Жер алмұрты
Жер алмұрты | ||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||||
Helianthus tuberosus Карл Линней | ||||||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||||||
|
Жер алмұрты немесе Топинамбур (лат. Helianthus tuberosus) – астралылар тұқымдасына жататын тамыр жемісті көп жылдық өсімдік. Отаны — Солтүстік Америка.
Жер алмұртыныңның сабағы, жапырағы күнбағысқа ұқсайды, бірақ жапырағының көлемі одан кішілеу, сабағы жіңішке болады. Биіктігі 1-5 м. Тамыр сабақтарынан көптеген (5 — 6, кейде 30 — 40) ақ, сары, күлгін, қызыл түйнектер дамиды. Олардың пішіні ұзынша, сопақша, домалақ болады.
Құрамында протеин, фосфор, темір, С1, В1 витаминдері бар. Түйнегі тағамға, малға жем ретінде, спирт және фруктоза алуға пайдаланылады. 100 кг тамыр түйнегі 25 — 27 азық өлшеміне тең, онда 1,5 кг сіңімді протеин бар. Жер алмұртын көктемде немесе күзде егеді. 1 га-дан 200 — 250 ц түйнек, 350 — 500 ц көк шөп алуға болады. Топинамбурда 20% инулин, 1,5—3% азотты заттар, 2—5% сахароза бар. ( Топинамбурды малға жем ретінде, 1 спирт, инулин алу үшін және қуырып тағам ретінде қолданылады.[1]
Тамыр түйнектерін топырақ астында сақтап, қажет кезде қазып алуға болады. Жер алмұрты мал азықтық дақыл ретінде Қазақстанның барлық аудандарында өсіріледі.[2]
Жер алмұртының 100 граммында 306 ккал бар. Құрамында A, B1, B2, B6, C және E дәрумендері бар. Кұрамында кремний, калий, әк, фосфор, темір және цинкпен қатар фруктоза, пектин өзегі мен аминқышқылдары бар.
Картоптың бәсекелесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үндістер жералмұртты Колумбтың Американы ашпас бұрын көп жылдар бойы өңдеген. Түйнектері аздап картоп тәрізді, бірақ кішкене өскіндері зімбірге де ұқсас. Дәмі бөрікгүл немесе алмұрт дәмдеріне ұқсайды, сондықтан оны жер алмұрты деп атап кеткен. Шикі қалпында салаттарда, пісірілген қалпында және картоп сияқты қуырылған қалпында да қолдануға болады. Францияда жералмұрт түйнектері салаттардың әдепкі құрамдасы. Германияда жералмұрт негізінде жасалған, «Жералмұрт брендиі» деп аталатын арақ та бар, өсімдік құрамындағы алкоголь түрлі алкоголь сусындарын даярлауға мүмкіндік туғызады.
Үндістердің құнарлы түйнектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ежелгі заманнан жералмұрттың жерасты түйнектері үндістер үшін тек қорек қана емес, әрі дәрі-дәрмек болған. Ең соңғы зерттеулер оның ағзадағы холестерол деңгейін төмендетіп, қан қысымын әрі ас қорыту жүйесін реттеп, иммунитетті күшейтіп, күш-қуат беретінін көрсетті. Әсіресе шажырқай безінің ауруына шалдыққан адамдарға аурудың бастапқы кезеңінде қолдануға ұсынылған. Құрамына жералмұрт кіретін диеталардың несеп айдағыш қасиеті бар, сондықтан ол бүйрек ауруына шалдыққан кезде өте пайдалы. Жералмұрт тағамдары мен дәрі- дәрмектеріне ағзадан уыттар мен ауыр металдарды шығарған кезде оны сүйейтін қорғау қасиеттері таңылады.
Солтүстік лимоны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жералмұрт тілімшесі қосылған ыстық шайда лимон қосылған шайдың ерекшеліктері бар. Сондықтан жералмұртты «Солтүстік лимоны» деп атайды.
Ас қорыту үшін
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Америкада жералмұрт құтаю өнерімен әуестенетін адамдар үшін өте маңызды. Сонымен қатар ол Америкадағы алғашқы еуропалық қоныстанушылардың да өмірлерін құтқарған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
- ↑ Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |