Алтын Орда
Алтын Орда Ұлық Ұлыс, Жошы Ұлысы Ортағасырлық мемлекет | |||||||
| |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
Астанасы | Сарай-Бату Сарай-Берке | ||||||
Ірі қалалары | Сарай-Бату, Қазан, Астрахан және т.б. | ||||||
Тіл(дер)і | алғашқы кезен: қыпшақ тілі, моңғол тілі,
соңғы уақыт: ескітатар тілі | ||||||
Діні | тәңіршілдік, ислам тибет буддизмі | ||||||
Аумағы | шм. 6 млн км² | ||||||
Халқы | Түркілер, түркіленген моңғолдар және т.б. | ||||||
Негізін салған хан | |||||||
- 1182 — 1227 | Жошы хан | ||||||
Соңғы ханы | |||||||
- 1465 — 1481 | Ахмат хан | ||||||
Алтын Орда,[1] немесе Ұлық Ұлыс, ��ошы Ұлысы — Басында моңғол[2][3][4] — кейінірек түркіленген[5] — 1240 жылдары Русь князьдіктері жаулап алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Хулагу мемлекетінің қол астындағы Персиямен шектесіп жатты.[5]
Атауы
Моңғолия тарихы Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі — қара, шығыстың түсі — көк, оңтүстіктің түсі — қызыл, батыстың түсі — ақ, ал сары (немесе алтын) түс — орталықтың түсі.
Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі «Золотая Орда», яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.
Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.
Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталды.
Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді, себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.
Әуелгі тарихы
Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орда-Еженнің еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Алтын Орданы, Орда-Ежен Ақ Орданы билей бастады.[6][7]
1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Руське басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды.
Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату, Шайбан, Орда-Ежен, Байдар және Мөңке хан сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды.
1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Болгарияны бағындырды.[8] Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын.
Алтын Орданың шарықтау дәуірі
Ішкі құрылымы
Одақтастары мен бағыныштылары
Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) хандары
- Жошы хан (1182–1227 аралығында), Шыңғыс ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1224–1227 аралығында)
- Бату хан (1208–1255 аралығында), Жошы ханның баласы, Алтын Орда ханы (1227–1255 аралығында)
- Сартақ хан, Бату ханның баласы, Алтын Орда ханы (1255/1256)
- Ұлақшы хан, Сартақтың баласы, Алтын Орда ханы (1256–1257)
- Берке, Жошы ханның баласы, Алтын Орда ханы (1257–1266)
- Мөңгу-Темір хан, Тұғанның баласы, Алтын Орда ханы (1266–1282)
- Тұда Мөңгү хан, Алтын Орда ханы (1282–1287)
- Тұла Бұға хан, Алтын Орда ханы (1287–1291)
- Тоқта хан, Алтын Орда ханы (1291–1312)
- Өзбек хан, Алтын Орда ханы (1312–1342)
- Тыныбек хан, Алтын Орда ханы (1342)
- Жәнібек I хан, Алтын Орда ханы (1342–1357)
- Бердібек хан, Алтын Орда ханы (1357–1359)
- Кұлпа хан, Алтын Орда ханы (1359–1360)
- Наурызбек хан, Алтын Орда ханы (1360–1361)
- Қыдыр хан, Алтын Орда ханы (1361), (1360–1362)
- Темір Қожа хан, Алтын Орда ханы (1361)
- Орда-Мәлік хан, Алтын Орда ханы (1361)
- Бауыржан хан, Алтын Орда ханы (1361)
- Келдібек хан, Алтын Орда ханы (1361)
- Базаршы хан, Алтын Орда ханы (1361)
- Мұрад хан, Жошы Ұлысының ханы (1363)
- Қаир-Болат хан, Жошы Ұлысының ханы (1363)
- Абдуллаһ хан, Жошы Ұлысының ханы (1363–1364), (1367–1369)
- Болат I хан, Жошы Ұлысының ханы (1364–1365)
- Әзіз Шейх хан, Жошы Ұлысының ханы (1365–1367)
- Жанибек II, Жошы Ұлысының ханы (1367)
- Хасан хан, Жошы Ұлысының ханы (1369–1370)
- Бұлақ хан, Жошы Ұлысының ханы (1370–1372)
- Орыс хан, Жошы Ұлысының ханы (1372–1375)
- Шеркес хан, Жошы Ұлысының ханы (1375)
- Қағанбек хан, Жошы Ұлысының ханы (1375)
- Тоқтамыс хан, Жошы Ұлысының ханы (1375–1377), (1379–1395)
- Арабшах хан, Жошы Ұлысының ханы (1377–1379)
- Темір Құтлық хан, Жошы Ұлысының ханы (1395–1399)
- Шәдібек хан, Жошы Ұлысының ханы (1399–1407)
- Болат II хан, Жошы Ұлысының ханы (1409–1411)
- Темір хан, Жошы Ұлысының ханы (1411–1412)
- Жәлеләддин хан, Жошы Ұлысының ханы (1412–1413)
- Керімберды хан, Жошы Ұлысының ханы (1413)
- Кепек хан, Жошы Ұлысының ханы (1413)
- Шөкре хан, Жошы Ұлысының ханы (1413–1416)
- Жаппарберді хан, Жошы Ұлысының ханы (1416)
- Дербес хан, Жошы Ұлысының ханы (1416–1419)
- Кадырберды хан, Жошы Ұлысының ханы (1419)
- Қажы Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1419)
- Ұлы Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1419–1421), (1424–1428), (1428–1432)
- Дәулетберді хан, Жошы Ұлысының ханы (1421–1422)
- Құдайдат хан, Жошы Ұлысының ханы (1422), (1423–1424)
- Барақ хан, Жошы Ұлысының ханы (1422–1423)
- Кіші Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1428), (1432–1459)
- Махмұд хан, Жошы Ұлысының ханы (1459–1465)
- Ахмет хан, Жошы Ұлысының ханы (1465–1481)
Саяси дамуы
Бөлшектенуі
Ордаға жойқын соққыны Тоқтамыстың әскерін талқандап, астанасын қиратып, Қырым сауда қалаларын тонап, ең шебер қолөнершілерін өзінің астанасы Самарқандқа айдап әкеткен Әмір Темір берді.
