Ит
Ит | ||||||||||
| ||||||||||
Ғылыми топтастырылуы | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Домен | ||||||||||
Патшалық | ||||||||||
Тип | ||||||||||
Кіші тип | ||||||||||
Инфратип | ||||||||||
Ұлы класс | ||||||||||
Класс | ||||||||||
Кіші класс | ||||||||||
Инфракласс | ||||||||||
Ұлы отряд | ||||||||||
Отряд | ||||||||||
Кіші отряд | ||||||||||
Тұқымдас | ||||||||||
Түр | ||||||||||
Кіші түр | ||||||||||
Халықаралық ғылыми атауы | ||||||||||
Canis lupus familiaris Linnaeus, 1758 | ||||||||||
Синонимдер | ||||||||||
| ||||||||||
| ||||||||||
|
Ит (лат. Canis lupus familiaris) — үй жануары. Биологиялық жіктеу бойынша, ит - Сүтқоректілер класының Төбеттер тұқымдасының қасқырлар тегіне жататын жыртқыш.
Иттер шамам��н б.з.б. 15 – 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі. Қазіргі кезде Ит тұқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: шпицетәрізділер бұған терьерлер мен доберман-пинчерлер жатады; тазы иттер мен овчаркалар; Азия, Америка, Австралия құрлығына тән иттер; Оңтүстік жарты шар иттері. Иттерді күнделікті тұрмыста пайдалануына қарай 3 топқа біріктіреді: аңшы иттер, күзет иті және үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер. Қолға үйретілген иттерде болатын әр түрлі жұқпалы аурулар (құтыру, саркоптоза, трихофития, т.б.) адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп, жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға карсы, ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп отыру қажет.[1]
Биологиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Иттер – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тістер.
Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады.
Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады.
Жыныстық жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 – 65 күн, қаншығы 1 – 2, кейде 12 – 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1,5 айдай емеді.
Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді.
Иттің белгілі бір қызмет атқаруға, аң аулауға үйретілген, сондай-ақ үйде сәндік үшін асырайтын тұқымдары болады. Қызмет иттері тұқымдарын армия, шекара күзеті, милиция істерінде, әр түрлі объектілерді күзетуге, мал бағуға т. б. пайдаланады. Иттің бұл тұқымдарына неміс овчаркасы (шығыс европалық), Кавказ овчаркасы, Орта Азия овчаркасы, орыстың оңтүстік овчаркасы, шотланд овчаркасы (колли), ротвейлер, эрдельтерьер, қара терьер, ризеншнауцер, Москва күзет иті және сүңгуір ит (ньюфаундлендтің отандық типі) жатады.
Мұндай иттерді ұстайтын әуес-қойлар әдетте Армия, авиация және флотқа көмек көрсететін ерікті қоғамның (КСРО ДОСААФ-ы) қызметші-итін өсіретін клубтардың мүшесі болады. Клубтар қызметші итті өсіру жөніндегі көпшілік-оқу орталығы болып табылады. Клуб мүшелері спортпен шұғылданады, көрнекі жарыстарға, әскери-спорт ойындарына қатысады, көптеген ит жаттықтырып, армияға, шекара әскеріне және т. б. ведомстволарға табыс етеді. Клубтар ит өсіруді жоспармен, иттің тұлғасы мен сымбатын жетілдіру, қызметтік қабілетін арттыру, санын көбейтуді белгілі ережемен жүргізеді. Ит өсіріп, көбейтуге төртінші буынға дейінгі тегі белгілі, көрмелерде тұлғасы мен жаттықтырылуы жағынан аса жоғары баға алған иттер алынады. Неміс овчаркасы (шығыс европалық) клубтарда тіркелген барлық иттердің сан жағынан 70%-тейін алады. КСРО-да көп жылдар бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде неміс овчаркасына қарағанда сирақты, бітімі арымды әрі таразы келген, төзімді де қабілетті овчарканың жаңа тұқымы шығарылған. Овчарканың бұл тұқымы еліміздің әртүрлі климатты аймақтарында пайдалануға көнгіш келеді. Бұл ит мемлекет шекарасын орғауға, әскери және өндіріс т. б. халық шаруашылығы объект іл ерін күзетуге ұсталатын иттердің, сондай-ақ іздеусіз кесу қызметші-иттерінің негізгі тұқымы болып саналады, кен-газ іздеу, іздеу-құтқару және басқа да арнайы (санигария, байланыс, мина ізден табу) жұмыстарына ойдағыдай пайдалануда.
Кавказ, Орта Азия, орыстың оңтүстік овчаркалары, қара терьер, Москва күзет иті және сүңгуір ит тұқымдары күзет ісіне, мал бағуға пайдаланылуда. Шотланд овчаркасы, эрдельтерьер, ротвейлер, ризеншнауцер көбіне үй мүлкін күзетүге және спорттық мақсатта қолданылады. Шотланд овчаркасы мен эрдельтерьер зағиптарға бағдаршы ретінде, ал шотланд овчаркасы мал бағып-жаюға пайдаланылуда. Иттің боксер, дог, ньюфаундленд, сенбернар, доберман-пинчер тұқымдары қызметші-спорттық мақсаттағы иттерге жатады, бірақ бұлардың кейбіреулері қызметші-ит ролін де ат қара алады. Неміс (шығыс европалық) овчаркасын, колли, эрдельтерьер, қара терьер, сүңгуір, сенбернар және ризеншнауцерді үйде де, қора-жайда да ұстауға болады. Жүні тықыр иттерді (доберман, бөксер, дог) жылы жерде ұстайды. Аң нттері аңшылықтың әр түріне пайдаланылады. Бұларға: тазы (орыс төбеті, орыс дала иті, хортай), жүйрік иттер (орыс иті, орыстың ала иті, эстон иті), сақ иттер (орыс-европалық, батыс сібірлік, шығыс сібірле, карелофиндік иттер), жатаған иттер (неміс жатағаны, ирланд, ағылшын және шотланд сеттері, пойнтер), спаниел, інге салғыш иттер (фокстерьер, такса) жатады.
Аңшы иттерi
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аңшы иттердің 100-ден астам тұқымы бар, бұлардың 25-ке жуық тұқымы КСРО-да өсіріледі. Қоян мен түлкі аулайтын әуесқой аңшылар жергілікті жағдайға қарай тазы немесе жүйрік ит тұқымдарын өсіреді. Құсқа салуға сеттерді, пойнтерді, неміс жатағанын немесе спаниелді, інге салуға фокстерьерді немесе таксаны пайдаланады. Сақ итпен орман құсын, қырғауыл, үйрек, ұсақ аң, аю, бұлан аулайды.
Тазы, жүйрік, сақ иттерді, түгі қайратты жатағанды, түгі қайратты фокстерьерлерді салқын қора-жайда, аулада, қалған түрлерін жылы орында, не үйде ұстайды. Бұл иттерді асыраушылар аңшылық ит өсіру клубтарына мүше болады.
Үйде ұсталатындары, әдетте, ірі болмайды. Бұларға: болонка, пинчер, тойтерьер, шниц, аффен-пинчер, бұйра кәндек Пекин иті (пекинес), жапон хиндері, чихуа-хуа және т. б. жатады. Үйде ит ұстайтындар ит өсіру әуесқойлары клубына немесе қоғамына мүшелікке кірелі.
Итті таңдап алу және оны күтіп-бағу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ит таңдап алу үшін адам тиісті клубка барып, иттің тұқымына, жасына, жынысына байланысты күтіп-бағу және үйрету мәселелері жөнінде қажетті кеңес алады, ит өсіру әуесқойлары курсын бітіреді. Кейбір текті иттерге оның тараған тұқымы, туралы арнайы куәлік, көрмелер мен сынақтан алған медаль, дипломдары қоса беріледі. Ең жақсысы итті күшігінен асырал өсірген жөн. Барлық ит тұқымының арланы қаншығына қарағанда ірілеу, қарымдылау, қабаған келетінін ескеру қажет, қаншық ит адамға, үйге үйірсек келеді. Күшіктейтін иттерді қолда ұстағанды қолайсыз деп санау дұрыс емес. Қалада және басқа елді мекендерде ит ұстау одақтас республикаларда, өлкелер мен облыстарда қабылданған тиісті ережелерге сай болуға тиіс. Итті бір отбасы тұратын және пәтерде санитария-гигиеналық және малдәрігерлік-санитариялық ережелерді сақтаған жағдайда ғана ұстауға рұқсат етіледі. Коммуналдық пәтерлерде бұған қоса барлық көрші тұрғындардың келісімі қажет. Тұрғын үй және коммуналдық пәтерлерде итті тұрғындарға ортақ жерлерде (басқыш алаңында, үй шатыры астында, төледе, дәліздерде т. б.), сондай-ақ, балкон мен лоджияларда ұстауға болмайды. Ит несі өзінің тұрғын жеріне қарасты мал дәрігерлік мекемелерге міндетті түрде итін тіркетіп, оны жыл сайын тіркеуден қайта өткізіп отырады. Бұндай мекемелер тіркеу куәлігін және тіркеу белгісін беріп, ит иесін ит ұстау ережелерімен таныстырады.
Итке қажетті күтім
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Итті сатып алуға, сатуға, басқа қалаға, ауданға алып жүруге (кез келген транспорт түрімен) итке соңғы 12 ай ішінде және алып жүруден кемінде 30 күн бұрын құтыру ауруына қарсы егілгені туралы малдәрігерлік куәлік болса ғана рұқсат етіледі. Итті үйден қысқа қарғы бау ілмек немесе тұмылдырық кигізіл, қарғысына нөмір белгісін тағып (үш айға дейінгі күшіктей басқасына) алып шығарылады да, әдейі тағайындалған алаңда, әдетте таңертең сағат 7 мен кешкі 23 сағат аралығында серуендетеді, ал бұдан ерте не кеш уақытта ит несі тыныштық сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Пәтер ішінде итке ешкімнің маазасын алмайтын әрі оған тыныш орын тағайындалады. Орын жел өті тиетін, үй жылытатын жүйелерге жақын және қараңғы жерде болмауы қажет. Оған бөлінген жерде ит астына төсеніш төселеді және оны күн сайын қағып, желдегіп, щетка не шаң сорғышпен тазалап, жуылып отырылады. Жылыны жақсы көретін кәнден иттің астына жұмсақ, жылы төсеніш төселеді. Қора-жайы бар ит иелері итті былай ұсгауына болады: қора айналасы қоршалған, бұған бөтен адам кіре алмайтын жалпит қашып шығып кете алмайтын болса, итті бос ұстауға болады. Ит жауын - шашыннан, суықтан паналауы үшін оған дөңестеу және құрғақ жерге (лапас астына) үйшік жасау керек. Суық аудандарда үйшіктің қабырғасын қос қабаттал жасап, оның екі арасын ағаш ұнтағы не басқа бір затпен толтыруға болады. Итті қорада немесе ауыз үйде ұстауға болады, итке үйшік қойылады немесе еденнен сәл көтеріңкі етіп ағаш тапшан жасалады. Төсенішті ит ысырып түсіріп тастамауы үшін таптай ның шетіне кенере жасалады. Қыста үйшіктің ішіне, тапшанға қалың ғыл пішен, сабан немесе ағаш жоңқасы төселеді, үйшіктің аузына қалың матадан перде ілінеді. Итті байлап ұстаған кезде шынжыры оралмас үшін белгілі бір жерге қапсырма шегелі немесе шығыршықты, биіктігі 8—10 см-ден аспайтын ағаш қазық қағылады. Шынжырдың ұзындығы 1,5—2 м болады. Итті жылжымалы байлауда ұстау үшін белгілі бір жерге шығыршықты сым немесе трос тартылады да, шығыршыққа ит шынжыры ілінеді. Сымпың биіктігі 1,5 м-ден төмен болмауы қажет. Иттің үйшігі тартылған сымпың ортасына немесе жанына орналасады. Итті үйшігі бар жеке қоршаула бос ұстаған жөн. Қоршаудың аумағы 300X300 см (неғұрлым кең болса, соғұрлым қолайлы), биіктігі 200 см-ден аласа болмауы керек. Бұны аула немесе үй, сарай қабырғасына жанастыра салған дұрыс. Қоршау ағаштан, құбырдан, темірден жасалады да, оған жуандығы 2,5— 3 мм сым тор тартыл ады. Қоршаудың есігі ішіне қарай ашылуы тиіс. Қоршау іші су тоқтамайтындай сәл еңістеу болғаны дұрыс. Иттің үйшігін қоршаудың кез келген жеріне қоюға болады, бірақ ит оның төбесіне шығып, қоршаудан секіріп шығып кетпейтіндей болуы керек. Қақпаға шарбақ ішінде ит бар екенін білдіретін ескерту жазылады. Пәтерде ит ұстағанда оны тәулігіне 2 рет, ал күшікті кемінде 4 рет далаға серуенге шығарады.
