Мұхаммед
Мақалалар жиынтығы |
Мұхаммед |
---|
Пайғамбарлық |
Мұғжизалары |
Көзқарасы |
Пікірлер |
Қосымша |
Мұхаммед[~ 1] (араб.: مُحَمَّد [muˈħammad] тыңдау; шамамен 570, Мекке, Хиджаз — 8 маусым 632[1][2], Медине) — араб діни, саяси, әскери және қоғам қайраткері, ислам дінінің негізін салушысы және орталық фигурасы[3][4][5][6]. Ислам ілімі бойынша ол Адам, Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса және басқа да пайғамбарлардың монотеистік ілімдерін уағыздап, растау үшін жіберілген Құдайдың соңғы пайғамбары («пайғамбарлар мөрі»[~ 2])[7][8][9][10]. Мұхаммед Арабияны біртұтас мұсылман мемлекетке біріктіріп, ал Құран және Мұхаммедтің ілімдері мен дәстүрлерін исламдық діни сенімнің негізіне айналдырды.
Шамамен 570 жылы (Піл оқиғасы) Мекке қаласында дүниеге келген Мұхаммед, балалық шағында жетім қалған. Көкесі Әбу Тәліптің қолында өскен. Мезгілімен түндерін Хира тауының үңгірінде ғибадат жасаумен оңашаланып өткізетін. Кейін 40 жасында үнгірге Жәбірейіл періште келіп, Алладан ең алғашқы уахи түсірілді. Үш жылдан соң, 610 жылы, Мұхаммед бұл уахилерін ашық түрде уағыздай бастады. Исламның басқа да пайғамбарлары сияқты "Құдайдың бір" екенін, оған толықтай "бойсұну" (ислам) – амалдың (дін) тура жолы екенін және өзінің Алланың соңғы пайғамбары және елшісі екенін жариялады.
Мұхаммед алғашқы ерушілерімен (сахабалар), Меккелік бірнеше тайпалардың қарсылығына тап болды. Қуғыннан құтылу үшін, Мұхаммед кейбір ерушілерін Абиссинияға жіберді, кейін 622 жылы барлық сахабаларымен Меккеден Мединеге (Ясриб) жер аударды. Бұл оқиға — Хижрадан, Ислам күнтізбесі басталады (Хижри күнтізбе). Мединеде Мұхаммед тайпаларды Медине дәстүріне біріктіреді. 629 жылы желтоқсанда, Меккелік тайпалармен қақтығыстың үзілгенінен сегіз жыл өткен соң, Мұхаммед жаңадан қосылған 10,000 мұсылмандардан әскер құрып Меккеге жорыққа шықты. Шайқас негізінен талассыз өтіп, Мұхаммед қаланы аз қантөгіспен алды. 632 жылы, соңғы қажылықтан қайтқаннан соң бірнеше айдан кейін, ол ауырып қайтыс болды. Оның өлімінің алдында, Арабия түбегінің көбі Исламға өтті.
Мұхаммедтің өмірінің соңына дейін түскен уахилер (әрқайсысы Аят "Құдай белгісі" деп аталады), Құранның сүрелерін құрайды. Мұсылмандар оны "Құдайдың сөзі" деп санайды және дін соған негізделеді. Құраннан бөлек мұсылмандар Мұхаммедтің сөздері мен іс-әрекеттеріне (сүннет), хадис, сира әдебиеттеріне сүйенеді және ислам құқықтары (шариғат) ретінде қолданады.
Аты
Исламда есімге үлкен, сакралды түрде мән беріледі. «Мұхаммед» деген ат «Қайта-қайта мадақталған», «Мақтауға лайық» деген мағынаны береді. Құранда ол өз атымен тек бес-ақ рет аталған, бірақ одан бөлек ол пайғамбар (ән-Нәби), хабаршы (Расул), Құдайдың құлы (Абд), хабаршы (Башир), ескертуші (Назыр), еске салушы (Музаккир), куәгер (Шаһид), Құдайға шақырушы (Да’и) және т.б. есімдерімен аталады. Мұсылман дәстүрі бойынша Мұхаммед пайғамбардың аты аталғанда немесе жазылғанда, әрқашан «Саллалаһу әлейһи уә сәлләм» (араб.: صلى الله عليه وسلم) – яғни «оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын» деп айтылады.
Мұхамедтің толық атының құрамына Адам атадан басталып барлық танымал аталарының есімі кіреді, сонымен қатар оның ұлының атына байланысты әл-Қасым деген куньясы да бар.
Мұхаммедтің толық аты былай: Әбул Қасым Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Абдулмутталиб ибн Хашим ибн Абду Мәнаф ибн Қусай ибн Килаб ибн Мүррә ибн Кааб ибн Лүуәй ибн Ғалиб ибн Фихр ибн Малик ибн ан-Надр ибн Кинанә ибн Хузәйма ибн Мудрикә ибн Ильяс ибн Мудар ибн Низар ибн Мәад ибн Аднан ибн Адад ибн Мукаввим ибн Нахур ибн Тайрах ибн Иаруб ибн Яшжуб ибн Набит ибн Исмаил ибн Ибраһим ибн Азар ибн Нахур ибн Саруг ибн Шалих ибн Ирфхашад ибн Сам ибн Нұх ибн Ламк ибн Матту Шалах ибн Ахнух ибн Иард ибн Махлил ибн Кайнан ибн Ианиш ибн Шит ибн Адам.[11]
Дінге сенетіндер оны құрметтеп куньясы бойынша Әбул Қасым деп атаған және Мұхаммедтің көзі тірісінде тек ол ғана осы куньяның иесі болған. Ал Мұхаммед пайғамбарға дұшпандықпен қарағандар, оны мазақпен Ибн Әбу Кабша деп атаған, яғни Әбу Кабшаның ұлы деген. Ол сүт анасы Халиманың күйеуі болған.[12].
