Мазмұнға өту

Иосиф Виссарионович Сталин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Иосиф Виссарионович Сталин
იოსებ ბესარიონის ძე ჯუღაშვილი
Иосиф Виссарионович Сталин
Лауазымы
КОКП ОК
бас хатшысы / бірінші хатшысы
3 сәуір 1922 жыл — 5 наурыз 1953 жыл
Ізашары Жоқ (лауазымы 1922 ж. орнатылған)
Ізбасары Никита Хрущёв
КСРО министрлер кеңесі төрағасы
6 мамыр 1942 жыл — 5 наурыз 1953 жыл
Ізашары Вячеслав Молотов
Ізбасары Георгий Маленков
Өмірбаяны
Партиясы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы Генералиссимус
Мамандығы оқуын бітірмеген ғибадатшы
Азаматтығы  КСРО
Дүниеге келуі 18 желтоқсан 1878 (1878-12-18)
Ресей империясы Гори, Тифлис Губерниясы (қазіргі Грузия), Ресей империясы
Қайтыс болуы 5 наурыз 1953 (1953-03-05) (74 жас)
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мәскеу
Әкесі Виссарион Иванович Джугашвили
Анасы Екатерина Георгиевна Джугашвили
Жұбайы Сванидзе Екатерина Семёновна (1906—1907)
Аллилуева Надежда Сергеевна (1919—1932)

Иосиф Виссарионович Сталин (шын тегі — Джугашвили, груз. იოსებ ბესარიონის ძე ჯუღაშვილი; 6(18) желтоқсан 1878 ж.(ресми түрде 9(21)желтоқсан 1879), Гори, Тифлис губерниясы, Ресей империясы — 5 наурыз 1953 ж., Кунцев ауданы, Мәскеу облысы, РКФСР, КСРО) — орыстың революциялық, кеңестік саяси, мемлекеттік, әскери және партия жетекшісі, 1922 жылдың 3 сәуірінен 1934 жылдың 10 ақпанына дейін бас хатшы болды, кейін — Бүкілодақтық коммунистік большевиктер партиясы Орталық Комитетінің хатшысы (1952 жылдан — КОКП), Кеңес Одағының Маршалы, Кеңес Одағының генералиссимосы. КСРО Қорғаныс халық комиссары (1941 ж. 19 шілдеден), КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы және КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы.

Балалық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жасөспірім Сосо (содан кейін Коба, Иосиф Сталин деген лақып ат қойып өзіне қойған). 1893 жыл

Иосиф Виссарионович Джугашвили грузияның Гори қаласында (1801 жылы Ресей қосқан аймақ) 1878 жылы 6 желтоқсанда Юлиан күнтізбесі бойынша дүниеге келді; Ол 1878 жылғы 18 желтоқсанға өзгертілетін қазіргі күнтізбені қолдана отырып, ол өзінің «ресми туған күнін» 1879 жылы 21 желтоқсан деп жариялады. Ол Екатерина Георгиевна Геадзе (Кеке) және Виссарион (Бесо) Джугашвили, төрт баланың үшінші ұлы болды, бірақ ол нәресте кезінен аман қалды.

1894 жылы Тбилисидегі православиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, “Месамедаси” (үшінші топ) атты грузин социал-демокр. ұйымына мүше болып кірді.

Саясат жолында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жас Коба Джугажвили. 1902 год.

1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП-ға мүшелікке өтті. “Коба” деген лақап атты иемденді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП-ның ОК-не мүшелікке сайланды.

1906 жылы - "Анархизм немесе социализм?" атты мақалалар сериясы жарық көреді.

1912 – 13 жылы Санкт-Петербургте жұмыс істей жүріп, “Звезда” және “Правда” газеттерінің жұмысына белсенді ат салысты. Осы кезде “Марксизм және ұлт мәселесі” деген еңбегін жазды.

1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциянан кейін оралып, РСДЖП-ның ОК бюросының құрамына және “Правда” газеті редакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүзеге асыруға қатысты. ��еңестердің Бүкілресейлік 2-съезінде (8.11. 1917) Ұлт істері халкомы (1917 – 22) ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды.

1917 жылы - Орталық атақарушы комитетке мүше болып сайланады. 1919 – 22 жылы Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды. Азамат соғысы (1918 – 20) кезінде Оңт., Батыс және Оңтүстік-Батыс майдандарының революция әскери куаттінің мүшесі болды.

Ленинмен Горкиде. 1922 жыл, Горки.

1922 жылы - Надежда Аллилуеваға үйленеді.

1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК-нің Бас хатшысы етіп сайлады. КСРО-ны құруға белсене қатысты. Алғашқы кезде “автономияландыру” (бүкіл республикалардың РКФСР-ге автономия құрастурықығында енуі) жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына топтастыруға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1-съезіне (1922 жылы желтоқсан) жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П-ның 13-съезі (1924 жылы мамыр) Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды.

Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды (қ. Кәмпескелеу). Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылықты туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістеуіне алып келді. Сталин елде қуғын-сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін “халық жаулары” ретінде қуғындауды күшейтті. “Халық жаулары” жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды (қ. ГУЛАГ). Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремльге тәуелді етті. Ол гитлерлік Германияның КСРО-ға соғыс ашу мерзімін бағалауда қателік жіберді. 2-дүниежүзүлік соғыс жылдарында КСРО Қорғаныс халкомы, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Кеңес Одағының басшысы ретінде үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының Тегеран (1943), Қырым (1945) және Потсдам (1945) конференцияларына қатысты.

Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқыны онан әрі өрістеді. Сыртқы саясат саласында Батыс елдерімен ымыраға келуден бас тартып, қырғи қабақ соғыстың басталуына ықпал етті. Оның жаппай қырып-жою қаруын жасау мақсатының нәтижесінде Семей полигоны дүниеге келді. КОКП-ның 1956 жылы өткен 20-съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты сынға алды. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет “Жеңіс” орденімен, Социалистік Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. Мәскеудегі Қызыл алаңға жерленген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • [1]
  • Такер Р., Сталин, Путь к власти, М., 1997;
  • Громов Е., Сталин, Искусство и власть, М., 2004;
  • Карпов В., Генералиссимус. Кн. 1 – 2., Калининград, 2004;
  • Жуков Ю., Сталин, Тайны власти, М., 2005;
  • Жуков Ю., Иной Сталин, М., 2005.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Joseph Stalin
Әскери қызметтері
Ізашары:
Шені орнатылған
Кеңес Одағы Генералиссимусы
1945–1953
Ізбасары:
Шені ыдыратылған
Ізашары:
Лауазымы орнатылған
(алдыңғы партия көсемі
Владимир Ленин)
КОКП ОК бас хатшысы
1922–1953
Ізбасары:
Никита Хрущёв
Ізашары:
Вячеслав Молотов
КСРО министрлер кеңесінің төрағасы
1941–1953
Ізбасары:
Георгий Маленков