Данабике
Көрініс
Данабике өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 58 км |
Су алабының ауданы |
1400 км² |
Су алабы | Тобыл мен Торғай өзендерінің алабы |
Бастауы | |
Сағасы | Сарымойын көлі |
• Координаттары | 51°48′45″N 64°24′33″E / 51.81250°N 64.40917°E |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қостанай облысы Науырзым ауданы |
Данабике – Тобыл мен Торғай өзендерінің алабындағы өзен. Жарман өзенінің саласы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қостанай облысы Науырзым ауданы Наурызым қорығының солтүстік-батыс бөлігінен ағып өтеді. Сарымойын көліне құяды.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 1400 шаршы шақырым шамасында, жылдық су ағымы 10 млн. м3, минералдығы 0,2-2 г/дм3. Өзеннің жағалауында су жайылмасы бар, ені 50-100 м. Арнасының ені 70 м-ге дейін, жағасы жайпақ. Қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасып, шілдеде төменгі деңгей орнайды. Кішігірім салалары бар. Өзен алабында жайылымдық және шабындық жерлер бар, мал қыстатылады.[1]