Сырт бет-әлпеті
Исмаилдың ұрпағы (араб-аднанит) бола тұра, Мұхаммед пайғамбар басқа арабтардан (кахтаниттерден) терісінің ашық түстілігімен ерекшеленген. Оның заманындағы куәгерлердің айтуынша, Мұхаммед пайғамбар кең иықты, орта бойлы, қолдары мен табандары ірі болған. Мұхаммед пайғамбардың сақалы қалың, ауызы мен көздері үлкен болған. Жауырындарының арасында рельефті үшбұрыш түріндегі пайғамбарлықтың мөрі орналасқан.[13] Оның кірпіктері ұзын, маңдай жағында біріккен қастары қиғаш болған.[14]
Исламдық тарихшы және дін маманы Мұхаммед ибн Джәрир әт-Табари өзінің «Жалпы тарих» кітабында пайғамбардың кейіпінің келесі сипатын берген.
«Оның бойы орташа: ұзын да емес, қысқа да емес. Оның беті қызғылт-ақ, көздері — қою, шашы — қалың, жалтыраған, өте әдемі болған. Беті сақалмен көмкерілген. Ұзын шашы иығына дейін жеткен. Және түсі қара болған… Оның жүрісінің нақты болғаны соншалық, әр адымдағыны сайын жерден шығып бара жатқандай көрінетін, сонымен қоса оның қозғалысының жеңіл болғаны соншалық, құдды бір жерге аяғы тимегендей көрінетін. Алайда оның жүрісінде сол заманның мықтыларына лайық тәкәппарлық болмаған. Оның жүзінде көз тайдыра алмастай мейірімділік болған. Ашыққандар оған бір қарағанда, тамақты сол мезетте ұмытып кететін. Қайғырушылар оның қасында, оның жұмсақ бет әлпетіне және дауысына тамсанып, қайғы-қасіреттерін ұмытатын. Оны көргендердің барлығы, ешқашан бұрын-соңды ондай әңгімелесуі сонша ұнамды адамды кезіктірмегендіктерін айтқан. Ол қыр мұрынды, сирек тісті болған. Анда-санда оның шашы еркін төмен түсіп түратын, кейде ол шашын үш немесе төрт байламға байлап қоятын. Іс жүзінде оның 62 жасында бірде-бір ақ шашы болмаған…»[15]
Мұхаммед пайғамбар ақ түсті киімдерді киюді ұнатқан. Негізінде олар ұзын жейде (камис) және жолақты йемендік жамылғы (хибара), сонымен қатар белден айналдырып, жіліншіктің ортасына дейін жететін сәлде мен изар болған. Қолында «Мұхаммед — Аллаһтың елшісі» деген жазуы бар күміс сақинасы болған. Ол өте т��за жүретін, жиі денесіне хош иіс жағатын және тісін мисуакпен тазалайтын[16] Мұхаммед пайғамбардың дауысы кішкене қырылдаған болатын, ол сөзге шешен, қысқа және түсінікті, кейде адамдар сөзін толық есте сақтап алсын деп бір сөзін үш рет қайталап сөйлейтін. Ол жиі күлімсіреп жүретін, ал кейде күлгені сонша, азу тістеріне дейін көрінетін.
Мұхаммедтің басқа ислам пайғамбарларының арасындағы алатын орны
Ислам, Мұхаммедпен қоса, тағы басқа пайғамбарларды да мойындайды (олардың саны 124 мың болған деген нұсқалар бар, ал кей жерлерде олар 224 мың болған деген де нұсқалары бар[17]), бірақ Мұхаммед жай ғана пайғамбарлардың бірі ғана емес, сонымен қатар осы тізбектегі елшілер мен пайғамбарлардың ең соңғысы деп айтылады. Және де, ол басқа елшілер сияқты (соның ішінде Иса пайғамбар да бар) тек жеке қалаға, ауылға, халыққа ғана емес жер бетіндегі барлық адамдарға жіберілген. Оның шариғаты (яғни моральді-өнегелік және діни-құқықтық ережелер мен принциптер кешені), ислам оқулары бойынша, Қиямет Күніне дейін өз күшін жоймайды. Басқа пайғамбарлар әкелген, барлық қалған шариғаттар өз күшін жоғалтқан (олардың барлығы уақытша сипатта болған). Сонымен, мұсылмандар, Тора (Тәурат) және Евангелие (Інжіл) деген Қасиетті кітаптарды қабылдай отырып, олардың заңдарының әрекеттілігін мойындамайды, сонымен қоса олардың мағынасын адамдар бұрмалаған деп санайды.
Мұхаммед пайғамбарлар арасында ең жоғарғы орынды алады (сондықтан оның эпитеттерінің бірі — Пайғамбарлардың Мырзасы). Ислам бойынша, Мұхаммедтің пайғамбарлық миссиясына сену барлық адамдарға міндетті болып табылады, бүл соның ішінде христиандар мен яһудилерге де қатысты, олар да оның үндеуіне еріп, соңғы шариғатты қабылдауы керек.
Рамадан аль-Бути Мұхаммедтің исламдағы орны мен оның шариғаты туралы былай жазады: «Монотеистік діндерде еш айырмашылық жоқ [яғни, бұрмаланбаған монотеистік діндерде], өйткені олардың барлығында — Мұхаммедтің миссиясы адамзаттың барлық діни дамудың шыңы болғандықтан, олар бір Құдай тізбегінің түйіні. Алайда, пайғамбарлармен жіберілген заңдардың (шариғаттардың) арасында өзгешеліктер бар»[18].