15-ші ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастың әскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқаста талқандаған Едіге билікті қолға түсіріп, Ноғай ордасын құрды.
1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарға бөлшектеніп кетті: Қасым хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы, Қазақ хандығы, Өзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады.
Бұл хандықтардың ешқайсысы да Мәскеу кінəздігімен күш сынаса алмады; ақыры 1480 жылы «Угра өзенінде болған тұрудан» кейін Мәскеу бағынудан мүлдем шықты. Мәскеу княздығы түбінде сол хандықтардың әрқайсысын (1550 жылдары Қазан мен Астарханнан бастап) басып алды. Ғасырдың соңына қарай Сібір хандығы Ресейдің құрамына кіріп, оның хандарының ұрпақтары орыстың патшасының қызметіне кірді.
Қырым хандығы 1475 жылы Осман империясына бағынышты мемлекетке айналып, 1502 жылға қарай Ордадан қалғанды өздеріне бағындырып болды. 16-шы ғасырда және 17-ші ғасырдың басында Қырым татарлары оңтүстік Ресей, Украина және тіпті Польшаны жиі-жиі шауып отырды, бірақ Ресейді жеңуге немесе Мәскеуді басып алуға күштері жетпеді. Османлылардың көмегінің арқасында Қырым хандығы жалғаса беріп, тек 1783 жылғы сәуірдің 8-інде ғана ІІ-ші Екатеринаны оны тарқатып, жерін қосып алды. Алтын Орда мемлекетінің ең ұзаққа созылған мұрагер мемлекеттерінің бірі осы еді.
Тағы қараңыз
- Оба індеті
- Орыс-казактар
- Құмандар
- Моңғол империясындағы күнделікті өмір
- Еуразиялықтар
- Еуропадағы Ислам
- Алтын Орданың хандарының тізімі
- Мұсылман дүниесіндегі соғыстардың тізімі
- Моңғолдардың Русь жорығы
- Көшпенділер
- Моңғол жорықтары
- Тоқтамыс пен Ақсақ Темірдің арасындағы соғыс
Еренсілтемелер
- Алтын Ордада соғылған ақша Мұрағатталған 10 қаңтардың 2016 жылы.
Дереккөздер
- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- ↑ G. Vernadsky, M. Karpovich: "The Mongols and Russia", Yale University Press, 1953
- ↑ "Empire of the Golden Horde Мұрағатталған 5 мамырдың 2009 жылы.", The Columbia Encyclopedia, Sixth Edition, 2001-05.
- ↑ T. May, "Khanate of the Golden Horde", North Georgia College and State University.
- ↑ a b "Golden Horde", in Encyclopaedia Britannica, 2007. Дәйексөз: "сонымен бірге Қыпшақ хандығы деп аталған, Жошы ұлысының орысша атауы, 13-ші ғасырдың ортасынан 14-ші ғасырдың соңына дейін шарықтау шыңынан өткен, Моңғол империясының батыс бөлігі. Алтын Орданың халқы түркілер мен моңғолдардан тұрған, ақсүйектердің арасында жалпы алғанда моңғолдар көбірек болған. Дәл осы себепті Алтын Орда хандығының санатына қазақ халқын қосуға болады."
- ↑ Edward L. Keenan, Encyclopedia Americana article
- ↑ B.D. Grekov and A.Y. Yakubovski "The Golden Horde and its Downfall"
- ↑ Denis Sinor, "The Mongols in the West Мұрағатталған 1 қыркүйектің 2009 жылы.", Journal of Asian History v.33 n.1 (1999).
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |