Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Арабшах Мұззаффар (Араб оғлан) — Алтын Орда ханы (1377— 1380), «Ұлы дүрбелең жылдардың» өкілі. Ол Қағанбектің ұлы. Әкесі жағынан Жошы ханның бесінші ұлы Шибанның ұрпағы. Оның дүниеге келген дәлме-дәл уақытын анықтау қиыншылық тудырады. Себебі, көнеорыс және өзге деректер мемлекеттік қайраткерлердің есімін белгілі бір оқиғаларға қатысты ғана атап өтетін болған. Ол жайлы мәліметтер 1377 жылдан бастап кездеседі. Сол жыл Руське шабуыл жасаған болатын. Біріккен мәскеу-нижегород әскері ордалықтарға қарсы тұрса да, тас-талқан болып жеңілді. Бұл шайқас тарихта «Пьян қырғыны» деген атпен қалды. Қазіргі тарихшылар орыс жазбаларына сүйеніп Арабшах Мамайға қызмет еткен деп тұжырымдайды. Ал оның жорығын жазалау ретінде қабылдайды. Орыс әскерінің тас-талқан жеңілісінен соң (2 тамыз), Арабшах Нижний Новгородты тонады (5 тамыз). Сол жылы Засурьеге шабуыл жасады. Осыдан кейін оның есімі жылнамаларда кездеспейді. Нумизматикалық деректерге қарағанда Арабшах аз уақытқа Берке Сарайды басып алған. Оның соқтырған тиындары бізге жеткен. Оның билігі Берке Сарайды Тоқтамыс басып алғанға дейін соғысқан.