Мұхаммед құрайшиттер тайпасына жатқан. Ол 622 жылы Меккелік пұтқа табынушылардан қысым көргендіктен, Меккеден Ясрибке қоныс аударды, осыдан кейін ол қала Медине деп атала бастады (бұл кезең — хижра (көшу) — мұсылман күнтізбесінің басы болып табылады), ал кейін өзінің жақтастарымен Меккені жаулап алды. 632 жылы Мұхаммедтің өлімі кезінде барлық Арабия түбегі исламға бет бұрған болатын, ал кейін пайғамбардың өлімінен кейін оның мұрагерлері («наменгерлер», халифалар) исламды, араб мәдениеті мен тілін, және де тұтас ғылымның дамуына әсер еткен жиналған ғылыми білімдерді (соның ішінде антикалық өркениеттікін де) өздері жаулап алған Шығыс Рим империясының азиялық және африкалық иеліктеріне, Еуропаның кішігірім бөлігіне таратты; Еуропадан басқа, аталған мәдени-тілдік жіне діни кеңістік қазіргі заманға дейін сақталып келеді. Мұхаммед тағы Пайғамбарлардың мөрі, Пайғамбарлардың мырзасы және Қиямет сағатының Пайғамбары деп те аталады. Мұсылман иманына, Мұхаммедтің басқа пайғамбарлармен қатар Аллаһтың елшісі деген сенімі кіреді (бұл ислам сенімінің белгісі — Шаһадада айқындалған) және ол соңғы пайғамбар болып табылады.
Діни оқуы
Ислам оқуы бойынша, Мұхаммед соңғы пайғамбар және Аллаһтың елшісі болып табылады. Ислам, яғни бір Аллаһқа мойынсұну, барлық тақуаларға тән болған, соның ішінде Исаның, Мұсаның және басқа да танымал інжілдік пайғамбарлардың оқуларын қабылдай отырып Аллаһтың әмірін орындағандарға да тән. Алайда, ислам бойынша, яһудилік және христиандық оқулар адамдар тарапынан бұрмаланған, ал кейін Құранның түсуінің басталуынан соң өз күштерін жойған. Сонымен қоса Кітаптардың бұрмалануы Аллаһ білімінің шекарасында болған. Құран Аллаһтың сөзі, соңғы Қасиетті Кітап, және еш өзгертуге түспейтін Кітап болып табылады. Аллаһтың қалауымен, Соңғы Кітап араб тілінде болғандықтан, бұл тіл мұсылмандар үшін ерекше болып табылады. Тек арабша Құран Кітап болып табылады, ал басқа тілдердегі аудармалары (олар жиі «мағыналарының аудармасы» деп есептеледі) олай саналмайды.[19].
Құран жеке бөліктермен түсірілді. Құранның аяттарын негізге ала отырып (25:32, 17:106), бұл Аллаһтың Мұхаммедтің жүрегіне сенімді толық орнықтырғысы келгендігімен байланыстырылады, және аяттарды оқиғалар бойынша және сұраушылардың сұрақтары бойынша түсірілген, ол өз кезегінде тұтасымен жіберілгенге қарағанда үлкен әсер қалдырды. Аяттар Мұхаммедті тыныштандыра алды, оған тыныштық пен табандылық орнықтырды. Кейбір аяттар алдыңғысын жойып отырды. Мұхаммедке Меккеге көшкенге дейінгі жіберілген аяттардың құрамында құқықтық заңдар азырақ деп есептеледі. Құранның ішінде Мұхаммедке арналған бұйрықтар жиі кездеседі. «Куль» (айт) сөзі 332 рет айтылған[20].
Библиядағы Мұхаммедтің келуі жайлы болжамдар
Ислам діні, Қасиетті Кітап ретінде Библияны да мойындай отырып, Библияның ішінде де Мұхаммед туралы Құдайдың елшісі ретінде айтылады дейді. Құранда ол былай айтылады: «Өздеріне кітап бергендеріміз (Мұхаммед F.C. ды) ұлдарын танығандай таниды. Негізінен олардан бip тобы (ғалымдары) шындықты біле тұра жасырады.» (2:146)
Сонымен қоса, мұсылмандар қазіргі Библияның бұрмаланғаны туралы айтады, және кейбір хадистерді негізге ала отырып, онда Мұхаммед жайлы айтылатын бөлімдердін де қозғай өтеді. Бірақ Библияның бұрмаланушылығы барлығымен келісетін христиандар, бұл көзқарасты қабыл алмайды.
Дәлел ретінде мұсылмандар келесі библиялық өлеңдерді келтіреді:
Мен олардың ағайындарының арасынан, оларға сен тәрізді ["бұл сөздер Моисейге (Мұсаға) айтылған"] Пайғамбар жасаймын, және Менің сөздерімді оның аузына саламын, және Ол, Менің Оған бұйырғандарымның барлығын оларға айтады Ал Менің сөздерімді, Менің атыммен сөйлеген сол Пайғамбардың сөздерін тыңдамаса, Мен соны жазалаймын; Бірақ пайғамбардың, Менің атымнан, Мен бұйырмағандарды айтуға батылы жетсе, және басқа құдайлардың атымен сөйлесе, сол пайғамбарды өлімге жіберіңдер. Және сен өз жүрегіңде айтсаң: «Құдай сөйлемеген сөзді, біз қалай білеміз?» Егер пайғамбар Құдай атымен айтса, бірақ сол сөз орындалмаса, онда ол сөзді Құдай айтпаған, бірақ сол пайғамбар өз батылдығымен сөйлеген, — қорықпа одан.
