Мазмұнға өту

Алтын Орда

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
00:04, 2024 ж. желтоқсанның 27 кезіндегі Kasymov (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Әбдіқадыр Асхат (т) өңдемелерінен 1nter pares соңғы нұсқасына қайтарды)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Алтын Орда
Ұлық Ұлыс, Жошы Ұлысы

Ортағасырлық мемлекет
1242 — 1502



 

 

 

 

 

Каталондық атлас бойынша ту (шамамен 1375 жылы шығарылған, басқа деректер бойынша ту сары түсті болған)
Астанасы Сарай-Бату
Сарай-Берке
Ірі қалалары Сарай-Бату, Қазан, Астрахан және т.б.
Тіл(дер)і алғашқы кезен: қыпшақ тілі, моңғол тілі,

соңғы уақыт: ескітатар тілі

Діні тәңіршілдік, ислам тибет буддизмі
Аумағы шм. 6 млн км²
Халқы Түркілер, түркіленген моңғолдар және т.б.
Негізін салған хан
 - 11821227 Жошы хан
Соңғы ханы
 - 14651481 Ахмат хан

Алтын Орда,[1] немесе Ұлық Ұлыс, Жошы Ұлысы — Басында моңғол[2][3][4] — кейінірек түркіленген[5]1240 жылдары Русь князьдіктері жаулап алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Хулагу мемлекетінің қол астындағы Персиямен шектесіп жатты.[5]

Бату хан, ортағасырлық қытай суреті

Атауы

Моңғолия тарихы Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі — қара, шығыстың түсі — көк, оңтүстіктің түсі — қызыл, батыстың түсі — ақ, ал сары (немесе алтын) түс — орталықтың түсі.

Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі «Золотая Орда», яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.

Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.

Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталды.

Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді, себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.

Әуелгі тарихы

Толық мақаласы: Алтын Орда тарихы

Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орда-Еженнің еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Алтын Орданы, Орда-Ежен Ақ Орданы билей бастады.[6][7]

Моңғол әскерлерінің Суздаль қаласын қолға түсіруі. Ортағасырлық орыс жылнамасындағы сурет.

1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Руське басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды.

Алтын Орда ескерткіштері(керамика)

Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату, Шайбан, Орда-Ежен, Байдар және Мөңке хан сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды.

1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Болгарияны бағындырды.[8] Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын.

Алтын Орданың шарықтау дәуірі

Ішкі құрылымы

Одақтастары мен бағыныштылары

Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) хандары

Саяси дамуы

Митрополит Алексийдің Жәнібектің әйелін соқырлықтан сауықтыруы.

Бөлшектенуі

Тоқтамыстың 1382 жылғы Ресейге жорығы.
Алтын Орданың 1389 жылы шамас��ндағы иеліктері. Қоңыр түсті сызықтар қазіргі саяси шекараларды білдіреді. Тәуелді мемлекет — Мәскеу княздығы ақшыл-сарғыш түске боялған.

Ордаға жойқын соққыны Тоқтамыстың әскерін талқандап, астанасын қиратып, Қырым сауда қалаларын тонап, ең шебер қолөнершілерін өзінің астанасы Самарқандқа айдап әкеткен Әмір Темір берді.

15-ші ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастың әскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқаста талқандаған Едіге билікті қолға түсіріп, Ноғай ордасын құрды.

1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарға бөлшектеніп кетті: Қасым хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы, Қазақ хандығы, Өзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады.

Бұл хандықтардың ешқайсысы да Мәскеу кінəздігімен күш сынаса алмады; ақыры 1480 жылы «Угра өзенінде болған тұрудан» кейін Мәскеу бағынудан мүлдем шықты. Мәскеу княздығы түбінде сол хандықтардың әрқайсысын (1550 жылдары Қазан мен Астарханнан бастап) басып алды. Ғасырдың соңына қарай Сібір хандығы Ресейдің құрамына кіріп, оның хандарының ұрпақтары орыстың патшасының қызметіне кірді.

Қырым хандығы 1475 жылы Осман империясына бағынышты мемлекетке айналып, 1502 жылға қарай Ордадан қалғанды өздеріне бағындырып болды. 16-шы ғасырда және 17-ші ғасырдың басында Қырым татарлары оңтүстік Ресей, Украина және тіпті Польшаны жиі-жиі шауып отырды, бірақ Ресейді жеңуге немесе Мәскеуді басып алуға күштері жетпеді. Османлылардың көмегінің арқасында Қырым хандығы жалғаса беріп, тек 1783 жылғы сәуірдің 8-інде ғана ІІ-ші Екатеринаны оны тарқатып, жерін қосып алды. Алтын Орда мемлекетінің ең ұзаққа созылған мұрагер мемлекеттерінің бірі осы еді.

Тағы қараңыз

Еренсілтемелер

Дереккөздер

  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  2. G. Vernadsky, M. Karpovich: "The Mongols and Russia", Yale University Press, 1953
  3. "Empire of the Golden Horde Мұрағатталған 5 мамырдың 2009 жылы.", The Columbia Encyclopedia, Sixth Edition, 2001-05.
  4. T. May, "Khanate of the Golden Horde", North Georgia College and State University.
  5. a b "Golden Horde", in Encyclopaedia Britannica, 2007. Дәйексөз: "сонымен бірге Қыпшақ хандығы деп аталған, Жошы ұлысының орысша атауы, 13-ші ғасырдың ортасынан 14-ші ғасырдың соңына дейін шарықтау шыңынан өткен, Моңғол империясының батыс бөлігі. Алтын Орданың халқы түркілер мен моңғолдардан тұрған, ақсүйектердің арасында жалпы алғанда моңғолдар көбірек болған. Дәл осы себепті Алтын Орда хандығының санатына қазақ халқын қосуға болады."
  6. Edward L. Keenan, Encyclopedia Americana article
  7. B.D. Grekov and A.Y. Yakubovski "The Golden Horde and its Downfall"
  8. Denis Sinor, "The Mongols in the West Мұрағатталған 1 қыркүйектің 2009 жылы.", Journal of Asian History v.33 n.1 (1999).

Үлгі:Mongol Empire