Мазмұнға өту

Орда-базар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Орда-базар
Мемлекет

Алтын Орда

Қазіргі жері

 Қазақстан

Қалануы

~1224 ж.

Орналасуы

48°09′19″ с. е. 67°49′03″ ш. б. / 48.15528° с. е. 67.81750° ш. б. / 48.15528; 67.81750 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°09′19″ с. е. 67°49′03″ ш. б. / 48.15528° с. е. 67.81750° ш. б. / 48.15528; 67.81750 (G) (O) (Я) (T)

Орда-базар (Қазақстан)
Орда-базар

Орда-базар — XIII–XV ғасырларда Қазақстанда болған түркі-моңғол ұлыстары билеушілері ордасының атауы. Кейбір деректерде Алтын Орданың алғашқы ханы Батудың ордасы деп аталады. Ә.Марғұланның пікірінше, Орталық Қазақстандағы Қаракеңгір өзені бойында орналасқан. XV ғасырдың 1-жартысында Әбілхайыр хандығындағы ноғай беглербегі Уақас, өзінің билеушісі үшін “екі рет Сайын ханның (Бату) тағын басып алады”. Осыдан кейін Әбілхайыр хан өз астанасын Тура (Уимчи-Тура) қаласынан Орда-Базарға көшіреді. Осында Әбілхайырдың саясаты насихатталып, оның атынан теңге шығарылады. Осы кезеңдегі Орда-Базар жайында Масуд бин Осман Кухистани өзінің “Тарихи-и Абулхайр-хани” атты шығармасында “киелі орда, Дешті Қыпшақтың астанасы” деп жазады. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.[1]

Орда-базар ақша сарайының қызметін атқарған. Қазба жұмыстары кезінде қалашық орнынан мыстан, қоладан жасалған монеталар көптеп табылған.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Маргулан А., Археологические разведки в Центральном Казахстане (1946) /Изв. АН КазССР, серия историческая, ғ49, вып. 4, 1949; Материалы по истории казахских ханств ХV – XVІІІ вв., А-А., 1969; Смаилов Ж., Памятники археологии Западной Сары-Арки (средневековые городища и поселения), Жезказган, 1996.
  2. Алтын Орда — 750: Хандар мекенінде«Орталық Қазақстан», 30.09.2019.