Мазмұнға өту

Баутин жүк ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
«Баутин» жүк ауданы
Құрылды

1887

Орналасуы

 Қазақстан Баутин

Басты адамдары

Мырзабек Жанапиұлы Сақтағанов (БЖА бастығы)

Басшы компания

«„Ақтау теңіз сауда айлағы“ ҰК» АҚ (100 %)

Сайты

Баутин жүк ауданы

Баутин теңіз сауда порты, Баутин жүк ауданыТүпқараған түбегінің жағасындағы Баутин кентінде орналасқан. Аудан орталығы Форт-Шевченко қ-нан солт-ке қарай 4 км жерде.

Баутин порты жайлы алғашқы деректер Грузия республикасы мемлекеттік мұражайларында кездеседі. Закаспий облысының бастығы генерал-адъютант Шереметьевтің қолы қойылған ғ2457 3 қазан 1887 ж. жазылған хатында Түпқараған кіші кемелер айлағы құрылысын салуға рұқсат етілген. Осы мерзім Баутин теңіз сауда портының негізі қаланған күн болып саналады. Жоба бойынша қоршалған кемелер тоқтайтын Түпқараған жері мен «Форт-Александровск теңіз агенттігі» құрылды.

1939 жылдан бастап «Форт-Александровск теңіз агенттігі» «Форт-Шевченко теңіз агенттігі» болып өзгертілді.

193955 ж. агенттік Махачкала порты басқармасы құрамында болды.

195558 ж. Форт-Шевченко Астрахан теңіз сауда портының Баутин порт бөліміне айналды.

1958 жылдан порт Гурьев (қазіргі Атырау) теңіз сауда порты құрамына берілді. КСРО Теңіз флоты министірлігінің бұйрығымен 1960 ж. Баутин порты 3 разрядты теңіз портына айналды.

1997 жылдан Ақтау халықаралық теңіз сауда порты респ. мемлекеттік кәсіпорынның аудандық жүк тасымалдау бөлімшесі саналады.

Негізгі міндеттері мен жүк айналымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Баутин теңіз сауда портының негізгі міндеттері: порттың барлық сауда айналымының 70%-ын құрайтын минералдық құрылыс материалдарын, ұлутас пен қиыршықтастарды жүктеу болып табылады. Жүк айналымының қалған бөлігі машиналарға, өнеркәсіптік жабдықтарға, ағаш материалдары, т.б. х. ш. жүктеріне келеді.[1]

Суреттемесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Навигациясы – жыл бойғы;
  • Жұмыс кестесі – тәулігіне 24 сағат;
  • Айлақ саны – 1;
  • Айлақ қабырғасының ұзындығы – 150 м;
  • Айлақ тұсының тереңдігі – 5,5 метр;
  • Жүк тиеу-түсіру техникасы – жүк көтерімділігі 32 және 5 тонналық 2 порталды кран;
  • Жүк номенклатурасы: өнеркәсіп жабдықтары, құрылыс материалдары, ұлутасты блоктар, құрылыс және отын ағаштары, азық-түлік, малға қоспажем, контейнерлік жүктер, металлолом және басқалар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;