинг — Боген (SR)
  18. Тиршенройт (TIR)
  19. Траунштайн (TS)
  20. Нижний Альгой (MN)
  21. Вайльхайм — Шонгау (WM)
  22. Вайсенбург — Гунценхаузен (WUG)
  23. Вунзидель — Фихтель (WUN)
  24. Вюрцбург (WÜ)

Еркін қалалар (Kreisfreie Städte)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Амберг (AM)
  2. Ансбах (AN)
  3. Ашаффенбург (AB)
  4. Аугсбург (A)
  5. Бамберг (BA)
  6. Байройт (BT)
  7. Кобург (CO)
  8. Эрланген (ER)
  9. Фюрт (FÜ)
  1. Хоф (HO)
  2. Ингольштадт (IN)
  3. Кауфбойрен (KF)
  4. Кемптен (KE)
  5. Ландсхут (LA)
  6. Мемминген (MM)
  7. Мюнхен (M)
  8. Нюрнбе��г (N)
  9. Пассау (PA)
  1. Регенсбург (R)
  2. Розенхайм (RO)
  3. Швабах (SC)
  4. Швайнфурт (SW)
  5. Штраубинг (SR)
  6. Вайден (WEN)
Вистегі Паломничестік шіркеу
Кимзее и Жендік арал

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Bayerisches Landesamt für Statistik: Fortschreibung des Bevölkerungsstandes
  2. Bayerns Bevölkerung übersteigt erstmals die 13 Millionen Marke, Pressemitteilung 13. September 2018
  3. a b c d Баварияның тарихи сөздігі
  4. Германиядағы дүние тану зерттеушi тобы (fowid)[1] Мұрағатталған 6 қазанның 2007 жылы. (PDF)
  5. Епископтардың немiс конференциясы статистика(қолжетпейтін сілтеме)
  6. Сурет iнжiлдiк шiркеу Мұрағатталған 9 наурыздың 2008 жылы.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Бавария