Мазмұнға өту

Никита Сергеевич Хрущёв

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Никита Сергеевич Хрущев
Никита Сергеевич Хрущёв
Хрущёв Никита Сергеевич. 1963 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
КОКП ОК Бірінші хатшысы
7 қыркүйек 1953 — 14 қазан 1964
Ізашары лауазым ұйымдастырылған; Иосиф Виссарионович Сталин БК(б)П Бас хатшысы ретінде
Ізбасары Леонид Ильич Брежнев
Өмірбаяны
Партиясы КОКП (1918 жылдан бастап)
Діні атеизм
Дүниеге келуі 15 сәуір 1894 (1894-04-15)
Қайтыс болуы 11 қыркүйек 1971 (1971-09-11) (77 жас)
Мәскеу, КСРО
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Никита Сергеевич Хрущев (17 сәуір 1894(18940417)[1] — 11 қыркүйек 1971, Мәскеу) — 1953—64 жж. КОКП ОК бірінші хатшы, 1958—64 жж. КСРО Министрлер Кеңесі төрағасы, Кеңес Одағы ері, үш рет Социалистік еңбек ері.

1908 жылдан Донбастың шахталары мен зауыттарында жұмыс істеген.

Бірінші әйелі Ефросиния Писаревамен. 1916 жыл

1918 — 20 ж. Азамат соғысына қатысты, кейіннен Донбасс пен Киевте шаруашылық және партия қызметтерінде болды.

1929 — 31 ж. Мәскеуде Өнеркәсіп академиясында оқыды.

1931 жылдан Мәскеудегі партия қызметінде болып, 1935 — 1938 ж. БК(б)П Мәскеу облысы және қалалық комитеттерінің 1-хатшысы, 1938 жылдың қаңтарынан 1947 жылдың наурызына дейін Украина К(б)П ОК-нің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. Жергілікті партия ұйымының басшысы ретінде Мәскеу мен Украинада жүргізілген жаппай саяси қуғын-сүргінді ұйымдастырушылардың бірі болды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында бірсыпыра майдан Әскери кеңестерінің мүшесі ретінде әскери басшылыққа партиялық қадағалауды күшейтушілердің бірі ретінде генерал-лейтенант (1943) атағын алды.

1944 — 47 ж. УКСР ХКК-нің (1946 жылдан Мин. кеңесі) төрағасы, ал 1947 жылдың желтоқсанынан қайтадан Украина К(б)П ОК-нің 1-хатшысы, 1949 жылдың желтоқсанынан БК(б)П ОК-нің хатшысы және БК(б)П Мәскеу комитеттінің 1-хатшысы болды.

1953 ж. наурыздан КОКП ОК-нің хатшысы, қыркүйектен 1-хатшысы, сонымен бірге 1958 — 64 ж. КСРО Министр кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Хрущев билікке келісімен ішкі және сыртқы саясатта “жылымық” басталды, партиялық — мемлекеттік жүйені өзгертуге талпыныс жасалды. Осы мақсатта партиялық және мемлекеттік аппараттың айрықша құқықтарына шектеу жасап, біршама ашық қоғам орнады. Хрущев КОКП-ның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Осыдан соң іле-шала саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады.

1954 — 64 ж. аралығында КСРО-да Тың игеру жүзеге асырылды. Қудалауға ұшыраған халықтардың саяси және Әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінді.

1954 ж. алғашқы атом электр станциялары салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ елде демократияның дамытылуы шектеліп, социализм толық және түпкілікті орнады деген үстірт қорытынды (21-съезд, 1959) шығарылды, ал КОКП-ның 22-съезінде (1961) елде кемелденген социализм орнады деген қорытынды жасалды. Елде тоталитарлық режим сақталды, басқаша ойлаушылық тұншықтырылды, интеллигенцияға қарсы қуғын-сүргін, жұмысшылар демонстрацияларын күшпен басу (Новочеркасск, 1962, т.б.), басқа елдердің ішкі ісіне араласу (1956 ж. Венгрияға әскер кіргізу), т.б. келеңсіздіктерге жол берілді. Батыспен арадағы әскери қақтығыстар (Берлин, 1961, Кариб дағдарысы, 1962, т.б.), “Американы қуып жету және басып озу” сияқты саяси жалаң ұрандар, 1980 жылға дейін коммунизм орнату уәдесі, осылардың барлығы оның саясатының тиянақсыздығын көрсетті. Сонымен қатар шаруашылықты өркендетуде көптеген кемшіліктер жіберілді, партияның облысы ұйымдары салалық партия ұйымдарына ажыратылды. Саяси қайраткерлерге, әскери басшыларға сенімсіздік көрсетілді. 1957 ж. армия мен халықтың алдындағы беделінен қауіптеніп, қорғаныс министрі Г.К. Жуковты орнынан алды. Тың игеру барысында Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Ж.Шаяхметов қызметінен негізсіз босатылып, орнына П.К. Пономаренко қойылды. 1956 ж. Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандары Өзбекстанға берілді.

1958 ж. тамызда кеңестік жүйеге қарсы Теміртау жұмысшыларының көтерілісі болды. Осылардың барлығы халықтың және партия қайраткерлерінің наразылығын туғызды. 1964 ж. өткен қазан пленумында Хрущев орнынан алынып, 1-хатшылыққа Л.И. Брежнев сайланды.

Хрущев естелігі алғаш рет 1981 ж. Нью-Йоркте жарық көрді.[2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. According to official Soviet sources and his memoirs. His birth certificate gives 3/15 сәуір. Tompson, p. 2.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  3. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Никита Сергеевич Хрущёв
Ізашары:
Иосиф Сталин
КОКП ОК бірінші хатшы
1953—1964
Ізбасары:
Леонид Брежнев
Ізашары:
Николай Булганин
КСРО Министрлер Кеңесі төрағасы
1958—1964
Ізбасары:
Алексей Косыгин

Үлгі:Presidents of Ukraine Үлгі:Prime Ministers of Ukraine