(Библия. Екінші заң бөл. 18, бап. 18-22)
Мұсылмандар бұл сөздің Иса (Иисус) туралы айтылмағандығын көрсетеді, өйткені ол Мұса (Моисей) тәрізді емес, ал онда «сен тәрізді» деп айтылған. Танымал мұсылмандық уағыздаушы Ахмед Дидат Исаның (Иисустың) басты айырмашылықтарын көрсеткен. Олар, мұсылмандар мойындаған, ғажайып туылу, ол Моисей мен Мұхаммед сияқты үйленбеген және балалары болмаған, ол Моисей мен Мұхаммед сияқты өз халқымен пайғамбар деп мойындалмаған [21], ол патша болмаған. Және Ахмед Дидаттың айтуынша Иса (Иисус) белгілі бір жаңа заңмен келмеген, ол жай ескі заңдарды орындау үшін келген. Ал «олардың ағайындарының арасынан» деген сөзді, мұсылмандар арабтар мен еврейлердің бауырлас халықтар екендігімен түсіндіреді. Мұсылмандар Библияның басқа өлеңдерін де негізге алады[22]
Мұхаммедтің уағызының басталуына дейінгі Арабия мен Мекке
Арабияда негізгі діндер пұтқа табынушылық, иудаизм және әртүрлі күпіршілік христиандық сенімдер болған. Жергілікті араб тайпалары Ибраһим пайғамбардың (Ханифизм) монотеистік дінін негізге ала отырып, көпқұдайлыққа құлшылық еткен. Оларда Ибраһим пайғамбардың дінінен қажылық ғұрыпы мен Қағбаны құрметтеу сақталған. Исламға дейінгі арабтарда шешендік, қонақжайлық және өз келісіміне беріктік кеңінен құрметтелген. Исламға дейінгі қоғамның нашар қасиеті ретінде келесілерді ерекшелеуге болады: қанды кек болған, жаңа туған қыздарды немесе арабтар жаңа туған балаларын асырай алмайтындығынан қорықса, онда оларды тірідей жерге көму дәстүрі болған. Мұхаммед өмір сүрген, Мекке қаласы Арабияның сауда және қаржы орталығы болған. Мекке құнарсыз құздардың арасында орналасқан, онда жер өңдеушілікпен айналысу мүмкін емес болған. Жер өңдеушілік тек көгал жазираларда ғана кең етек алған, олардың бірі Ясриб (Медине) қаласы. Мекке араб тайпаларының жиі билік үшін шайқасатын алаңы болған. Саясатта маңызды орынды, Мұхаммед пайғамбар шыққан, Құрайыш тайпасы алған.
Отбасы
Мұхаммед пайғамбардың әйелдері |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Мұхаммед пайғамбар арабтардың ортасындағы жоғарғы орынға ие — «Құрайыш» тайпасынан болған. Ол Хашим рулық қауымына қараған. Бұл рудың атауы Мұхаммедтің арғы атасы — Хашимнің құрметіне қойылған. Хашимнің көзі тірісінде қажыларды тамақтандыру үшін мал жинау құқығы болған, және Зәмзәм бұлағына қожалық еткен. Ол бай адам болған. Ол «Хашим» деген лақап атын (оның шын аты Амр) Меккеге қажылыққа келген қажыларға нанды бөліп бергені үшін алған («хашима» — нан сорпаға нан бөлу). Оның өлімінен кейін, қажыларды тамақтандыру мен су ішкізу құқығы, оның ағасы әл-Мүтілңпке көшті. Оны құрайшиттер әл-Файда - «жомарттықтың өзі» деп атаған. Хашимнің, Шуайба атты, Абдулмутталиб деген ұлы болған. Ол өз халқының арасында аса құрметті адам болған.
Мұхаммедтің әкесі Абдуллах ибн Абд аль-Мутталиб, оның туылуына аз қалғанда (екі ай) немесе Мұхаммед пайғамбардың туылғанынан кейін бірнеше ай өткен соң қайтыс болған. Мұхаммедтің анасының аты — "Амина бинт Вахб ибн Әбд Манаф ибн Зухра ибн Килаб". "Мұхаммед" деген атты, оған атасы Абдулмутталиб берген. Ол «Мақталған» деген мағына береді.
Мұхаммед пайғамбардың әйелдерінің саны, әр тарихшыларда әртүрлі. Әл-Масуди,өзінің «Муруджуз-захаб»[23] деген кітабында Мұхаммед пайғамбардың 15 әйелі болған дейді. Йагуби, Мұхаммед пайғамбарда 21 немесе 23 әйелі болған, бірақ ол тек 13 әйелімен дене байланыста болған деп жазады. Кардави тоғыз деп көрсеткен, бірақ Хадишасыз, яғни он; Уотт Монтгомери айтуынша, көп тайпалар Мұхаммедпен туыстық қатынастарының барлығын айтқан, сондықтан әйелдерінің тізімі көп арттырылып жіберілуі мүмкін. Ол тек он бір әйелінің атын көрсеткен (Хадишаны қосқанда), ол дәстүрлі көзқарастарға сәйкес келеді (сонымен қоса ол екі күңінің есімін келтірген)[24]. Мұхаммед пайғамбар олардың барлығына, Құранның тыйым салынуына дейін, үйленген. Онда төрт әйелден артық, әйел алуға тыйым салынған[25]. Төменде Мұхаммед пайғамбардың 13 әйелінің тізімі көрсетілген:
- Хадиша бинт Хувайлид
- Сәудә бинт Зәма
- Айша бинт Әбу Бәкр
- Хафса бинт Умар
- Зейнеп бинт Хузәймә
- Умму Сәләмә бинт Әбу Умая
- Зейнеп бинт Жахш
- Джууәйрия бинт әл-Харис
- Райханә бинт Зейд
- Сафийа бинт Хуяй
- Рамлә бинт Әбу Суфийан
- Мәрийә әл-Кибтия
- Мәймунә бинт әл-Харис
Мұхаммедтің Ибраһимнен басқа балалары Хадишадан болған. Хадишадан бірінші баласы - әл-Қасым, одан кейін ат-Таһир, ат-Таййиб, Зейнеп, Рукайиа, Умм Күлсүм, Фатима туды. Ұлдары балалық шақтарында қайтыс болған. Қыздары Мұхаммедтің пайғамбарлық миссиясы басталғанға дейін тірі болып, исламды қабылдады, барлығы Меккеден Мединеге көшті. Фатимадан басқасының барлығы Мұхаммедтің өліміне дейін қайтыс болды. Ал Фатима оның өлімінен кейін, алты айдан соң қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан және немересі Хусейннен тараған ұрпақтарын сеидтер деп атайды. Немересі Хасанның ұрпақтары — шерифтер. Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары Мароккода басқарушы әулетті құрды (Сағадиттер). Һашим әулетінен тараған Иордания королі Абдалла II Мұхаммедтің 43-ші буынындағы тікелей ұрпағы болып саналады.
Қысқаша жылнама
Сыртқы медиафайлдар | |
---|---|
Мұхаммед пайғамбар туралы видео | |
Х/ф «Аллаһ елшісі — Мұхаммед». (1977) Үлгі:Недоступная ссылка | |
К/ф «Бану Хашим айы — Пайғамбар өмірі» | |
М/ф «Соңғы пайғамбар — Мұхаммед» | |
«Сүйікті пайңамбармен бірге» өмірбаяны |
- 570 — Мұхаммедтің Меккеде туылуы. Мұхаммедтің туылуына дейін оның әкесі Абдуллаһ ибн Абдулмутталиб өледі және Мұхаммедті сүт анасы Халима бинт Әбу Зуайбке береді. 4 жыл ішінде Мұхаммед көшпелі бәдәуи тайпасы Бану Садтармен өмір сүреді.
- 575 — сүт анасы Халиманың Меккеге келуі және Мұхаммедтің анасы Әминаға берілуі.
- 583 — Әбу Тәлібпен Сирияға саяхат.
- 585 — «Күпіршілік соғысқа» қатысуы, онда Мұхаммед пайғамбар «өз ағаларын қорғап, жебелерді қалқанмен қайтарды».
- 595 — Мұхаммед пайғамбардың Хадишаның сауда керуенімен Бусра қаласына сапары; Хадишаға үйленуі.
- 575 — «Мейірбандар одағына» қатысуы, оның мәні қорғансыздарды қорғау мен Меккедегі шетелдіктердің қауіпсіздігін сақтау болған.
- 610 — алғашқы аяттардың түсуі; Мұхаммедтің пайғамбарлық миссиясының басталуы.
- 613 — Мұхаммедтің көпшілікке уағыз жасай бастауы.
- 615 — Мұхаммед серіктестерінің жартысының қудалаудан Эфиопияға қоныс аударуы (өзі ағасы Әбу Тәлібтің қорғауында қалады).
- 610 — Бану Хашим руының Мұхаммедке қарсы бойкот жасауы.
- 619 — Әбу Тәліб пен Хадишаның өлімі; Ат-Таиф қаласына қоныс аударуға талпыныс жасауы; Бану Хашим руының Мұхаммедке қарсы бойкот жасауының аяқталуы.
- 620 — Мұхаммедтің Медине тұрғындарының бір тобымен аралық соттың ерекше рөлі бойынша жасырын келісімі.
- 621 — Исра және Миғраж; бірінші Акаба анты.
- 622 — Һижра, Мединеге қоныс аудару.
- 623 — меккелік көпқұдайшылдарға қарсы соғыстың басталуы
- 624 — Бәдір шайқасы; Айшаға үйленуі.
- 625 — Хафса мен Зейнеп бинт Хузәймәға үйленуі; Ухуд тауы жанындағы шайқас.
- 626 — Умму Сәләмәға үйленуі; Ухуд шайқасы.
- 627 — Жувайрия бинт Харис пен Зейнеп бинт Жахшке үйленуі.
- 628 — Сафийа бинт Хуяй, Умму Хабиба және Мәймунә бинт Хариске үйленуі; Байа Ридуан және Худайбия келісімі; Зейнеп бинт Харистің Мұхаммед пайғамбарды уландыруға талпыныс жасауы.
- 629 — мұсылмандар мен Мұхаммедтің Мекке ғибадатханасы Қағбаға бейбіт түрде қажылық жасауы; құрайшиттердің Худайбия келісімін бұзуы.
- 630 — Меккенің жаулап алынуы; Бани Укайл, Бани Калб, Бани Килаб, Бани Тужиб, Бани Ғатафан, Бани Ханзала бин Малик, Бани Кудаға, Бали және Бани Бахра тобының Мединеге келіп, олардың исламды қабылдауы.
- 631 — Бани Азд, Абна, Бани Тай, Бани Әмір бин Сасаға, Бани Кинда, Бани Тужиб, Бани Рахауийин, Бани Ғафиқ, Бани Маһра, Бани Ханифа, Бани Анс, Бани Мурад, Бани Әбд әл-кайс, Бани Хиләл, Бани Руха және Бани Зубайда тобының Мединеге келіп, олардың исламды қабылдауы.
- 632 — Меккеге соңғы қажылық; Бани Мухариб пен Бани Наханың Мединеге келіп, олардың исламды қабылдауы.; 8 маусым — Мұхаммед пйғамбардың өлімі мен жерленуі.[26][27]
Замандастары
Хадишадан кейінгі исламды алғашқылардың бірі болып қабылдағандар: Әли ибн Әбу Талиб, Зәйд ибн Хариса, Әбу Бәкір әс-Сыддық, Осман ибн Аффан, Әз-Зүбәйір ибн әл-Әууәм, Әбдірахман ибн Ауф, Сағд ибн әбу Уаққас, Талха ибн Ұбайдуллаһ және басқалар.
Мұхаммед пайғамбарды ұнатпаған адамдардың арасында оның ағасы Әбу Лаһаб пен оның әйелі, Әбу Жаһил, Укба ибн Әбу Муайта және т.б. болған. Мұхаммед пайғамбармен жау болғандардың кейбірі кейін исламды қабылдаған, мысалы Әбу Суфийан ибн Харб және басқалары.
Тарихтағы рөлі
Американдық ғалым және жазушы Майкл Харт (en) «100 ұлы адамдар (en)» кітабында Мұхаммед пайғамбарды тарихтағы ең беделді адам деп мойындаған.
Мұхаммедтен кейінгі араб әлемі
632 жылы Мұхаммедтің өлімі кезінде барлық Арабия түбегі исламға бет бұрған болатын, ал кейін пайғамбардың өлімінен кейін оның мұрагерлері («наменгерлер», халифтер) исламды, араб мәдениеті мен тілін таратқан. Аббасидтер кезіндегі халифат Атлант мұхитынан бастап Қытайға дейін жайылып жатқан өз уақытындағы ең ірі империя болған.
Мұхаммедтің уәда (қоштасу) хутбасы
Кейбір адамдар бұл уағызды адам құқығының исламдағы манифесті деп атайды.
Мұхаммед соңғы уағызын хижраның оныншы жылында, мұсылман еместерге Қасиетті Қағбаға кіруге тыйым салынған кезде айтты. 14 мың мұсылман Мұхаммедтің басшылығымен Мединеден Меккеге қажылыққа барды. Зүл-Хижжа айының 9-шы күні Мұхаммед, Меккеге қажылыққа келген, барлық мұсылмандарды Араваттағы Жабәл әл-Рахман тауына шақырып сөйлесті. Сол уағызда айтылған кейбір цитаталар:
- Ей, адамдар! Сөзімді жақсылап тыңдаңдар! Білмеймін, бәлкім бұл жылдан кейін сендермен бұл жерде қайта кездесе алмайтын шығармын.
- Адамдар! Осы күндерің қаншалықты қасиетті күн болса, бұл айларың қандай қасиетті ай болса, бұл қалаларың (Мекке) қандай қасиетті қала болса, жандарың, малдарың, намыстарың да сондай қасиетті. Әр түрлі жауыздықтан қорғалған.
- Сахабаларым! Ертең Раббыларыңмен қауышасыңдар және бүгінгі барлық әл-әрекеттерден міндетті түрде есепке тартыласыңдар. Менен кейін бұрынғы азғындықтарыңа қайтып, бір-біріңді өлтірмеңдер. Бұл өсиетімді осы жердегілер бұл жерде болмаған адамдарға жеткізсін. Естіген адам бұл жерде болып естіген адамнан да жақсы түсініп, есінде сақтауы мүмкін.
- Сахабаларым! Кімде біреудің аманаты бар болса оны иесіне қайтарсын. Өсімқорлықтың (пайыздың) барлық түрі жойылған. Аяғымның астында. Бірақ, қарыздарыңның негізін берулерің керек. Зұлымдық етпеңдер, зұлымдыққа ұшырамаңдар. Аллаһу та’аланың бұйрығымен өсімқорлыққа енді тыйым салынды. Надандық дәуірінен қалған бұл жаман әдеттің барлығы аяғымның астында. Алғаш жойған өсімқорлығым - Абдулмутталибтің ұлы (көкем) Аббастың өсімқорлығы.
- Сахабаларым! Надандық дәуіріндегі қан даулары да толығымен жойылды. Жойған алғашқы қан дауым - Абдулмутталибтің немересі Рәбианың қан дауы.
- Ей, адамдар! Қалаған уақытта соғысу үшін қан төгу харам болған айлардың орындарын ауыстыру – күпірліктің дәл өзі. Бұл - кәпірлердің үлкен адасушылыққа түскен нәрсесі. Олар бір жылы адал деп қабылдаған бір айды келесі жылы харам деп жариялады. Хақ та’аланың халал және харам еткендерінің санына сай етеміз деп осылай жасады. Олар Аллаһу та’аланың харам еткенін халал, ал халал еткенін харам етеді.
- Күмәнсіз, уақыт - Аллаһу та’аланың жаратқан күніндегі түр мен тәртіпке енді.
- Ей, адамдар! Бүгін шайтан сендердің мына жерлеріңде жаңадан билігін жүргізу және үстемдік құру күшінен мәңгілікке айрылды. Бірақ, сендер осы жойған нәрселерімнен басқа кішкентай деп санаған нәрселеріңде оған бағынсаңдар бұл оны қуантады. Діндеріңді қорғау үшін бұлардан ��а сақтаныңдар!
- Ей, адамдар! Әйелдердің құқықтарын құрметтеуді және осы мәселеде Аллаһу та’аладан қорқуларыңды ұсынамын. Сендер әйелдерді Аллаһу та’аланың аманаты ретінде алдыңдар, олардың намысы мен арын Аллаһу та’аланың атымен уәде беріп, халалдыққа алдыңдар. Сендердің әйелдерде құқықтарың, олардың сендерде құқықтары бар. Сендердің әйелдердегі құқықтарың – олардың отбасылық махремдікті сендер ұнатпайтын ешкімге таптатпауы. Егер сендер ұнатпайтын біреуді үйлеріңе кіргізсе, оларды жеңіл ұрыспен жазаландырып бұл тірліктерінен қайтарсаңдар болады. Әйелдердің де сендердегі құқықтары – оларға халал жолмен әр түрлі тағамдар мен киім-кешектерін қамтамасыз етулерің.
- Ей, мүміндер! Сендерге бір аманат қалдырамын, одан мықтап ұстасаңдар жолдарыңнан адаспайсыңдар. Ол аманат - Аллаһу та’аланың кітабы Құран Кәрім (Басқа риуаяттарда «сүннетім» және «әһли бәйтім» деп көрсетілген).
- Ей, мүміндер! Сөзімді жақсылап тыңдаңдар және естеріңе жақсылап сақтаңдар. Мұсылман мұсылманның бауыры, осылайша барлық мұсылмандар бір-біріне бауыр. Діндес бауырларыңның жаны, қаны, малы-мүлкі, ар-намысы және ақысына сұрамай қол созу ешкімге халал емес. Тек өзі көңіл разылығымен берсе ғана халал болмақ.
- Сахабаларым! Өздеріңе зұлымдық жасамаңдар. Мойындарыңда өздерің жайлы да сақтауға тиіс болған құқықтарың, жауапкершіліктерің бар.
- Ей, адамдар! Аллаһу та’ала әрбір құқық иесіне құқығын (Құран Кәрімде) берген. Мұрагердің, өсиеттің қажеті жоқ. Бала кімнің төсегінде туылса соған тән. Зинақорлық еткен адамға махрұмдық бар. Өзін әкесінен басқаның тегіненмін деп айтқан тексіздер немесе өз қожайынынан қашып басқаның қолына сыйынған көрнемек адам Аллаһу та’аланың азабына, періштелер мен барлық мұсылмандардың қарғысына ұшырасын. Хақ та’ала мұндай адамдардың тәубаларын да, куәліктерін де қабылдамайды.
- Ей, адамдар! Раббыларың бір. Әкелерің де бір. Барлығың Адамның балаларысыңдар. Адам болса топырақтан жаратылды. Аллаһтың алдында ең қадірлілерің - ең көп тақуа болғандарың. Арабтың араб еместерден артықшылығы жоқ. Артықшылық тек тақуалықта.
- Ей, адамдар! Ертең сендерден мен жайлы сұрайды, не дейсіңдер?
- Сахабалар «Аллаһу та’аланың дінін уағыздадыңыз. Міндетіңізді орындадыңыз. Бізге уағыз айтып, насихат жасадыңыз» деп куәлік етеміз» деді.
- Осы кезде Расулуллаһ сұқ саусағын көтеріп, жамағатқа қаратып, «Куә бол, йа Раб! Куә бол, йа Раб! Куә бол, йа Раб!» деді.
- Пайғамбарымыз Уәда хұтбасын оқыған күні «Маидә» сүресінің «Бүгін діндеріңді сендер үшін толықтырдым. Сендерге деген ниғметімді аяқтадым және сендерге дін ретінде Исламды беруге разы болдым» деген мағынадағы 3-аяты түсті. Пайғамбарымыз бұл аятты сахабаларына оқыған кезде хазіреті Әбу Бәкір жылады. Сахабалар оның себебін сұрағанда «Бұл аяти кәримә расулуллаһтың қайтыс болатын уақытының жақындағанын білдіреді. Сол үшін жылап жатырмын»- деді.
- Пайғамбарымыз Меккеде он күн болып, Уәда қажылығын жасап, Уәда тауабын орындады. Сөйтіп, Мәдинаға қайтты. Уәда қажылығынан кейін сахабалар өз отандарына қайтып пайғамбарымыздың айтқан және бұйырған нәрселерін сол жердегілерге жеткізді.[28]
Мұхаммед Құранда
«Мұхаммед» атауы Құранда тек бес рет қолданылады (салыстыра кетсек Иса 25 рет аталады, Адам ата да сонша рет аталады, Мұса — 136 рет, Ибраһим — 69, Нұх — 43).[29] Ол 3:144, 145, 33:40, 47:2, 48:29 жерлерінде Мұхаммед деп,[30] және бір аятта 61:6 Ахмед деп аталады. Сонымен қатар Құранның 47-ші сүресі «Мұхаммед» деп аталады.
Қызықты фактілер
- Мұхаммед оқи алмаған және жаза алмаған.
- Мұхаммед пен оның сахабалары аштықты сезбес үшін іштеріне тас байлап алған.
- Мұхаммед соғысты алдау деп атаған (әртүрлі алдау-арбау мен қулықтарды негізге ала отырып).
- Лондондық журнал Time Out өзінің бір мақаласында Мұхаммедті бірінші эколог деп атаған.[31]
Мінезі
Мұхаммедтің мінезін көрсету үшін Иордания, Ливан, Сирия, Судан елдерінің киностудиялары бірігіп, 2008 жылы 30-сериялық «Хашим айы» деген көркем фильм түсірмек болған.
Ерушілері
Исламдық көзқарас бойынша Адам ата мен Хауа анадан бастап барлығы мұсылмандар («муслим» — Аллаға мойынсұнушы) болған. Қазір әлемдегі барлық мұсылмандар саны шамамен 1,1-1,2 миллиард адам болып есептеледі.[32]
Өнерде
- кинематограф:
- «Аллаһ елшісі — Мұхаммед» фильмі
- «Мұхаммед: соңғы пайғамбар» мультфильмі
Дереккөздер
- Түсініктеме
- ↑ Туған кездегі есімі — Мұхаммед ибн Абдуллаһ (араб.: مُحَمَّد بنِ عَبد الله). Онымен қоса көптеген аттар және эпитеттермен танымал, мысалға: Аллаһ елшісі, Мұхаммед пайғамбар, соңғы пайғамбар және т.б; Мұхаммедтің есімінің көптеген нысандары бар: Мехмет, Махмұд, Ахмет, Мухаммад, Магомед, Махамад және т.б.
- ↑ Құрандағы «Пайғамбарлар мөрі» (хатам ән-нәбиин) эпитетін мұсылмандардың көпшілігі Мұхаммед Алла тағала жіберген пайғамбарлардың соңғысы деген мағынада түсінеді. Баламалы көзқарас оның мәртебесі исламда Құран заңын қолдайтын кішігірім пайғамбарлық формаларының болуын жоққа шығармайды және бұл көзқарасты ең алдымен қазіргі Ахмадия қозғалысы қолдайды. Қараңыз:
- Muhammad in History, Thought, and Culture: An Encyclopedia of the Prophet of God [2 volumes] — ABC-CLIO, 2014. — P. 16. — ISBN 978-1-61069-178-9. Мұрағат көшірмесі 22 қаңтардың 2021 Wayback Machine мұрағатында
- Friedmann, Yohanan Prophecy Continuous: Aspects of Ahmadi Religious Thought and Its Medieval Background — Oxford University Press, 2003. — P. passim. — ISBN 965-264-014-X. Мұрағат көшірмесі 31 желтоқсанның 2019 Wayback Machine мұрағатында
- Деректер
- ↑ Mehdy Shaddel Periodisation and the futūḥ: Making Sense of Muḥammad’s Leadership of the Conquests in Non-Muslim Sources. — Arabica, 2022-01-01. — Vol. 1-2. — Т. 69. — б. 96. — ISSN 0570-5398.
