Мазмұнға өту

Барақ хан (Алтын Орда)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Барақ хан
ﺒﻪﺭﻪﻙ ﺣﺎن
Лауазымы
Алтын Орданың ханы
1423 — 1426
Ізашары Ұлық Мұхаммед хан
Ізбасары Кіші Мұхаммед Хан
Алтын Орданың ханы
1427 — 1428
Ізашары Ұлық Мұхаммед хан
Ізбасары Кіші Мұхаммед Хан
Ақ Орданың 14- ханы
1395 — 1428
Ізашары Құйыршық хан
Ізбасары мемлекет құлады
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 1428 (1428)
Сығанақ
Династия Ордаежендіктер
Әкесі Құйыршық хан
Балалары Жәнібек хан

Барақ хан [1] (туған жылы белгісіз – 1428 жылы қайтыс болған) Ұрыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді.[2]

Туған жылы туралы дерек жоқ, 1428 жылы қайтыс болған. 1423–1428 жылдары Ақ Орданың ханы болды. Құйыршық ханның ұлы, Орыс ханның немересі. Барақ өз тұсында ең беделді хандардың бірі болған. Сығанақ қаласын салуды басқаруға қатысты. Алтын Орданың күйреуі кезеңінде, төре тұқымдарының таққа тартысы кезінде, Ақ Орда бірқатар ұлыстарды иеленғен болатын. Тақ мұрагерлерінің бірі Барақ хан еді. Баласы Жәнібек хан мен інісі Керей хан 1456 жылы Ақ Ордада әкесінің әулетін жаңғыртты.

Билік жылдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1416 жылы Дешті-Қыпшақтың билеушілері мен Темірдің немересі Ұлықбектің арасында Сырдарияның төменгі ағысындағы жерлер үшін күрес басталды. Бұл күрес бүтіндей жүз жылға созылды. Ұлықбектің соғысқа араласуына Барақ ханның одан көмек сұрауы себеп болды. Бұл 1419 жылы мамыр айында Самарқандта болған еді. Ұлықбек Барақ ханға қонақжайлылық көрсетіп, оған көмектесуге бел байлады. Барақ хан өз қарсыластарын жеңіп, билігін бірте-бірте нығайта берді. 1422 жылы өзінің ең негізгі қарсыласы — Мухаммед ханның Ордасын бағындырғаннан кейін, Барақ хан Дешті-Қыпшақ аумағының үлкен бөлігін жаулап алды. Оның аумағы Сырдарияның төменгі ағысынан Арал теңізіне дейінгі аралықта, солтүстікте Жайық өзенінен Тобыл өзеніне дейін, солтүстік-шығыста Ертіс өзеніне дейін созылып жатты. 1423 жылы хандық билікке қол жеткізген Барақ хан Мәуереннахрға қарсы бағытталған саясатты жүргізе бастады. 1425 жылы Ұлықбек мемлекеті мен Сығанақ арасындағы шекараға ішкерілей жақындаған Барақ хан бұрын атасы Орыс ханның қол астында болған, одан Темір жаулап алған Сырдария өзенінің бойындағы Ақ Орданың ежелгі жерлерін қайтаруды талап етті. 1427 жылдың басында Сығанақ түбінде Ұлықбек пен Барақ хан әскерлері арасында кескілескен ұрыс болды. Жеңіліске ұшыраған Ұлықбек әскерлері Самарқан қаласына дейін ығыстырылды. Тек 1427 жылдың мамыр айында соғысқа Шахрух бастаған Ғират әскерінің араласуымен Барақ хан Дешті-Қыпшаққа кері оралуға мәжбүр болды. Сығанақ қайтадан Орыс хан тұқымдарының ордасына айналды. 1428 жылы Моңғолстан сұлтаны Махмуд оғланға қарсы шайқаста Барақ хан қаза болды. Сол 1428 жылы Дешті-Қыпшақты Әбілқайыр хан (14281468) жаулап алған еді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тарихи тұлғалар. Танымдық — көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. — Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
  2. Айбын. Энциклопедия. // Бас ред. Б.Ө.Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. — 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]