Қызыл (қала)
Қызыл (тыв. Кызыл, орыс. Кызыл) — Ресей Федерациясының құрамындағы Тываның елордасы. Ресей Федерациясының ең ірі экономикалық, саяси, ғылыми және мәдени орталықтарының бірі.
Ресей құрамындағы Тываның елордасы | |||||
Қызыл | |||||
тыв. Кызыл орыс. Кызыл | |||||
«Азия Орталығы» ескерткіші | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Федерация субъектiсі | |||||
Қалалық округі | |||||
Басшысы |
Кәрім Байлақ-оолович Сағаан-оол | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары | |||||
Құрылған уақыты | |||||
Алғашқы дерек | |||||
Бұрынғы атаулары | |||||
Жер аумағы |
97,41 км² | ||||
Орталығының биiктігі |
630 м | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
▲ 120 067 адам (2021) адам | ||||
Ұлттық құрамы | |||||
Конфессиялар | |||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+7 +7 39422 | ||||
Пошта индекстері |
667001-667011 | ||||
Басқалары | |||||
ОКАТО коды |
93401 | ||||
ОКТМО коды |
93701000001 | ||||
mkyzyl.ru (орыс.) | |||||
Қызыл шекарасы
|
Этимологиясы
өңдеу1914 жылы Белоцарск атымен құрылды. Бұл атау шығыс халықтарына сай болды, өйткені кезінде моңғол мен түркі халықтары орыс патшаларын "ақ қаған", "ақ царь" (орыс. Белый Царь) деп атайтын. Революциядан кейін (1917 жылдың Ақпан мен Қазан төңкерістері) 1918 жылы Хем-Белдир (Хем-Белдір) деп аты ауысты. Бұл топоним қаланың географиясымен байланысты: тыва тілінде «хем» — «өзен» және «белдир» — «қосылу жері», бұл ірі Бий-Хем өзені мен кіші Каа-Хем өзендерінің қосылуын білдіреді. Қазақ тілінде олар Малый Енисей мен Большой Енисей деп аталады, және олардың "қосылуынан" Енисей өзені пайда болады.
1926 жылы Тыва Халық Республикасы КСРО-мен бірлік келісімін жасайды да, елорданың аты "Қызыл"ға ауысады.
Географиясы
өңдеуОрналасуы
өңдеуҚала Тыва қазаншұңқырында, Кіші Енисей мен Үлкен Енисей маңайында орналасқан. Қаланың сол жағалауында, Минусинск станциясынан 390 км қашықтықта Енисей қосылу жері бар. Қызыл Азияның географиялық орталығында орналасқан.
Уақыт белдеуі
өңдеуҚызыл қаласының уақыт белдеуі халықаралық нұсқада UTC+7:00 болып келеді. Қаланың орташа тапа-талтүсі 12:42-де болады.
Климаты
өңдеуҚаланың климаты қоңыржай. Климатқа қаланың қазаншұңқырда орналасуы үлкен әсер етеді. Сібір антициклонының әсерінен температуралық инверсия байқалады, қысының (қараша-наурыз) қары аз (10—20 см) және желі жоқ.
Қаңтардағы орташа температурасы — -28,6°С (аязда -53°С-ке дейін жетеді). Көктемі қысқа. Сәуірдің өзінде де түнде температурасы -20°С-ға дейін де жете алады. Наурыз айында ауа-райы жылдам ыстықтап кетеді. Жаздары ыстық және құрғақ, кейде құрғақшылықтар да болады.
Қызылдың ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | Жыл |
Абсолюттық максимум, °C | −5,8 | 1,6 | 19,6 | 30,6 | 35,6 | 39,1 | 40,7 | 39,9 | 33,2 | 24,5 | 13,0 | −1,8 | 40,7 |
Орташа максимум, °C | −23,7 | −15,9 | −2 | 13,6 | 20,8 | 26,9 | 28,4 | 25,4 | 18,3 | 8,5 | −6,7 | −20,2 | |
Орташа температура, °C | −28,7 | −23,1 | −9,2 | 5,7 | 12,7 | 19,0 | 21,1 | 17,9 | 10,6 | 1,4 | −11,7 | −24,4 | −0,7 |
Орташа минимум, °C | −32,9 | −28,9 | −15,4 | −1,1 | 5,0 | 11,8 | 14,7 | 11,7 | 4,4 | −4,1 | −15,9 | −28,3 | −6,6 |
Абсолюттық минимум, °C | −52,6 | −54 | −45,2 | −27,3 | −10,7 | −1,8 | 2,8 | −0,7 | −10,1 | −20,5 | −46,1 | −52,6 | −54 |
Жауын-шашын нормасы, мм | 9 | 5 | 4 | 8 | 13 | 33 | 56 | 48 | 27 | 8 | 12 | 13 | 236 |
Тарихы
өңдеуГоды | Названия | Принадлежность |
---|---|---|
1914—1917 | Белоцарск | Урянхай өлкесі (Ресей империясының протектораты) |
1921—1944 | Хем-Белдыр, Кызыл |
Тыва Халық Республикасы (жартылай мойындалған мемлекет) |
1944—1991 | Кызыл | Тыва, КСРО |
с 1991 | Кызыл | Тыва, Ресей |
Урянхай өлкесі құрылғасын, орыстар сол аймаққа қоныс аударады. 1914 жылы "Белоцарск" атымен аталып кеткен елді-мекеннің негізі қалынады.
1918 жылы анти-монархиялық төңкеріске байланысты оның аты "Хем-Белдыр" деп өзгереді, және 1926 жылы қайта өзгеріп, аты "Қызыл" болады.
1944 жылдан бастап РКФСР құрамындағы Тыва Автономиялы Облысының, және 1961 жылдан бастап Тыва АКСР-ның мен 1991 жылдан бастап Тываның елордасы.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Kyzyl |