Мазмұнға өту

Шабуыл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
АҚШ-тағы шабуыл 11 қыркүйек.

Шабуыл — қарсыласты жеңуде шешуші маңызы бар ұрыс әдістерінің негізгі түрі. Шабуылдың басты мақсаты — қорғаныстағы қарсыластың әскерін тез арада (қысқы мерзімде) жойып, маңызды аудандарды (нысандарды) алу. Ол үшін қажетті барлық құралдарды пайдалану, авиациялық соққы нәтижелерін тиімді пайдалану, әскердің шешуші әрекеттерін шапшаң қарқында және неғұрлым тереңдете жүргізу арқылы жүзеге асады. Шабуыл күшті толық шоғырландырып, күндіз де, түнде де, ауа райының кез келген жағдайында жүргізіледі. Құрлықтағы әскер бөлімдері мен бөлімшелері қарсыластың қапталы мен тылына тез шығып, оған шешуші соққылар беру үшін, дұшпанның ұрыс тәртібін бұзып, жергілікті жерді тиімді пайдалануы керек. Қарсыласта ашық қапталдар болмаған жағдайда Шабуыл оның қорғанысын бұзып өтуден басталады. Жағдайға байланысты түкпірдегі әскерді алға жылжыту немесе жаумен тікелей жақын орналасқан әскерді алға жіберу арқылы жүргізіледі. Шабуыл жаяу, атпен, танкімен, әуеден, теңіздегі соғыста торпедомен жасалады. Әскери техниканың дамуына, әскердің ұйымдасуына және әскер құрамының сапасына қарай Шабуылдың түрлеріне елеулі өзгеріс енгізілді. Қазіргі жалпы әскерлік соғыста Шабуылды танк және мотоатқыштар әскерлері жүргізіп, оларды артиллерия мен авиация қолдайды, инженер, химия, тағы басқа арнаулы әскермен қамтамасыз етіледі. Шабуыл алдында артиллерия мен авиация атыс әзірлігін жүргізеді, ал Шабуыл барысында атыспен қолдап отырады. Мотоатқыштар әскерлері көбіне танкілерге ілесе шабуылдайды. Әуе Шабуылы жеке ұшақпен немесе топ-топ болып жүргізіледі. Теңіздегі соғыста әскери-теңіз флотының барлық түрі Шабуыл жасайды.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім