Мазмұнға өту

Брокколи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Брокколи орамжапырағы

Брокколи (лат. Brassica oleracea, botrytis italica) — Қырыққабатты тұқымдастардың біржылдық өсімдігі, қою жасыл түсті гүл шоғыры болып табылады. Ең алдымен Англияда, Испанияда және Италияда кездеседі. Дон Брокколи Брокколиді Жерорта теңізінің жағалауында өсіре бастады. Осы көкөністің аты өркен немесе бұтақ деген мағынаны білдіретін «брокко» итальян сөзінен шыққан. Брокколиді ежелгі замандарда да өсірген, бірақ Еуропада ол XVI ғасырда ғана әйгілі болды. Кейінірек итальян қоныс аударушылары брокколиді Америкаға алып келді. Және дәл сол жақтан бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін брокколиге деген сән қайта оралды.

Брокколидің 100 г – 25 ккал.

Брокколидің құрамында жасұнық, калий, фосфор, кальций, магний, темір, мырыш, марганец, күкірт, С, В1, В2, В5, В6, РР, Е, К дәрумендері, А дәрумен негізі бар.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Брокколиді асқа тұрақты қолдану — күйзелістен ең жақсы қорғаныс.

Дәруменді қуат брокколидің құрамында дәрумендер мен минералды заттардың, атап айтқанда калийдің, фолий қышқылының, темірдің, бета-каротиннің және күкірт қосындаларының өте көп мөлшері бар. Брокколи - қарапайым көкөніс емес, бұл нағыз дәруменді-минералды қуат. Брокколи біздің төзімділік жүйемізді жұмылдырады, қаназдықтың, індеттердің, бауыр ауруларының, ісіктердің алдын алады. Ол аз болғандай, брокколиді қолдану қартаю үдерісін де бәсеңдетеді.

Кеудені құтқару брокколидің құрамында сүт безі ісігінің дамуын бәсеңдетуге мүмкіндік беретін қосылыс-сульфорафан бар. Сульфорафан қатерлі ісік жасушаларының бөлінуін тоқтатады және аурудың әрі қарай дамуына кедергі жасайды.

Брокколидің құрамындағы С дәруменінің мөлшері лимон құрамындағы мөлшермен бірдей.