- ↑ Elizabeth Goldman (1995), s. 63 gives 8 June 632, the dominant Islamic tradition. Many earlier, mainly non-Islamic traditions refer to him as still alive at the time of the invasion of Palestine. See Stephen J. Shoemaker,The Death of a Prophet: The End of Muhammad's Life and the Beginnings of Islam, University of Pennsylvania Press, 2011.
- ↑ Sherrard Beaumont Burnaby Elements of the Jewish and Muhammadan calendars : with rules and tables and explanatory notes on the Julian and Gregorian calendars — London : G. Bell. — 1901. — Б. 588.
- ↑ Alford T. Welch, Ahmad S. Moussalli, Gordon D. Newby "Muḥammad" / John L. Esposito = The Oxford Encyclopedia of the Islamic World // Oxford: Oxford University Press. — 2009. «The Prophet of Islam was a religious, political, and social reformer who gave rise to one of the great civilizations of the world. From a modern, historical perspective, Muḥammad was the founder of Islam. From the perspective of the Islamic faith, he was God's Messenger (rasūl Allāh), called to be a "warner," first to the Arabs and then to all humankind.»
- ↑ "Muhammad | Biography" (ағыл.). Encyclopædia Britannica (9 ақпан 2017). Тексерілді, 26 қаңтар 2021.
- ↑ Morgan, Diane Essential Islam: A Comprehensive Guide to Belief and Practice — 2009. — Б. 101. — ISBN 978-0-313-36025-1.
- ↑ Esposito (1998), s. 12.
- ↑ Esposito (2002b), ss. 4–5.
- ↑ Peters F. E. Islam: A Guide for Jews and Christians — Princeton University Press, 2003. — P. 9. — ISBN 978-0-691-11553-5.
- ↑ Esposito John Islam: The Straight Path (3rd ed.) — Oxford University Press, 1998. — P. 9, 12. — ISBN 978-0-19-511234-4.
- ↑ Ибн Хишам «Жизнеописание Пророка Мұхаммеда», изд. рус. 2002, 2003 г.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Сафи ар-Рахман аль-Мубарак Фури Жизнь пророка Мұхаммеда — Б. 236.
- ↑ Аль-Бухари (№ 5908), Муслим (№ 2340)
- ↑ О достоинствах Пророка Мұхаммеда, мусульманской нравственности и праведном поведении. Мұхаммед ибн Джамиль Зину Мұрағатталған 6 маусымның 2012 жылы.
- ↑ Посланник Аллаха. Ф. А. Асадуллин, Р. И. Султанов и др. Мұрағатталған 23 тамыздың 2013 жылы.
- ↑ Мухтасар аш-шамаиль" (№ 97, 188)
- ↑ Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 5, 266
- ↑ Аль-Буты Р. Фикх ас-сира ан-набавия [Понимание жизнеописания Пророка]. Каир: ас-Салям, 1999, с. 34.
- ↑ http://www.umma.ru/namaz/prayer/purity/ Мұрағатталған 15 мамырдың 2009 жылы.
- ↑ «Кто является автором Корана» Мұрағатталған 21 шілденің 2011 жылы.
- ↑ Библия Числа 15:35
- ↑ Библия Пайғамбар туралы
- ↑ «Муруджуз-захаб» т.2, стр. 282—283
- ↑ М. Уотт. Мұхаммед в Медине. с. 436
- ↑ Юсуф аль-Карадави, глава Международной ассоциации улемов. Из книги «Современные фетвы» Мұрағатталған 17 қазанның 2010 жылы. Үлгі:Недоступная ссылка
- ↑ Хронология эпохи Пророка Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы. / сайт РДУМ Пензенской области.
- ↑ Хронология периода Пророка Мұхаммеда. Мұрағатталған 2 шілденің 2012 жылы. / PosledniyProrok.Info
- ↑ Уәда (қоштасу) хутбасы
- ↑ Исламское Духовно — Просветительское Благотворительное Общество Мұрағатталған 10 қазанның 2008 жылы.
- ↑ Пост 2011 (Часть 14. Ляйлятуль-кадр) Мұрағатталған 6 наурыздың 2016 жылы.
- ↑ Лондонский еженедельник предрекает светлое будущее под знаменем ислама
- ↑ Islam. Encyclopædia Britannica. 2008. Encyclopædia Britannica Online. 16 Mar. 2008 [1] Мұрағатталған 22 желтоқсанның 2007 жылы.
Әдебиет
- Ибн Хишам. Сира Пророка Мұхаммеда Мұрағатталған 4 маусымның 2009 жылы.
- Сафи ар-Рахман аль-Мубаркфури. Жизнеописание посланника Аллаха. Мұрағатталған 3 маусымның 2009 жылы.
- Хасан М. Бальюзи. «Мұхаммед и развитие Ислама»
- В. Ф. Панова, Ю. Б. Вахтин. Жизнь Мұхаммеда — М.: Политиздат, 1990. — ISBN 5-250-00780-5.
- «Жизнь Пророка Мұхаммеда» Мұрағатталған 2 қарашаның 2009 жылы. (группа авторов организации «Дар Рахи Хакк»)
Сыртқы сілтемелер
- Ислам діні сайты
- Мұхаммед // «Кругосвет»
- А. Али-заде. Мұхаммед Мұрағатталған 1 қазанның 2011 жылы.Үлгі:ИЭС-2007/1
- М. Б. Пиотровский. МұхаммедҮлгі:ИЭС-1991/1178—182
- Мохаммед // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона .