Мазмұнға өту

Жақ ауыздылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Enyalioides azulae

Жақ ауыздылар (Gnathostomata) — омыртқалы жануарлар тобы. Бұлардың жақ сүйектері жақсы жетілген, аты осыған байланысты қойылған. Жақ ауыздылардың 6 класы бар: сүйекті балықтар, шеміршекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер. Жақ ауыздылардың көп түрлерінде арқа желісі ұрықтың даму кезінде пайда болып, дернәсілдерінде ғана ішкі қаңқаның қызметін атқарады, ал жоғары сатыдағы омыртқалыларда оның орнына шеміршектен не сүйектен пайда болған омыртқа жотасы түзіледі; жақ сүйектері желбезек доғаларынан пайда болады да, бас сүйегінің ми сауытымен түрліше байланысады. Иіс сезу өзегі бір жұп, оның әрқайсысы өз алдына жеке танау тесігі болып сыртқа ашылады. Қшкі құлағында жартылай иірім өзектерінің саны үшеу болады да, олар өзара бір-біріне перпендикуляр орналасады. Алдыңғы және артқы жұп аяқтары балықтарда — жүзу қанаттарына, құстарда — қанатқа айналған. Ал құрлықтағы жануарлардың жұп аяқтарында бес бармақтары жүруге бейімделген.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы