Мазмұнға өту

Ақтау теңіз сауда айлағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
«Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ
Түрі

Акционерлік қоғам

Құрылды

1963 жыл

Орналасуы

 Қазақстан, Ақтау

Басты адамдары

Абай Түрікпенбаев (басқарма төрағасы)

Айналым

5,7 млрд тг. (2015)[1]

Операциялық кірісі

-1,2 млрд тг. (2015)[1]

Таза табыс

-1,2 млрд тг. (2015)[1]

Қызметкерлер саны

679 адам (2015)[1]

Басшы компания

«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (100 %)[1]

Еншілес компания

Баутин жүк ауданы

Сайты

www.portaktau.kz

Ақтау теңіз сауда айлағы, Ақтау порты — Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағасындағы халықаралық жүк тасымалы жүйесінде аса маңызды орын алатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын.

Бүгінгі таңда порт DP World компаниясының серіктесі, Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) қатысушысы, Теңіз порттары мен айлақтардың халықаралық қауымдастығы (ТПАХҚ) мүшесі, “Қазақстан темір жолы” компаниясының тобының мүшесі.

Орналасуы және негізгі бағыттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Азия және Еуропаның көптеген елдерінің су мен құрлық, темір жол, әуе жолдарының тоғысар торабында орналасқан. Ақтау қаласындағы бұл айлақтан кемелер Каспий теңізі арқылы Астраханға, одан Еділ-Дон каналы арқылы Қара теңізге, одан әрі Жерорта теңізіне, мұхиттарға шыға алады. Ақтау айлағынан шығатын теңіз жолдарының екеуі Иранның солтүстік айлақтарына, біреуі Бакуға жүк жеткізеді. Ақтауға келіп түскен жүк темір жол, автомобиль жолдары арқылы өз елімізге, Сібірге, Шығыс елдеріне тарайды. Қазақстан шетелдерге шикізат, әсіресе мұнай өнімдерін жөнелтсе, республикаға шеттен сан алуан жабдықтар мен тауарлар тасылады.

Көрсеткіштері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1996 ж. Ақтау айлағы 275 мың т құрғақ жүк, 100 мың т шикі мұнай жөнелтті. Қазір 1998 жылына 300 мың т құрғақ жүк, 1,2 мың т шикі мұнай тасылды. Ал оның толық қуаты 700 мың т құрғақ жүк, 6 млн т шикі мұнай. Айлақты жүк өңдеудің озық технол-сымен толық қамтамасыз етудің, кемелердің айлақтағы еркін қозғалысына жағдай жасаудың, жағаға автомобиль, темір жол желілерін тартудың кең тынысты, келелі шаралары жасалған.

Ақтау портының тарихы Маңғышлақтағы уран өнеркәсібі мен мұнай кенорындарының өнімін тасымалдау қажеттілігі туындаған 1963 жылдан басталады. Порт құрылысы басты және қосымша толқын тосқыларын және төрт құрғақ жүк айлағын салудан басталды.

1969-1986 жылдары төрт мұнай құю айлағы мен паром кешені салынды. Ақтау порты арқылы өтетін тасымалдардың басым көпшілігін мұнай тасымалы құрады – 80 жылдардың басында жылына 7 млн тоннаға дейін жетсе, құрғақ жүктердің тасымалы жылына небәрі 300 мың тоннадан аспады.

КСРО ыдырағаннан кейін Ақтау теңіз порты Каспий бассейніндегі мемлекеттерді өзара байланыстыратын маңызды көлік торабына айналып, тәуелсіз Қазақстанның халық-шаруашылық кешенін дамытуда стратегиялық маңызға ие болды.

1999 жылы Ақтау теңіз порты толық қайта құрастырудан өтті, бұл уақыт порт тарихында шешуші кезеңге айналды. Ақтау портын қайта құрастыруды аяқтау ��алтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев қатысты.

Бүгінде Ақтау халықаралық теңіз сауда порты – шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері қарай жылына 12 ай және тәулігіне 24 сағат жүк тасымалын қамтамасыз ететін заманауи көп мақсатты терминал. Оның бірнеше көліктік дәліздің қиылысында орналасуы мемлекеттің дауында стратегиялық маңызға ие. Порт қуаттылығын арттыру Қазақстанның әлемдік стратегиялық бағдарламалар шеңберінде халықаралық жүк айналымына қызмет көрсету процесінің белсенді қатысушысы болуына мүмкіндік береді.

2015 жыл жүктерді Азиядан Еуропаға және Таяу Шығыс елдеріне кедергісіз транзиттік тасымалдауға мүмкіндік беретін мультимодальды көліктік дәлізді құру бойынша жаһандық мемлекеттік жобаның бастауы болды[2].

Суреттемесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Навигациясы:жыл бойғы, қыс мезгілінде қатпайды
  • Жұмыс кестесі:тәулігіне 24 сағат
  • Айлақтар саны - 11
  • Бір мезгілде өңделетін кемелер саны - 9
  • Ашық алаңшалар аумағы - 79700 м2
  • Жабық транзиттік қойма аумағы - 2000 м2
  • Жүк номенклатурасы:мұнай, металл, астық және теміржол паромдарымен тасымалданатын жүктер
  • Жүктерді ауыстырып тиеу бойынша қуаттылығы - 17, 7 млн. тонн.

Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында бірнеше халықаралық көлік дәлізінің қиылысында орналасқан және түрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d e Аудиторский отчет за 2015 год
  2. [1] Мұрағатталған 8 тамыздың 2019 жылы.