Мазмұнға өту

Шәдібек хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шәдібек хан
Лауазымы
Алтын Орданың 34-ші ханы
1399 — 1408
Ізашары Темірқұтылық хан
Ізбасары Болат хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 1408 (1408)
Берке Сарай

Шәдібек хан — Алтын Орданың ханы (1399–1408), Жошы ханның ұрпағы. Шәдібек хан таққа Ноғай әмірінің қолдауымен отырады. Бірақ іс жүзінде билік Едігенің қолында болады. Шәдібек ханның тұсында Алтын Ордада жағдай бірсыпыра уақыт тұрақтанады. Бірақ Алтын Ордаға билікке келе алмаған Ноғай әмірі Едіге өзі билікке қойған Шәдібек ханға күресіп, оны қашып кетуге мәжбүр етеді. Едіге 1408 жылы Темір - Құтлықтың ұлы Болатты хан етіп қойды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қ-18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 бет. ISBN 9965-26-175-X