Тыва

Ресей Федерациясын құратын республикалар

Координаттар: 51°47′ с. е. 94°45′ ш. б. / 51.783° с. е. 94.750° ш. б. / 51.783; 94.750 (G) (O) (Я)

Тыва Республикасы (тыв. Тыва Республика; орыс. Республика Тыва) — Ресей федерациясының құрамындағы субъект, Тываның конституциясы (ата заңы) бойынша — Ресей Федерациясымен біріктірілген демократикалық-құқықтық мемлекет, Шығыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқан.

Ресей Федерациясының субъектісі

Тыва (Тыуа) Республикасы
тыв. Тыва Республика
орыс. Республика Тыва

Тыва туы Тыва елтаңбасы

тыв. Тыва Республика орыс. Республика Тыва Ресей картасында

Елордасы

Қызыл

Жер аумағы

21-ші

Барлығы
% су беті

168 604 км²
0,5

Жұрты

77-ші

Барлығы
Тығыздығы

310 460 (2013)

1.84 адам/км²

ЖАӨ

80-ші

Барлығы, ағым. баға
Жан басына шаққанда

30,6 млрд руб. (2010)

78,0 мың руб.

Федералды округ

Сібір

Экономикалық аудан

Шығыс Сібір

Мемлекеттік тілі

тываша, орысша

Үкімет басшысы

Шолбан Кара-оол

Тыва Республикасының
Жоғарғы Хуралының төрағасы

Кан-оол Даваа

РФ субъектісінің коды

17

ISO 3166-2 бойынша коды

RU-TY

Уақыт белдеуі

MSK+4 (UTC+8)

Жер аумағы 170,5 мың км². 17 ауданнан, 2 қаладан тұрады. Халқы 310 мың адам (2003). Негізгі халық тывалар 198,4 мың (64,3%), оған қоса орыстар 98,8 мың (32%), хақастар, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы – Қызыл қаласы. 2001 ж. 6 мамырда қабылданған конституциясы бойынша Тыва федеративті шарт негізінде өзін-өзі басқаратын субъект. Республиканы халық сайлауы негізінде билікке келетін үкімет төрағасы басқарады. Жоғары заң шығарушы орган – 2 палаталы Жоғарғы Хурал. Жергілікті басқару мекемелері Ресей Федерациясы конституциясы негізінде құрылған. Іс қағаздары тыва және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Тыва шығыста және оңтүстікте Моңғолиямен, солтүстікте Красноярск өлкесімен, солтүстік-батыста Хақасиямен, солтүстік-шығыста Бурятиямен және Иркутск облысымен, батысында Алтай Республикасымен шектеседі.

Көлемі — 168,6 мың наршы шақырым (км²), Ресей құрамындағы жер көлемі бойынша 24-ші субъект .
Халық саны — 308,5 мың адам (2006), халық тығыздығы — 1,8 адам/1 км² (2006). Қаладағы халықтың саны: 51,5% (2006).
Халқының ұлттар бойынша құрылымы:

Ата заң — Тыва Республикасының конституциясы

Географиясы

өңдеу

Республика аумағы Сібір мен Орта Азия ландшафттарының қиылысқан жерінде орналасқан. Жерінің 82%-ын тау массивтері (Батыс Саян таулары) алып жатыр. Елдің батыс және орта бөлігінде Тыва қазаншұңқыры орналасқан. Жері пайдалы қазбаларға бай: түсті және сирек металдар, тас көмір, темір кентасы, алтын, сынап, т.б. Климаты қатаң континенттік. Қысы суық, ұзақ температура – 50 °C-қа дейін жетеді. Жазы қысқа, ыстық, 40 °C-қа дейін болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері қазаншұңқырда 150 – 400 мм, таулы аудандарда 400 – 600 мм-ден 800 – 1000 мм-ге дейін. Республикада 430-ға жуық көл мен 12 мыңнан астам ұсақ өзен бар. өзендерінің барлығы дерлік Енисейге құяды.

Табиғаты

өңдеу

Елдің ойпатты аймақтарында негізінен дала өсімдіктері өссе, шығыс жағындағы тау аңғарлары – қарағайлы орман болып келеді. Жерінің 64%-ын орман алқаптары алып жатыр. Аумағын жан-жануарлар мен құстардың көптеген түрлері (бұлғын, бұғы, марал, аю, т.б.) мекендейді. Оларды сақтап қалу үшін 2 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған.

Тарихы

өңдеу

Тыва жерін адам баласы ежелгі тас ғасырынан мекендей бастаған. Б.з.б. 7 – 3 ғасырларда мал шаруашылығы мен метал өңдеу қалыптасты. Б.з.б. 2 – б.з. 1 ғасырлар аралығында бұл өлке жауынгер ғұн тайпаларының иелігінде болды. 6 – 8 ғасырларда Түрік қағандығының құрамында болса, кейін ұйғырлар, 9 ғасырдың 2-жартысынан қырғыздар үстемдік құрды. 1207 жылдан Шыңғыс ханға бағынып, 13 – 14 ғасырларда Юань әулетінің құрамына кірді. 16 – 17 ғ-ларда моңғолдардың Алтын хан мемлекетіне тәуелді болды. 16 ғасырдан елге будда діні тарай бастады. 17 ғасырдың аяқ кезінен бастап жоңғарларға бағынып, 1757 – 58 ж. жоңғар мемлекеті жойылғаннан кейін 1912 жылға дейін Цинь империясының құрамына кірді. 1914 жылдан Ұранқай өлкесі деген атпен Ресейдің протектараты болып жарияланып, ел аумағында Транссібір темір жол магистралі салына бастады. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін 1918 – 21 ж. елде Азамат соғысы қызу жүрді. 1920 ж. 14 тамызда Тану – Тува Халық Республикасы құрылды (1926 жылдан Тува Халық Республикасы деп аталды). 1944 ж. 17 тамызда ТХР Кіші хуралының төтенше сессиясы КСРО-ның құрамына кіруге өтініш білдіріп, сол жылы 13 қазанда Тыва РКФСР құрамына автономиялық облыс ретінде кірді. 1961 ж. 10 қазанда ол РКФСР құрамындағы Тува АКСР-і болып қайта құрылды. 1990 ж. Ресей Федерациясы құрамындағы Тыва (Тува) Республикасы болып жарияланды.

Экономикасы

өңдеу

Ел экономикасы негізінен ауыл шаруашылығы мен шикізат шығарудан тұрады. Ауыл шаруашылығына жер аумағының 23%-ы ғана жарамды. Басты сала – мал шаруа, оның ішінде қой мен ірі қара өсіру. Егін шаруа біршама дамыған. Аң шаруашылығы (бұлғын, ондатр, тиіндер, т.б.) жақсы дамыған, тау-кен өнеркәсібі жоғары деңгейде: деңгейде: түсті металдар, тас көмір, алтын өндіріледі. Жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын шығару да жақсы жолға қойылған.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Tuva

Сілтемелер

өңдеу

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

өңдеу