Гигиена
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ит түгін күнде щеткамен, ал сабалақ жүнді итті сирек тісті тарақпен тарап тазалайды. Қажет болған жағдайда даладай келген соң иттің бауырын, аяғын дымқыл шүберекпен сүртеді немесе сабынсыз жылы сумен шаяды. Ит көктемде және күзде түлей бастағанда, оны күніне бір рет тарап отырады. Иттік жүнін жуғыш заттармен жарты жылда бір рет жуады. Ол үшін сабынның көбігін немесе шампуньды пайдаланады (сабындауға болмайды, өйткені иттің жүнінде сабын қалады да, ол иттің терісін тітіркендіреді). Ит 8—10 айлығында үйіне толады. Қаншық жылына 2 рет қарығады (ол 20—30 күнге созылады). Сонда ол шамамен 58—65 күн ішінде күшіктейді. Ірі иттер әдетте 5—8 (кейде 12-ге дейін), кәндек ит 2—4 күшікке дейін табады. Көзін ашпаған күшікте есту қабілеті де болмайды, ол тек 10—14 күн толғанда ашылады, ал тісі 20 күнде шығады, ал-ғашында жылы-жұмсақ ет берілсе, кейінірек, 1—1,5 айдан соң үлкен иттің тамағын беруге болады. Күшікті енесінен осы кезде (тұқымына қарай) айырады. Тамақтандыру. Итке тамақ тәулігіне 1—2 рет, ал ауру, әлжуаз итке 3 рет беріледі. Тамақ сүйек-саяқ сорпасына пісірілген әр түрлі жармалардан жасалған бөкпен түрінде суытылып беріледі. Ет пен балықты шикілей немесе пісіріп берген жөн. Тамыр жеміс, көкөністі (сәбіз, капуста, қызылша және оның сабағы, картоп) шикідей немесе пісіріп, тамаққа қосып береді. Итке әртүрлі сүт тағамдары (сүзбе, айран, сүт), аптасына 1—2 жұмыртқа, кепкен нан да пайдалы. Негізгі тамағына қосымша минералдық қорек ретінде, аздап сүйек-саяқ тасталады. Тағам қалдықтары да пайдаланылады. Ит қасында әрдайым су құйылған ыдыс болуы қажет. Жоғарыда неміс (шығыс европалық) овчаркасы күшігіне арнал алынған тамақтандырудың үлгі раңионы келтірілген. Кәнден ит тұқы мд ары күшігіне мұнда көрсетілген мөл-шерден аздап кем алынады. Бұл келтірілген рацион үлгі, оны жергілікті жағдайға қарай пайдаланады.
Ит жабдығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аң итіне, кәнден иттерге қарғы қайыстан, өрілген қайыс таспалан, жеңіл шынжырдан, мықты етіп істеледі. Ірі итке қарғы қалың былғарыдан, былғары орнына ұсталатын заттан немесе бірнеше қабат қайыстан жасалады. Оның мықтап тігілген шығыршығы және бүлдіргесі болуы керек. Қасаң қарғы (ішкі бетіне бұдырлы темір қадалған) тек жаттықтыру кезінде пайдаланылады. Мұндай қарғымен итті жетелеуге, байлап қоюға болмайды. Қарғыбау итті тек жетелеу үшін (байлауға емес) қолданылады. Жаттықтыру мен серуендетуге ұзындығы 10—15 м қарғыбау қажет, бұны әркім өзі таспалан немесе жіптен әріп жасап алады. Ит байл айтып шынжырдың үзбелері мен қарғыға жалғанатын ілме кілті берік (100—150 кг үзу күшіне сай) болуы керек. Шынжырдың ұзындығы — 2—2,5 м. Итке арналған тұмылдырықтардың бірнеше түрі бар.
- а) тұзақ — ең қарапайым түрі, бірақ тұмылдырықтың бұл түрі онша сенімді болмағандықтан қабаған итке жарамайды.
- ә) тор — былғарыдан немесе темірден жасалады.
- б) тұмша — ит тұмсығын түгел жауып тұрады.
Бұл келтірілген тұмылдырықтардың қай түрі болса да иттің басына нығыз кигізілуі керек, бірақ тұмсығын қатты қысып, тыныс алуын қиындатпауы қажет. Итті дұрыс өсіру үшін оны дұрыс тәрбиелен, жаттықтыру керек. Тәрбиелеу мен жаттықтырудың айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы — тек күшікке қарапайымдау талап қойылып, оның шартты рефлекстерін тиянақтау мен дағдыландыру үшін әртүрлі тәсіл қолданылады. Ойнату, еркелету арқылы тәрбиелейді. Күшікті өзіне қойылған атын білуге, иесі шақырғанда келуге, жетекке жүруге т. б. тапсырмаларды орындауға үйретеді. Жаттықтыру 8—10 айлығында басталатын үлкен итке бұдан күрделілеу талап қойылып, алдымен жалпы тәртіпке үйретеді де, кейін тиісті қызметке сай жалықтырады. Аң иттерін тұқымына қарай далада немесе ор-манда аң-құсқа қосуға (айтақтауға), қуып жетіп ұстауға баулиды.
Ит аурулары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ит ауруларының белгісі: Тамақ ішпей қояды, мінезі өзгеріп, енжар тартады, жүні үрпит, көзі қызарады, жиі қасынып, денесіне жара пайда болады. Асыранды иттер адамға жұғатын көптеген аурулармен (құтыру, қышыма, ішқұрт аурулары) ауыратын болғандықтан, ит ауруы білінісімен мал дәрігерлік емханаға апарылады. Ит жыл сайын оба, құтыру ауруларына қарсы егіледі. Қазақстанда 100 мыңнан астам мал бағатын ит бар. Оларды Қазақтың мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институттарында, ит питомниктерінде баулын, өсіреді.[2]
Иттерге қойылған ескерткіштертер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлемде көп елдерде иттерге ескерткіш қойылған.
Б.з.б. ІХ ғ-да «Коринфаның қорғаушысы және құтқарушысы» деп құрметтеп Сотер атты итке тірі кезінде ескерткіш қойылған.
Нью-Йорктің Орталық паркінде Балто атты итке қола ескерткіш орнатылған. Бұл ит өте қиын жағдайдарға қарамастан Аляска штатының Ном қаласына дифтериядан вакцинасын жеткізген. Ескерткіште «Шыдамдылық, адалдық, парасаттық үшін» деп жазылған[3].
Токиода Сибуя станциясында Хатико атты итке ескрткіш орнатылған. Бұл акита-ину породалы ит өз егесін 9 жыл бойы қарсы алуға шығып жүрген.
Санкт-Петербургте Эксперименталды медицина институтының алдында академик И.П.Павловтың бастауымен итке ескерткіш орнатылған. Ескерткіште: «Белгісіз итке қайырымды адамнан» деп жазылған. Бұл ескерткіш иттерге жалпы ғылымның дамуына үлес қосқан үшін қойылған.
2003жылы Тольятти қаласында өз егелерін 7 жыл бойы (өлгенше) апат болған жерде күтіп отырған итке «Адалдыққа ескерткіш» орнатылған.
Жапонияның Вакканай және Сакаи қалаларында 15 жегетін итке ескерткіш орнатылған. Бұл иттерді 2-ші Жапон аптарктикалық экспедиция барысында құтқара алмай қалған[4].
Парижда Сена өзенінің жағалауында Альпіде 40 адамды құтқарған Барри атты сенбернарға қойылған.
Ит аттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ақтөс
- Жолдыаяқ
- Майлыаяқ
- Саққұлақ
- Бөрібасар
- Таймас
- Қараауыз
- Алыпсоқ
- Көксерек
- Қойтөбет
- Тұйғын
- Сарықасқа
- Сұркиік
- Лашын
- Майтабан
- Төрткөз
- Құтжол
- Сарыала
- Ақтабан
- Аққұс
- Ұшар
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- ↑ Balto (sculpture) (ағыл.) (2 марта 2012). Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 шілде 2012.
- ↑ Fushigi Nippon
Сыртқы сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Ит |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |