Мазмұнға өту

Вануату

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар: 16°38′00″ о. е. 168°01′00″ ш. б. / 16.63333° о. е. 168.01667° ш. б. / -16.63333; 168.01667 (G) (O) (Я)
Вануату Республикасы
би. -{Ripablik blong Vanuatu}-
фр. République du Vanuatu
ағылш. Republic of Vanuatu
Герб
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Long God Yumi Stanap»
Әнұран: «Yumi, Yumi, Yumi»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 30 шілде 1980 жыл (Франция және Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері ағылшын, француз тілі және бислама
Елорда Порт-Вила
Ірі қалалары Порт-Вила, Люганвиль
Үкімет түрі Парламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Таллис Мозес
Шарлот Салвай
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 157-ші орын
12 189 км²
Жұрты
• Сарап (2016)
Тығыздығы

272 459[1] адам
19,7 адам/км² (188-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

820 млн.[2] $ (178-ші)
2,850[2] $ (155-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

957 млн.[2] $ (175-ші)
3,327[2] $ (124-ші)
АДИ (2015) 0,597[3] (орташа) (134-ші)
Валютасы Вату (VUV)
Қосымша мәліметтер
ISO коды VU
ХОК коды VAN
Телефон коды +678
Уақыт белдеулері UTC+11:00 және Pacific/Efate

Вануату, ресми атауы — Вануату Республикасы (би. -{Ripablik blong Vanuatu}-, фр. République du Vanuatu, ағылш. Republic of Vanuatu) — Тынық мұхиттың оңт.-батыс бөлігіндегі аралдарда орналақан мемлекет.

Қысқаша мәлімет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жер аумағы 12,2 мың км². Астанасы — Порт-Вила. Халқы 177,5 мың (1997). Негізінен, меланезиялықтар. Ресми тілдері: бислама (пинджин), ағылшын және француз тілдері. Халқының көпшілігі — христиандар. 1980 жылғы конституция бойынша елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — Ұлттық Ассамблея. Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні (30 шілде 1980 ж.). В. — жанартаулардың атқылауы нәтижесінде пайда болған аралдарда орналасқан ел.

Климаты ылғалды-тропикалық. Қысы-жазы орташа температура 20 — 27°С. Жауын-шашынның орташа мөлш. 1000 мм. Аралдарда тропикалық ормандар өскен.

Бұл аралдарды алғаш 17 ғ-дың бас кезінде португалдықтар ашқан. Кейіннен ағылшын теңізшісі Д. Кук зерттеп, оларға Жаңа Гебридтер деген ат береді.

1906 жылдан бастап аралдарды Ұлыбритания мен Франция бірігіп басқарды.

1980 жылы 30 шілдеде Британия достастығына кіретін тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

Соңғы жылдары туризм тез дамып келеді. Жыл сайын 26 мыңнан астам туристер келіп қайтады.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жан басына шаққанда ұлттық табыстың орташа мөлш. 826 АҚШ доллары. Тегін білім беру жүйесі бар. Білім саласына ұлттық бюджеттің 40%-тен астамы жұмсалады (1998). В. блоктарға қосылмау қозғалысына, БҰҰ-ға мүше. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Франция, Жапония, Нидерланд.[4]Халқының 80%-і ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Өнеркәсібі нашар дамыған.

1988 жылы Молекула және Экспириту-Санто аралдарында алмаз, алтын және күміс өндіріле бастады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 2016 Post-TC Pam Mini-Census Report. Government of Vanuatu (21 July 2017). Тексерілді, 29 желтоқсан 2017.
  2. a b c d World Economic Outlook Database, October 2018. International Monetary Fund.
  3. 2015 Human Development Report. United Nations Development Programme (2015). Тексерілді, 15 желтоқсан 2015.
  4. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том