Мазмұнға өту

Микроэлементтер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Микроэлементтертопырақта, тау жыныстарында, қазба көмірлерде, табиғи және минералды суларда, организмдерде (аз мөлшерде 0,01 – 0,1% не одан төмен) кездесетін химиялық элементтер. Микроэлементтерге Al, Fe, Cu, Mn, Zn, Mo, Co, І, т.б. жатады. Олар бірқатар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың, тыныс алу пигменттерінің құрамына кіреді. Академик В.Вернадский Микроэлементтердің биосферадағы таралуының бірнеше заңдылықтары бар екенін зерттеді. 30-дан астам Микроэлементтер адам, жануар және өсімдік тіршілігіне өте қажет. Микроэлементтердің артық не кем болуы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Микроэлементтер өсімдіктің организміне топырақпен, ал жануарлар мен адам организміне тамақпен ауысады. Микроэлементтер бойдың өсуіне (жануарлардаMn, Zn, І), қанның түзілуіне (Fe, Cu, Co), т.б. әсер етеді. Егер өсімдік құрамында бор болған жағдайда ол азот, фосфор және калийді жақсы сіңіреді. Бор жетіспегенде өсімдік тұқымы нашарлайды, әр түрлі ауруларға шалдығады. Марганец пен мырыш тотығу - тотықсыздану процесін жылдамдатып, өсімдіктің өсуін тездетеді. Мыс тотығу ферменттерінің құрамына кіреді және В тобы витаминдерінің синтезін белсендендіреді. Йод адам және жануарлар организміндегі тироксин гормонының қызметін жақсартады. Микроэлементтер мұнай, газ және полиметалл кендерін іздеуге, ауыл шауашылығындағы дақылдарының өнімділігін арттыруға (микротыңайтқыштар), т.б. пайдаланылады.[1][2]

Кальций мен фосфордың адам ағзасындағы биологиялық ролi

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
КАЛЬЦИЙ Ca
  • Са ерiмеген тұздар Са3(РО4)2, Са+-2, СаСО3, гидроксипатит Са10(РО4)6(ОН)3 түрiнде сүйектi тканнiң органикалық емес фракциясының түзiлуiне қатысады.
  • Бұлшық ет жасушаларының саркоплазматикалық торында болатын Са бұлшық еттiң жиырылуы мен жазылуына қатысады.
  • Ферменттердiң активаторы ретiнде қан ұюының көптеген сатыларына қатысады.
  • Жүйке импульсiн өткiзуге қатысады.
  • Мембраналардың өткiзгiштiгiн азайтады.
  • Ткандi коллоидтардың суды байланыстыру қабiлетi төмендейдi.
  • Бiрқатар ферменттердi (актомиозин –АТФ-аза, амилаза) активтендiредi және ұйқы безiнiң трипсинi мен амилазасын тұрақтандырады.
  • Организмнiң жалпы ерекшелiк емес резистенттiлiгiн жоғарлатады.
  • Са биологиялық импульстi (гормондар), әр түрлi типтегi клеткаларға беруде сарапшы ретiнде қатысады. Са-дың клеткалық процестерге қатысуы оның цАМФ-пен және бiрқатар ферменттердiңактиваторы болып қызмет атқаратын ерекшелiк кальцийбайланыстырушы белоктармен өзара әсерiмен жанамаланған.

Фосфордың биологиялық ролi

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Фосфордың негiзгi қызметi сүйек тканi мен тiстердiң бүтiндiлiгiн ұстап тұру мен өсуiне байланысты.
  • Жоғары эргиялық қосылыстардың тѕзiлуiне қатысады (АТФ, креатин-фосфат).
  • Көмiрсулар алмасуының аралық өнiмдерiнiң фосфорилденуiне қатысады (глюкозо-6-фосфат).
  • Фосфолипидтiң құрамына кiредi.
  • Генетикалық маңызды қосылыстардың (ДНК,РНК) синтезiнде құрылыстық блок қызметiн атқарады.
  • Фосфопротеиндердiң күрделi белоктарының құрамына кiредi (сүт казеинi).
  • Клеткалардың және сұйықтықтардың фосфатты буферлi жүйесiнiң түзiлуiне қатысады.

Са мен Р-ға қажеттiлiк, оның толықтырылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күн сайын Са-ды дене салмағының 10-15 мг/кг iшiп-жеу ұсынылады. Са-ға ең бай сүт, сыр, iрiмшiк, жеміс-жидектер. Ішекте тағаммен түскен Са-дың 30%-ке жуығы сiңiрiледi. Өмiрiнiң алғашқы күндерiнде организм қабылдаған бүкiл Са-ды сiңiру төмендейдi, ал жүктiлiк және лактация уақытында артады. Асқазанның қышқылды iшiндегiсi Са-дың көмiрқышқыл және фосфорлы-қышқылды тұздары диссоциацияланады және Са иондалған формада немесе ерiген хелаттармен комплексiнде iшекке түсiп, сiңiрiлуге ұшырайды. Тағамдық рационның көптеген компоненттерi және физиологиялық факторлар Са-дың сiңiрiлуiне әсер етедi. Са-дың сiңiрiлуiн Д витаминi, ақуыздар, лактоза, лизин, аргинин, лимон қышқылы, соматотропин арттырады, ал тироксин, кортизол, фосфаттар, фитин қышқылы төмендетедi. Р-дың рационмен тәулiктiк пайдалану 3г құрайды. Р-дың негiзгi мөлшерi сүтпен, етпен және балықпен түседi. Ішекте тағаммен бiрге түскен Р-дың 70%-i сiңiрiледi. Р-дың сiңiрiлуi рационда Са, Мg, Al, Fe-дiң жоғары мөлшерiне байланысты төмендейдi. Na, майлар, фитат, Д витаминi Р-дың сiңiрiлуiне жағдай жасайды. Сiңiру Са мен Р-дың 1/2 тең қатынасы кезiнде сәттi жүзеге асырылады.

Ағзада Са мен Р-дың мөлшерi мен бөлiнуi

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қалыпты жағдайда плазмада Са-дың концентрациясы ересек адамда 2-2,75 ммоль/л және балаларда 2,74-3,24 ммоль/л тең. Сарысудың 50%-ке жуығы иондалған Са, 10% цитратпен, лактатпен, бикарбонатпен, фосфатпен қосылыс түрiнде кездеседi. Қалған 40% ақуыздармен (альбуминмен) байланысқан. Иондалған Са биологиялық активтi болып табылады. Альбуминмен байланысқан Са ағзада Са деңгейiнiң жоғарылауын немесе төмендеуiн реттейтiн буфер тәрiздi әсер етедi. Са-дың ағзадағы негiзгi мөлшерi сүйектi теріде болады (1кг-ға жуық). Жұмсақ терілер үлесiне небары 14г тиедi. Қандағы органикалық емес фосфаттың концентрациясы қалыпты жағдайда 0,646-1,292 ммоль/л (балаларда 1,29-2,26 ммоль/л) құрайды. Қан сарысуында фосфаттың 80%-i бос иондар түрiнде тiршiлiк етедi, басқа бөлiгi белокпен байланысқан. Қаңқада шамамен фосфаттың 85% орналасқан. Қалғандары органикалық фосфатты қосылыс түрiнде кездеседi.

Са мен Р-ды организмнен шығару жолдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Са организмнен негiзiнен iшекпен шығарылады. Оның аз бөлiгi несеп және термен шығарылады.
  • Фосфаттар организмнен негiзiнен несеппен (64%) және iшек арқылы (32%) шығарылады[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том
  2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
  3. Сеитов З.С., Бейсебеков М.Қ. Физикалық және коллоидтық химия. –Алматы, 1993.