Мазмұнға өту

Йоганн Вольфганг фон Гёте

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Иоганн Вольфганг фон Гёте
Johann Wolfgang von Goethe
Туған күні

28 тамыз 1749 (1749-08-28)

Туған жері

Франкфурт, Қасиетті Рим империясы

Қайтыс болған күні

22 наурыз 1832 (1832-03-22) (82 жас)

Қайтыс болған жері

Веймар, Саксен-Веймар-Эйзенах, Германия одағы

Азаматтығы

Саксен-Веймар-Эйзенах

Ұлты

неміс

Мансабы

ақын, драматург, прозашы, философ, ғалым, минералдар жинаушысы (гётит минералы Гетенің құрметіне қойылған)

Жанры

трагедия, драма, поэма, роман

Марапаттары
Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Йоганн Вольфганг фон Гёте (нем. Johann Wolfgang von Goethe; 28 тамыз 1749 жыл, Франкфурт22 наурыз 1832 жыл, Веймар) — нeмic ақыны, ойшылы, табиғаттанушысы.

Жас кезiнен үйiнде арнаулы жан-жақты бiлiм алды, жетi-сегiз жасынан бiрнеше көне және еуропалық тiлдердi меңгердi, француз мәдениетiмен жетiк таныс болды. Лейпциг және Страсбург университеттерiн бiтiрдi. Гетенің рухани қалыптасуына Винкельман, Гердер және Шиллер үлкен әсер еттi. «Гец фон Берлихинген» (1773) атты драмасында реформация кезеңiндегi бүлiкшiл рыцарьдың бейнесiн ашып көpceттi. Бұл шығармасында романтизм ықпалы байқалды.

1774 жылы Гете «Жас Вертердiң азаптары» атты романын оқушы қауымға ұсынды. Бұл романында Гете жас кезiндегi күмәндану мен тынымсыз ақиқат iздеуден гөpi, тұрақты қалыптасқан бейнелерге кебiрек бас ұрады. Ол Спиноза пантеизмiнен әуестенiп, адамға деген шынайы махаббатымен дараланған Прометей, iзгiлiктiң жоғары моралiн дәйектi ұcтaнғaн Христос, тынымсыз iзденiстегi Мәңгі Еврей, Фауст бейнелерiне үңiледi. Гете антикалық классикалық мәдениетке үлкен мүдделiлiк танытады. Антикалық өнер мен әсемдiк Гете бойынша, Ежелгi Грекияда мүмкiн болған epкiн мемлекеттегi тұлға мен қоғам арасындағы үйлесiмдiлiктің көpiнici. Тек осы жағдайда адам адам бола алады. Осындай мұратты азаматтық салада қоғамдық қайшылықтар теңестiрiп үйлесiмдiлiкпен шешедi. Үйлесiмдiлiк тұрғысынан кез келген саяси күштеу тұлғаның жан-жақты дамуына шектеу болып табылады. Сол себептi Гете француз төңкерiсiн қабылдамады, oғaн қарсы сатиралық пьесалар жазды.Жеңіске жету риясыздығы емес, керісінше, барлық мүмкін жолдармен және тәсілдермен шындықты қоймай іздестіру, шындық үшін күресу – Гётенің жан-жақтылығын істе көрсетті. Гете поэзия туралы пайымдауында: «Әлем қаншалықты ұлы және бай, өмір қаншалықты көп қырлы. Менің өлеңдерімнің бәрі жағдайдан туған. Олар шындықтан шабыт алған, соған негізделген, соған құштарланған» – депті. Оның түрлі әдебиет жанрлары мен ғылыми пәндерге жүгінуі әрдайым мазалаған сұрақтардың шешімін табуға ұмтылысымен тығыз байланысты: жоғарғы мақсатқа ғана отырып, адам қалайша өмір сүру керек? «Шексіз, дыбыссыз сөйлейтін табиғатпен қарым-қатынасқа түсе отырып», оның «ашық құпияларын» құмарта түсініп, Гёте адамзаттың тарихи тұрмысының «жұмбағын» шешуге де ұмтылды.

«Соңғы Гомерид» болғысы келген Гете Илиадаға елiктеп «Ахиллеаданы» жаза бастады, бiрақ аяқтамады.

Катарина Елизабет, Гёте анасы, 1776 жыл

Веймарда Гете бiрiншi министр қызметiн атқарды. Ол басқару қызметiмен қатар, бiлiм беру, денсаулық сақтау icтepiмeн көп айналысты. Бұл кезеңде Гете табиғаттанушы ғалым ретiнде салыстырмалы морфология (терминдi өзi енгiзген), физика (оптика мен акустика), минералогия, геология және метеорология салаларында маңызды жаңалықтар ашты.

Гетенің өсiмдiктер мен жануарлар жүйелерiндегi құрылымдық бiрлiк туралы идеялары дарвинизмге жол ашты. Гетенің бүкiл еуропалық ағартушылық ойдың тұжырымдамасына жататын еңбегi — «Фауст» трагедиясы.

Кейiн Ф.Ницше жалпы батыстық мәдени типтi фаустық адам деп атаған. Фауст бейнесiнде ақиқатты тынбай iздеушi, азаттық үшiн күрескер, рухы жоғары, нағыз жасампаз кейiпкер суреттелген.

Мефистофель болса, Гетенің өзiндiк күмәндарын бiлдiредi.

Гете еуропалық Жаңа заман мәдениетiн биiк тұрғыға көтере бiлген тарихи-мәдени тұлға.[1]

Иоганн Вольфганг Гете мен оның жұбайы Кристиананың бес баласы бар. Үлкен ұлы Августан кейін туған балалары дүниеге келе салысымен қайтыс болды: бір баласы өлі туып, қалғандары бірнеше күн өткен соң өмірден озды. Августың үш баласы дүниеге келді: Вальтер Вольфганг, Вольфганг Максимилиан және Альма.

Қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Иоганн Вольфанг Гете қарапайым түтінді ұнатпаған, тіпті ол асханасын түтіндетіп жібергені үшін аспазшысын жұмыстан қуып жіберген. Реніштен ызаға булыққан аспазшы өшін алу үшін темекі тартып кеткен.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  2. http://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/21213/